О повышении ставок земельного налога по Каратальскому району
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О повышении ставок земельного налога по Каратальскому району
- Атауы (қаз.)
- Қаратал ауданы бойынша жер салығының мөлшерлемелерін жоғарылату туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 11-38
- Қабылданған күні
- 31.08.2016
- Қолданысқа енгізілген күні
- 01.01.2017
- Көрсетілген редакция
- 11.04.2018 106584_315961.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 11.04.2018
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V16DL003970
- ЭКБ идентификаторы
- 106584
- Редакция идентификаторы
- 106584_315961
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 07:55
0 Қаратал ауданы бойынша
жер салығының мөлшерлемелерін
жоғарылату туралы
«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық Кодексі)» 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің 387-бабының 1 тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 1-тармағының 15) тармақшасына сәйкес, Қаратал аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1
1. Қазақстан Республикасының жер заңамасына сәйкес жүргізілетін жерді аймаққа бөлу жобалары (схемалары) негізінде, Қаратал ауданы бойынша жер салығының мөлшерлемелерін «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық Кодексі)» Кодексінің 379, 381 және 383-баптарында белгіленген жер салығының базалық мөлшерлемелерінен 50 пайызға жоғарлатылсын.
2
2. «Қаратал ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы» мемлекеттік мекемесінің басшысына (келісім бойынша Т. Н. Керімбеков) осы шешімді әділет органдарында мемлекеттік тіркелгеннен кейін ресми және мерзімді баспа басылымдарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған интернет-ресурста және аудандық мәслихаттың интернет-ресурсында жариялау жүктелсін.