Құжат мәтініне өту

Об утверждении Типовых квалификационных требований к категориям должностей государственных аудиторов уполномоченных органов внешнего государственного аудита и финансового контроля, являющихся административными государственными служащими корпуса "Б"

Қаулы · № 11-НҚ · қабылданған 19.08.2016
Заңдық күші: Күшін жойған · 20.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-106515/on/2026-08-20/
Басып шығарылды 2026-08-20 · adilet.kz
Об утверждении Типовых квалификационных требований к категориям должностей государственных аудиторов уполномоченных органов внешнего государственного аудита и финансового контроля, являющихся административными государственными служащими корпуса "Б" Күшін жойған Қаулы ·№ 11-НҚ ·19.08.2016
26.02.2018 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
20.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 26.02.2018. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Типовых квалификационных требований к категориям должностей государственных аудиторов уполномоченных органов внешнего государственного аудита и финансового контроля, являющихся административными государственными служащими корпуса "Б"

Күшін жойған Қаулы ·№ 11-НҚ · 20.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Типовых квалификационных требований к категориям должностей государственных аудиторов уполномоченных органов внешнего государственного аудита и финансового контроля, являющихся административными государственными служащими корпуса "Б"
Атауы (қаз.)
"Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілері болып табылатын, сыртқы мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау уәкілетті органдарының мемлекеттік аудиторлары лауазымдарының санаттарына қойылатын үлгілік біліктілік талаптарын бекіту туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
11-НҚ
Қабылданған күні
19.08.2016
Көрсетілген редакция
26.02.2018 106515_320887.kaz
Соңғы өзгеріс
26.02.2018
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1600014267
ЭКБ идентификаторы
106515
Редакция идентификаторы
106515_320887
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 08:01

0 «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілері болып табылатын, сыртқы мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау уәкілетті органдарының мемлекеттік аудиторлары лауазымдарының санаттарына қойылатын үлгілік біліктілік талаптарын бекіту туралы

«Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 12 қарашадағы Заңының  12-бабы 4-тармағының 13) тармақшасына сәйкес, Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті (бұдан әрі – Есеп комитеті) ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Қоса беріліп отырған «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілері болып табылатын, сыртқы мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау уәкілетті органдарының мемлекеттік аудиторлары лауазымдарының санаттарына қойылатын үлгілік біліктілік талаптары бекітілсін.

2 2. Заң бөлімі заңнамада белгіленген тәртіппен:

1 1) осы нормативтік қаулының Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2

2) осы нормативтік қаулының көшірмесін Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде басылып шыққан және электрондық түрінде мерзімді баспасөз басылымдарында, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға, сондай-ақ Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін тіркелген нормативтік қаулыны алған күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде Республикалық құқықтық ақпарат орталығына жіберілуін;

3 3) осы нормативтік қаулының Есеп комитетінің интернет-ресурсына орналастырылуын қамтамасыз етсін.

3 3. Осы нормативтік қаулының орындалуын бақылау Есеп комитетінің аппарат басшысына жүктелсін.

4 4. Осы нормативтік қаулы 2017 жылғы 1 каңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Мемлекеттік қызмет істері
министрі
_______________ Т. Донақов
2016 жылғы 19 тамыз
«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілері болып табылатын, сыртқы мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау уәкілетті органдарының мемлекеттік аудиторлары лауазымдарының
санаттарына қойылатын үлгілік біліктілік талаптары

1 1-тарау. Жалпы ережелер

1

1. Осы «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілері болып табылатын, сыртқы мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау уәкілетті органдарының мемлекеттік аудиторлары лауазымдарының санаттарына қойылатын үлгілік біліктілік талаптары (бұдан әрі – Үлгілік біліктілік талаптары) Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің (бұдан әрі – Есеп комитеті) және облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың тексеру комиссияларының (бұдан әрі – тексеру комиссиялары) мемлекеттік аудиторларының тиісті лауазымдарының санаттарына белгіленеді.

2 2. Үлгілік біліктілік талаптары:

1 1) білім саласы;

2 2) мемлекеттік аудитор біліктілігінің тиісті деңгейі сертификатының болуы;

3 3) жұмыс тәжірибесі бойынша талаптарды қамтиды.

2 2-тарау. Есеп комитетінің мемлекеттік аудиторлары лауазымдарының санаттарына қойылатын үлгілік біліктілік талаптары

3 3. В-1 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:

жоғары және/немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім: экономика және/немесе қаржы, және/немесе есеп және аудит, және/немесе мемлекеттік аудит, және/немесе құқық, және/немесе менеджмент, және/немесе мемлекеттік және жергілікті басқару;
мемлекеттік аудит және/немесе қаржылық бақылау саласында кемінде төрт жыл жұмыс тәжірибесінің болуы;
мемлекеттік аудитор сертификатының болуы.

4 4. В-2 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:

жоғары және/немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім: экономика және/немесе қаржы, және/немесе есеп және аудит, және/немесе мемлекеттік аудит, және/немесе құқық, және/немесе менеджмент, және/немесе мемлекеттік және жергілікті басқару;
мемлекеттік аудит және/немесе қаржылық бақылау саласында кемінде үш жыл жұмыс тәжірибесінің болуы;
мемлекеттік аудитор сертификатының болуы.

5 5. В-4 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:

жоғары және/немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім: экономика және/немесе қаржы, және/немесе есеп және аудит, және/немесе мемлекеттік аудит, және/немесе құқық, және/немесе менеджмент, және/немесе мемлекеттік және жергілікті басқару;
мемлекеттік аудит және/немесе қаржылық бақылау саласында кемінде екі жыл жұмыс тәжірибесінің болуы;
мемлекеттік аудитор сертификатының болуы.

5-1 5-1. В-5 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:

жоғары және/немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім: экономика және/немесе қаржы, және/немесе есеп және аудит, және/немесе мемлекеттік аудит, және/немесе құқық, және/немесе менеджмент, және/немесе мемлекеттік және жергілікті басқару;
мемлекеттік аудит және/немесе қаржылық бақылау саласында кемінде бір жыл не осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда кемінде екі жыл жұмыс тәжірибесінің болуы;
мемлекеттік аудитор сертификатының болуы.

3 3-тарау. Тексеру комиссияларының мемлекеттік аудиторлары лауазымдарының санаттарына қойылатын үлгілік біліктілік талаптары

6 6. D-3 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:

жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім: экономика және/немесе қаржы, және/немесе есеп және аудит, және/немесе мемлекеттік аудит, және/немесе құқық, және/немесе менеджмент, және/немесе мемлекеттік және жергілікті басқару;
мемлекеттік аудит және/немесе қаржылық бақылау саласында кемінде екі жыл жұмыс тәжірибесінің болуы;
мемлекеттік аудитор сертификатының болуы.

7 7. D-4 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:

жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім: экономика және/немесе қаржы, және/немесе есеп және аудит, және/немесе мемлекеттік аудит, және/немесе құқық, және/немесе менеджмент, және/немесе мемлекеттік және жергілікті басқару;
мемлекеттік аудит және/немесе қаржылық бақылау саласында кемінде бір жыл не осы санаттағы нақты лауазымның тиісті функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда кемінде екі жыл жұмыс тәжірибесінің болуы;
мемлекеттік аудитор сертификатының болуы.

Қолданыстағы