Құжат мәтініне өту

Об утверждении Регламента государственной услуги «Субсидирование повышения урожайности и качества продукции растениеводства, стоимости горюче-смазочных материалов и других товарно-материальных ценностей, необходимых для проведения весенне-полевых и уборочных работ, путем субсидирования производства приоритетных культур»

Қаулы · № 102-1473 · қабылданған 22.08.2016
Заңдық күші: Күшін жойған · 13.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-106623/on/2026-08-13/
Басып шығарылды 2026-08-13 · adilet.kz
Об утверждении Регламента государственной услуги «Субсидирование повышения урожайности и качества продукции растениеводства, стоимости горюче-смазочных материалов и других товарно-материальных ценностей, необходимых для проведения весенне-полевых и уборочных работ, путем субсидирования производства приоритетных культур» Күшін жойған Қаулы ·№ 102-1473 ·22.08.2016
26.10.2020 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
13.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 26.10.2020. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Регламента государственной услуги «Субсидирование повышения урожайности и качества продукции растениеводства, стоимости горюче-смазочных материалов и других товарно-материальных ценностей, необходимых для проведения весенне-полевых и уборочных работ, путем субсидирования производства приоритетных культур»

Күшін жойған Қаулы ·№ 102-1473 · 13.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Регламента государственной услуги «Субсидирование повышения урожайности и качества продукции растениеводства, стоимости горюче-смазочных материалов и других товарно-материальных ценностей, необходимых для проведения весенне-полевых и уборочных работ, путем субсидирования производства приоритетных культур»
Атауы (қаз.)
«Басым дақылдар өндiрудi субсидиялау арқылы өсiмдiк шаруашылығы өнiмiнiң шығымдылығы мен сапасын арттыруды, жанар-жағармай материалдарының және көктемгi егiс пен егiн жинау жұмыстарын жүргiзу үшін қажеттi басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын субсидиялау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
102-1473
Қабылданған күні
22.08.2016
Көрсетілген редакция
26.10.2020 106623_490347.kaz
Соңғы өзгеріс
26.10.2020
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V16ABW01060
ЭКБ идентификаторы
106623
Редакция идентификаторы
106623_490347
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 08:00

0 «Басым дақылдар өндiрудi субсидиялау

арқылы өсiмдiк шаруашылығы өнiмiнiң
шығымдылығы мен сапасын арттыруды,
жанар-жағармай материалдарының және
көктемгi егiс пен егiн жинау жұмыстарын
жүргiзу үшін қажеттi басқа да тауарлық-
материалдық құндылықтардың
құнын субсидиялау» мемлекеттік
көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 16-бабының 3-тармағына сәйкес Астана қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. Қоса беріліп отырған «Басым дақылдар өндiрудi субсидиялау арқылы өсiмдiк шаруашылығы өнiмiнiң шығымдылығы мен сапасын арттыруды, жанар-жағармай материалдарының және көктемгi егiс пен егiн жинау жұмыстарын жүргiзу үшін қажеттi басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын субсидиялау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті бекітілсін.

2

2. «Астана қаласының Ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесінің басшысына осы қаулыны әділет органдарында мемлекеттік тіркелгеннен кейін ресми және мерзімді баспа басылымдарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған интернет-ресурста және Астана қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында жариялау жүктелсін.

3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау Астана қаласы әкімінің орынбасары М.Е. Бектұроваға жүктелсін.

4 4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

0 «Басым дақылдар өндіруді субсидиялау арқылы өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруды, жанар-жағармай материалдарының және көктемгі-егіс пен егін жинау жұмыстарын жүргізу үшін қажетті басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын субсидиялау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті

Астана қаласы әкімдігінің
2016 жылғы 22 тамыздағы
№ 102-1473 қаулысымен
бекітілген
«Басым дақылдар өндіруді субсидиялау арқылы өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруды, жанар-жағармай материалдарының және көктемгі-егіс пен егін жинау жұмыстарын жүргізу үшін қажетті басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын субсидиялау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті

1 1. Жалпы ережелер

1

1. «Басым дақылдар өндіруді субсидиялау арқылы өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруды, жанар-жағармай материалдарының және көктемгі-егіс пен егін жинау жұмыстарын жүргізу үшін қажетті басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын субсидиялау» мемлекеттік көрсетілетін қызметті (бұдан әрі – мемлекеттiк көрсетілетін қызмет) «Нұр-Сұлтан қаласының Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасы» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2018 жылғы 26 желтоқсандағы № 535 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18064 болып тіркелген) бекітілген «Басым дақылдар өндіруді субсидиялау арқылы өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруды, жанар-жағармай материалдарының және көктемгі-егіс пен егін жинау жұмыстарын жүргізу үшін қажетті басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын субсидиялау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына (бұдан әрі – Стандарт) сәйкес көрсетеді.
Өтінімдерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру «электрондық үкіметтің» www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.

2 2. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық (толық автоматтандырылған).

3 3. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – субсидияның аударылғаны туралы хабарлама, не Стандарттың 10-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызметті ұсынудан уәжді бас тарту.

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру нысаны – электрондық.
Порталда көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» көрсетілетін қызмет берушінің уәкілетті адамы электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) қол қойған электрондық құжат нысанында субсидия тағайындау/тағайындамау туралы шешімі бар хабарлама жіберіледі.

2 2. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимылы тәртібін сипаттау

4

4. Мемлекеттік қызметті көрсету бойынша рәсімді (іс-қимылды) бастауға негіздеме көрсетілетін қызметті алушының порталға көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжат нысанында Стандартқа қосымшаға сәйкес нысан бойынша басым дақылдарды өндіру шығындарын ішінара өтеуге субсидиялар алуға өтінімді (бұдан әрі – өтінім) беруі болып табылады.

5 5. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) мазмұны, оның орындалу ұзақтығы:

1 1) көрсетілетін қызметті алушы өтінімді порталда тіркейді;

рәсімнің нәтижесі – көрсетілетін қызметті алушымен өтінімді тіркеу;

2 2) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы ЭЦҚ-ны пайдаланып қол қою жолымен өтінімді қабылданғанын растайды және көрсетілетін қызметті берушінің басшысына қарауға жібереді – 1 (бір) жұмыс күні;

рәсімнің нәтижесі – көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысымен өтінімді тіркеу және көрсетілетін қызметті берушінің басшысына жіберу;

3 3) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы өтінімді қарастырады және субсидия тағайындау/тағайындамау туралы шешім қабылдайды – 1 (бір) сағат;

рәсімнің нәтижесі – субсидия тағайындау/тағайындамау туралы шешім қабылдау;

4 4) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы оң шешім қабылдаған жағдайда көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы субсидиялаудың ақпараттық жүйесінде субсидия төлеуге арналған төлем тапсырмасын қалыптастырады – 1 (бір) жұмыс күні;

рәсімнің нәтижесі – қаржыландыру жоспарына сәйкес субсидиялаудың ақпараттық жүйесінде субсидия төлеуге арналған төлем тапсырмасын қалыптастыру;

5 5) көрсетілетін қызметті берушінің бухгалтерлік есеп бөлімі көрсетілетін қызметті алушының банк шотына субсидияларды аудару үшін «Қазынашылық-Клиент» ақпараттық жүйесіне жүктелетін субсидия төлеуге арналған төлем тапсырмаларын жібереді – 1 (бір) сағат;

рәсімнің нәтижесі – субсидия төлеуге арналған төлем тапсырмаларын «Қазынашылық-Клиент» ақпараттық жүйесіне жіберу;

6 6) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы көрсетілетін қызметті алушыға субсидияның аударылғаны туралы хабарлама, не Стандарттың 10-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызметті ұсынудан уәжді бас тарту туралы хабарлама ұсынады – 1 (бір) жұмыс күні;

рәсімнің нәтижесі – субсидияның аударылғаны туралы хабарлама, не мемлекеттік қызметті ұсынудан уәжді бас тарту туралы хабарлама.

3 3. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимыл тәртібін сипаттау

6 6. Мемлекеттік қызмет көрсету процесіне қатысатын көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) тізбесі:

1 1) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы;

2 2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы;

3 3) көрсетілетін қызметті берушінің бухгалтерлік есеп бөлімі.

7 7. Әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) ұзақтығын көрсете отырып, көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелері (қызметкерлері) арасындағы рәсімдердің (іс-қимылдардың) реттілігінің сипаттамасы:

1 1) көрсетілетін қызметті алушы өтінімді порталда тіркейді;

2 2) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы ЭЦҚ-ны пайдаланып қол қою жолымен өтінімді қабылданғанын растайды және көрсетілетін қызметті берушінің басшысына қарауға жібереді – 1 (бір) жұмыс күні;

3 3) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы өтінімді қарастырады және субсидия тағайындау/тағайындамау туралы шешім қабылдайды – 1 (бір) сағат;

4 4) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы оң шешім қабылдаған жағдайда көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы субсидиялаудың ақпараттық жүйесінде субсидия төлеуге арналған төлем тапсырмасын қалыптастырады – 1 (бір) жұмыс күні;

5 5) көрсетілетін қызметті берушінің бухгалтерлік есеп бөлімі көрсетілетін қызметті алушының банк шотына субсидияларды аудару үшін «Қазынашылық-Клиент» ақпараттық жүйесіне жүктелетін субсидия төлеуге арналған төлем тапсырмаларын жібереді – 1 (бір) сағат;

6 6) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы көрсетілетін қызметті алушыға субсидияның аударылғаны туралы хабарлама, не Стандарттың 10-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызметті ұсынудан уәжді бас тарту туралы хабарлама ұсынады – 1 (бір) жұмыс күні.

4 4. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібін сипаттау

8 8. Портал арқылы мемлекеттік қызметті көрсету кезінде көрсетілетін қызметті беруші мен көрсетілетін қызметті алушының жүгіну тәртібін және рәсімдер реттілігін сипаттау:

1 1) көрсетілетін қызметті алушы өзінің ЭЦҚ тіркеу куәлігінің көмегімен порталда тіркеуді (авторландыруды) жүзеге асырады;

2 2) көрсетілетін қызметті алушы электрондық мемлекеттік көрсетілетін қызметті (бұдан әрі – ЭМКҚ) таңдайды, электрондық сұраудың жолдарын толтырады және құжаттар топтамасын бекітеді (болған жағдайда растайтын құжаттардың электрондық көшірмелері қоса беріледі);

3 3) көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ арқылы ЭМКҚ үшін электрондық сұрауды куәландыру;

4 4) көрсетілетін қызметті берушінің электрондық сұрауды өңдеуі (тексеру, тіркеу) – 1 бір жұмыс күні;

5 5) көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетінде» мемлекеттік қызметтерді алу тарихында мемлекеттік қызмет көрсетудің электронды сұрау мәртебесі мен мерзімі туралы хабарландыруларды алуы;

6

6) көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) рәсімдерін (іс-қимылдарының), өзара іс-қимылы реттілігінің сипаттамасына сәйкес жүзеге асырады және ЭЦҚ қол қойылған электрондық құжат нысанында көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижесін көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» жолдайды – 2 (екі) жұмыс күні;

7 7) көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетінде» мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу тарихында мемлекеттік қызмет нәтижесін көрсетілетін қызметті алушының алуы.

9

9. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелері (қызметкерлері) рәсімдері (іс-қимылдары) реттілігінің және мемлекеттік қызмет көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібінің толық сипаттамасы осы Регламентке қосымшаға сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығында көрсетіледі.

1 Мемлекеттік қызметті көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы

«Басым дақылдар өндіруді субсидиялау арқылы өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруды, жанар-жағармай материалдарының және көктемгі-егіс пен егін жинау жұмыстарын жүргізу үшін қажетті басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын субсидиялау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне
қосымша
Мемлекеттік қызметті көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы

Қолданыстағы