Кіру
Құжат мәтініне өту

Об определении размера и порядка возмещения затрат на обучение на дому детей с ограниченными возможностями из числа инвалидов по индивидуальному учебному плану в Байзакском районе

Өзге акт · № 6-5 · қабылданған 19.08.2016
Заңдық күші: Күшін жойған · 10.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-106366/on/2026-09-10/
Басып шығарылды 2026-09-10 · adilet.kz
Об определении размера и порядка возмещения затрат на обучение на дому детей с ограниченными возможностями из числа инвалидов по индивидуальному учебному плану в Байзакском районе Күшін жойған Өзге акт ·№ 6-5 ·19.08.2016
30.03.2022 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
10.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 30.03.2022. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об определении размера и порядка возмещения затрат на обучение на дому детей с ограниченными возможностями из числа инвалидов по индивидуальному учебному плану в Байзакском районе

Күшін жойған Өзге акт ·№ 6-5 · 10.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об определении размера и порядка возмещения затрат на обучение на дому детей с ограниченными возможностями из числа инвалидов по индивидуальному учебному плану в Байзакском районе
Атауы (қаз.)
Байзақ ауданында мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу мөлшерін және тәртібін айқындау туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
6-5
Қабылданған күні
19.08.2016
Қолданысқа енгізілген күні
09.10.2016
Көрсетілген редакция
30.03.2022 106366_568540.kaz
Соңғы өзгеріс
30.03.2022
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V16GB003159
ЭКБ идентификаторы
106366
Редакция идентификаторы
106366_568540
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 08:01

0 Байзақ ауданында мүгедектер

қатарындағы кемтар балаларды
жеке оқыту жоспары бойынша
үйде оқытуға жұмсаған шығындарын
өндіріп алу мөлшерін және тәртібін
айқындау туралы
«Кемтар балаларды әлеуметтiк және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы» 2002 жылғы 11 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 16 бабының 4) тармақшасына және «Қазақстан Республикасындағы мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» 2005 жылғы 13 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 29 бабының 6 тармағына сәйкес, Байзақ аудандық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1. Мүгедектер қатарындағы кемтар балалардың (бұдан әрі – кемтар балалар) ата-аналарының және өзге де заңды өкілдерінің жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу (бұдан әрі – оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу) тоқсан сайын алты айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айқындалсын.

2. Келесі тәртіп айқындалсын:

1) оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алуды «Байзақ ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесімен жүргізіледі;

2) оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу кемтар балалардың ата-анасының біреуіне немесе өзге де заңды өкілдеріне (бұдан әрі – алушы) беріледі;

3) оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу үшін алушы келесі құжаттарды ұсынады:

өтініш, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 279 бұйрығымен бекітілген «Мүгедек балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (бұдан әрі – Стандарт) 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша;
алушының жеке басын куәландыратын құжат;
психологиялық – медициналық - педагогикалық консультацияның қорытындысы;
«Медициналық – әлеуметтік сараптама жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 44 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10589 болып тіркелген) бекітілген нысан бойынша мүгедектігі туралы анықтамасы;
банктегі шоттың болуы туралы құжат;
Стандарттың 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша мүгедек баланы үйде оқыту фактісін растайтын оқу орнының анықтамасы.

3. Осы шешімнің орындалуын бақылау Байзақ аудандық мәслихатының «Экология табиғатты пайдалану, денсаулық, жанұя мен әйелдер ісі мүгедектер және тұрғындардың тұрмысы төмен әлеуметтік қорғау мәселелері» жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.

4. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы