Құжат мәтініне өту

О дополнительном регламентировании порядка проведения собраний, митингов, шествий, пикетов и демонстраций в Сандыктауском районе

Өзге акт · № 6/3 · қабылданған 25.08.2016
Заңдық күші: Күшін жойған · 14.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-106441/on/2026-08-14/
Басып шығарылды 2026-08-14 · adilet.kz
О дополнительном регламентировании порядка проведения собраний, митингов, шествий, пикетов и демонстраций в Сандыктауском районе Күшін жойған Өзге акт ·№ 6/3 ·25.08.2016
03.08.2020 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
14.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 03.08.2020. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О дополнительном регламентировании порядка проведения собраний, митингов, шествий, пикетов и демонстраций в Сандыктауском районе

Күшін жойған Өзге акт ·№ 6/3 · 14.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О дополнительном регламентировании порядка проведения собраний, митингов, шествий, пикетов и демонстраций в Сандыктауском районе
Атауы (қаз.)
Сандықтау ауданында жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізу тәртібін қосымша реттеу туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
6/3
Қабылданған күні
25.08.2016
Көрсетілген редакция
03.08.2020 106441_475100.kaz
Соңғы өзгеріс
03.08.2020
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V16BP005541
ЭКБ идентификаторы
106441
Редакция идентификаторы
106441_475100
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 07:58

0 Сандықтау ауданында

жиналыстар, митингілер,
шерулер, пикеттер және
демонстрациялар өткізу
тәртібін қосымша реттеу
туралы
«Қазақстан Републикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабына, «Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар ұйымдастыру мен өткізу тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 17 наурыздағы Заңының 10 бабына сәйкес Сандықтау аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:

1 1. Сандықтау ауданында жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізу тәртібі қосымшаға сәйкес қосымша реттелсін.

2 2. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
Сандықтау ауданының әкімі
А.Исмағамбетов
2016 жылғы 25 тамыздағы

3 Сандықтау аудандық

мәслихатының 2016 жылғы
25 тамыздағы № 6/3
шешіміне қосымша
Сандықтау ауданында жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізудің қосымша тәртібі

1 1. Жиналыстар мен митингілер өткізу орындары белгіленсін:

1 1) Балкашино ауылы, Абылай хан көшесі, аудандық әкімдігінің жанындағы орталық алаңы;

2 2) Балкашино ауылы, Абылай хан көшесі, аудандық Мәдениет үйі ғимаратының алдыңдағы алаң.

2 2. Шерулер мен демонстрациялар өткізу маршруты белгіленсін:

1 1) Балкашино ауылы, Абылай хан көшесі және Калинин тұйык көшесінің қиылысынан бастап Абылай хан көшесі бойынша аудандық әкімдігінің жанындағы орналасқан орталық алаңға дейін;

2 2) Абылай хан көшесі және Роза Люксембург тұйык көшесінің қиылысынан бастап Абылай хан көшесі бойынша аудандық Мәдениет үйінің ғимаратына дейін.

3 3. Іс-шара уәкілдері (ұйымдастырушылары) мен қатысушыларына алкогольдік және есірткілік масаң күйінде қатысуға жол берілмейді.

4 4. Қоғамдық тәртіп пен пикет қатысушыларының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында:

1 1) түрлі жеке дара пикеттерге қатысушылар бір-бірінен 50 метрден кем емес қашықтықта орналасуы немесе бір-біріне айқын көрінбей тұруы қажет;

2 2) бір күнде және бір уақытта, бір объектіде үштен аспайтын жеке дара пикеттерді өткізуге рұқсат етіледі.

5 5. Пикет өткізу кезінде:

1 1) пикет өткізілетін объектісінің алдында тұруға, отыруға;

2 2) көрнекі үгіт құралдарын пайдалануға;

3 3) пикеттің тақырыбы бойынша қысқа ұрандар, слогандар айғалап айтуға рұқсат етіледі.

6

6. Жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізуге рұқсат беруден Сандықтау ауданының әкімдігі бас тартқан жағдайда немесе оны тыйым салу туралы шешім шығарылса, уәкілдер (ұйымдастырушылар) барлық дайындық шараларын тоқтатуға және бұл туралы ықтимал қатысушыларды тиісті хабардар ету бойынша тез арада шаралар қолданады.

Қолданыстағы