Құжат мәтініне өту

Об определении порядка и размера оказания жилищной помощи малообеспеченным семьям (гражданам) проживающим в Астраханском районе

Өзге акт · № 6С-8-6 · қабылданған 26.08.2016
Заңдық күші: Күшін жойған · 14.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-106559/on/2026-08-14/
Басып шығарылды 2026-08-14 · adilet.kz
Об определении порядка и размера оказания жилищной помощи малообеспеченным семьям (гражданам) проживающим в Астраханском районе Күшін жойған Өзге акт ·№ 6С-8-6 ·26.08.2016
04.09.2020 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
14.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 04.09.2020. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об определении порядка и размера оказания жилищной помощи малообеспеченным семьям (гражданам) проживающим в Астраханском районе

Күшін жойған Өзге акт ·№ 6С-8-6 · 14.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об определении порядка и размера оказания жилищной помощи малообеспеченным семьям (гражданам) проживающим в Астраханском районе
Атауы (қаз.)
Астрахан ауданында тұратын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегiн көрсетудің тәртібі мен мөлшерін айқындау туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
6С-8-6
Қабылданған күні
26.08.2016
Көрсетілген редакция
04.09.2020 106559_479890.kaz
Соңғы өзгеріс
04.09.2020
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V16BF005545
ЭКБ идентификаторы
106559
Редакция идентификаторы
106559_479890
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 07:57

0 Астрахан ауданында тұратын

аз қамтылған отбасыларға
(азаматтарға) тұрғын үй көмегiн
көрсетудің тәртібі мен мөлшерін
айқындау туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабына, «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі Заңына, «Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 қаулысына сәйкес, Астрахан аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:

1 1. Астрахан ауданында тұратын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің тәртібі мен мөлшері қосымшаға сәйкес айқындалсын.

2 2. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
Астрахан ауданының әкімі Т. Ерсейітов
26.08.2016 жылғы

3 Астрахан аудандық мәслихатының

2016 жылғы 26 тамыздағы
№ 6С-8-6 шешіміне
қосымша
Астрахан ауданында тұратын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға)
тұрғын үй көмегiн көрсетудің тәртібі мен мөлшері

1 1. Тұрғын үй көмегін көрсету тәртібі

1 1. Тұрғын үй көмегi Астрахан ауданында тұрақты тұратын аз қамтылған отбасыларына (азаматтарға) жергiлiктi бюджет қаражаты есебiнен ұсынылады.

2 2. Тұрғын үй көмегін тағайындау және төлеу уәкілетті органмен жүзеге асырылады. Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру:

1

1) уәкілетті ұйым – «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Ақмола облысы бойынша филиалының бөлімі – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету, «бір терезе» қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтер көрсетуге өтініштер қабылдау және көрсетілетін қызметті алушыға олардың нәтижелерін беру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру, сондай-ақ электрондық нысанда мемлекеттік қызметтер көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған заңды тұлға;

2 2) «электрондық үкімет» www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы жүзеге асырылады.

3

3. Мемлекеттік қызмет көрсетуге өтініштерді қабылдау және нәтижесін беру «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11015 тіркелген), Қазақстан Республикасы ұлттық экономика Министрінің 2015 жылғы 9 сәуірдегі № 319 бұйрығымен бекітілген «Тұрғын үй көмегін тағайындау» мемлекеттік қызмет көрсету стандартына сәйкес жүргізіледі.

4

4. Тұрғын үй көмегі толық ағымдағы тоқсанға тағайындалады, бұл ретте отбасының (азаматтардың) өткен тоқсандағы табыстары мен аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) кондоминиум объектiсiнiң ортақ мүлкiн күтіп-ұстауға, коммуналдық қызметтерді және телекоммуникация желісіне қосылған телефонға абоненттік төлемақының өсуі бөлігінде байланыс қызметтерін тұтыну, жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді пайдаланған төлемақысының шығындары есепке алынады.

5

5. Аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) кондоминиум объектiсiнiң ортақ мүлкiн күтіп-ұстауға, коммуналдық қызметтердi және телекоммуникация желiсiне қосылған телефонға абоненттiк төлемақының өсуі бөлiгiнде байланыс қызметтерiн тұтынуына, жергiлiктi атқарушы орган жеке тұрғын үй қорынан жалға алған тұрғын үй-жайды пайдаланғаны үшiн жалға алу төлемақылардың шығындары қызметтер төлемақысына жеткізушілер ұсынған шоттар (түбіртектер) бойынша алынады.

6 6. Тұрғын үй көмегі төлемдерін екінші деңгейдегі банктер арқылы өтініш берушілердің жеке шотына аудару жолымен уәкілетті орган жүзеге асырады.

Тұрғын үй көмегінің төлемдері уәкілетті органның қаржыландыруына қарай бюджеттік қаражатты бөлу бойынша жүргізіледі.

2 2. Тұрғын үй көмегін көрсету мөлшері

7 7. Отбасының (азаматтың) жиынтық табысын өкілетті орган қолданыстағы заңнамаларда белгіленген тәртіпте тұрғын үй көмегін тағайындауға өтініш берген тоқсанның алдындағы тоқсанға есептейді.

8

8. Жекешелендірілген тұрғын үй-жайларда тұратын немесе мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғын үй-жайларды (пәтерлерді) жалдаушылар (қосымша жалданушылар) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) кондоминимум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға жұмсалатын шығыстарды, тұрғынжайлардың меншік иелері немесе жалдаушылары (қосымша жалдаушылары) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) коммуналдық қызметтерді және телекоммуникация желісіне қосылған телефонға абоненттік төлемақының өсуі бөлігінде байланыс қызметтерін тұтыну, жергілікті атқарушы органмен жеке тұрғын үй қорынан жалға алынған тұрғынжайларды пайдаланғаны үшін жалға алу төлемақысын алғанда отбасының жұмсалған шекті жол берілген шығыстар үлесі орташа айлық жиынтық кірісіне 10 (он) пайыз мөлшерінде белгіленеді.

9 9. Өтем шараларымен қамсыздандырылатын тұрғын үй алаңының мөлшері ретінде бір адамға он сегіз шаршы метрден белгіленеді. Жалғыз тұратын азаматтарға өтем шараларымен қамсыздандырылатын тұрғын үй алаңының нормасы отыз шаршы метр болып белгіленеді.

10

10. Қатты отынды пайдаланғаны үшін өтемақы жергілікті жылуы бар үйлер үшін өтемақы нормасы, өтініш беру тоқсанында отбасына (азаматқа) пайдалы ауданына байланысты жылу маусымына 5 (бес) тонна мөлшерінде белгіленеді. Қатты отын сатып алғандығын растайтын құжаттар болмаған жағдайда, көмірдің құны статистикалық деректер бойынша, өткен тоқсанда қалыптасқан орташа бағамен алынады.
Қатты отын шығыны жылына бір рет жылу беру кезеңінде есептелсін.

11 11. Коммуналдық қызметтерді (сумен қамтамасыз ету, кәріз, қоқыс) өтеудің өтемақы мөлшерлері нақты тұтынуы бойынша белгіленеді. Сумен қамтамасыз етудің шекті шамасы - бір адамға айына 1,5 текше метрден артық болмауы тиіс.

12 12. Тұрғын үй көмегін тағайындау кезінде келесі электр қуатын беру нормасы қолданылады:

70 (жетпіс) килловатт бір адамға;
140 (бір жүз қырық) килловатт екі адамнан тұратын отбасына;
150 (бір жүз елу) килловатт үш және одан көп адамнан тұратын отбасына.

13

13. Телекоммуникация тораптарына қосылған телефон үшін абоненттік төлемақы тарифтерінің көтерілуіне өтемақы төлеу «Әлеуметтік тұрғыдан қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифінің көтерілуіне өтемақы төлеудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 14 сәуірдегі № 512 қаулысына сәйкес жүргізіледі.

Қолданыстағы