Об утверждении формы требования органов государственных доходов о подтверждении сведений о расходах на образование, произведенных физическим лицом на территории Республики Казахстан, и Правил ее составления
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении формы требования органов государственных доходов о подтверждении сведений о расходах на образование, произведенных физическим лицом на территории Республики Казахстан, и Правил ее составления
- Атауы (қаз.)
- Қазақстан Республикасының аумағында білім беруге жеке тұлға жұмсаған шығыстар туралы мәліметтерді растау туралы мемлекеттік кірістер органдары талаптарының нысанын және оны толтыру қағидаларын бекіту туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 388
- Қабылданған күні
- 22.07.2016
- Көрсетілген редакция
- 01.01.2021 106353_501885.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 01.01.2021
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V1600014177
- ЭКБ идентификаторы
- 106353
- Редакция идентификаторы
- 106353_501885
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 08:17
0 Қазақстан Республикасының аумағында білім беруге жеке тұлға жұмсаған шығыстар туралы мәліметтерді растау туралы мемлекеттік кірістер органдары талаптарының нысанын және оны толтыру қағидаларын бекіту туралы
«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 606-4-бабы 1-тармағының 1-тармақшасына және 4-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1 1. Мыналар:
1 1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының аумағында білім беруге жеке тұлға жұмсаған шығыстар туралы мәліметтерді растау туралы мемлекеттік кірістер органдары талаптарының нысаны;
2 2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының аумағында білім беруге жеке тұлға жұмсаған шығыстар туралы мәліметтерді мемлекеттік кірістер органдары талаптарының нысанын толтыру қағидалары бекітілсін.
2 2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті (Д.Е. Ерғожин) заңнамада белгіленген тәртіпте:
1 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2 2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он күнтізбелік күн ішінде оны мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялануға жолдануын:
3
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінен алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оны Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне орналастыру үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдануын;
4 4) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3 3. Осы бұйрық 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Білім және ғылым министрі
Е. Сағадиев ____________________
2016 жылғы «_____»_____________
1 Қазақстан Республикасының аумағында білім беруге жеке тұлға жұмсаған шығыстар туралы мәліметтерді растау туралы мемлекеттік кірістер органдары талаптарының нысаны
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2016 жылғы 22 шілдедегі
№ 388 бұйрығына
1-қосымша
Нысан
Қазақстан Республикасының аумағында білім беруге жеке тұлға жұмсаған шығыстар туралы мәліметтерді растау туралы мемлекеттік кірістер органдары талаптарының нысаны
р/с №
Жеке тұлға бойынша мәлімет
Көрсетілген қызметтің атауы
Көрсетілген қызметтің сомасы
Көрсетілген қымзетті растайтын құжат
ЖСН
Жеке сәйкестендіру номері
Тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе)
Құжаттың атауы
Құжаттың күні
Құжаттың №
1
2
3
4
5
6
7
8
2 Қазақстан Республикасының аумағында білім беруге жеке тұлға жұмсаған шығыстар туралы мәліметтерді растау туралы мемлекеттік кірістер органдары талаптарының нысанын толтыру қағидалары
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2016 жылғы 22 шілдедегі
№ 388 бұйрығына
2-қосымша
Қазақстан Республикасының аумағында білім беруге жеке тұлға жұмсаған шығыстар туралы мәліметтерді растау туралы мемлекеттік кірістер органдары талаптарының нысанын толтыру қағидалары
1 1-тарау. Жалпы ереже
1
1. Осы Қазақстан Республикасының аумағында жеке тұлғаның білім беруге жүмсаған шығыстары туралы мәліметтерді растау туралы мемлекеттік кірістер органдары талаптарының нысанын толтыру қағидалары (бұдан әрі – Қағида) «Салық және бюджеттке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 606-4-бабы 1-тармағының 1- тармақшасына және 4-тармағына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасының аумағында жеке тұлғаның білім беруге жұмсаған шығыстары туралы мәліметтерді растау туралы мемлекеттік кірістер органдары талаптарының нысаны толтыру тәртібін айқындайды (бұдан әрі – Мәлімет).