О утрате сил некоторых решении Шиелийского районного маслихата
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О утрате сил некоторых решении Шиелийского районного маслихата
- Атауы (қаз.)
- Аудандық мәслихаттың кейбір шешімдерінің күшін жою туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 40/6
- Қабылданған күні
- 04.05.2016
- Көрсетілген редакция
- 04.05.2016 106454_113334.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 04.05.2016
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- G16LI00406M
- ЭКБ идентификаторы
- 106454
- Редакция идентификаторы
- 106454_113334
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 09:18
0 Аудандық мәслихаттың кейбір
шешімдерінің күшін жою туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және
өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы
23 қаңтардағы Заңының 8 бабының 2 тармағын басшылыққа ала отырып, Шиелі аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1
1. «Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару деңгейлері арасында өкілеттіктердің аражігін ажырату жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 25 тамыздағы №898 Жарлығына, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 22 қыркүйектегі №1000 қаулысына сәйкес төмендегі шешімдердің күші жойылды деп танылсын.
1 1) «Жер салығының базалық ставкаларын түзету туралы» аудандық мәслихаттың 2012 жылғы 06 ақпандағы №2/7 шешімі. Мемлекеттік тіркеу Тізіліміне 2012 жылғы 06 наурызда №10-9-218 нөмірімен тіркелген, аудандық «Өскен өңір» газетіне 2012 жылғы 20 наурыздағы №30-3 (7973-7974) нөмірінде жарияланған;
2
2) «Қызметін Шиелі ауданында жүзеге асыратын барлық салық төлеушілер үшін бірыңғай тіркелген салық ставкасын белгілеу туралы» аудандық мәслихаттың 2012 жылғы 06 ақпандағы №2/8 шешімі. Мемлекеттік тіркеу Тізіліміне 2012 жылғы 05 наурызда №10-9-217 нөмірімен тіркелген, аудандық «Өскен өңір» газетіне 2012 жылғы 20 наурыздағы №30-3 (7973-7974) нөмірінде жарияланған;
3
3) «Әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидасын бекіту туралы» аудандық мәслихаттың 2014 жылғы 11 сәуірдегі №27/6 шешімі. Мемлекеттік тіркеу Тізіліміне 2014 жылғы 24 сәуірде №4643 нөмірімен тіркелген, аудандық «Өскен өңір» газетіне 2014 жылғы 17 мамырдағы №34 (8188) нөмірінде жарияланған;
4
4) «Әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидасын бекіту туралы» аудандық мәслихаттың 2014 жылғы 11 сәуірдегі №27/6 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» аудандық мәслихаттың 2015 жылғы 02 наурыздағы №37/7 шешімі. Мемлекеттік тіркеу Тізіліміне 2015 жылғы 26 наурызда №4925 нөмірімен тіркелген, аудандық «Өскен өңір» газетіне 2015 жылғы 01 сәуірдегі №24 (8274) нөмірінде жарияланған.