О признании утратившими силу некоторых постановлений акимата Наурзумского района
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О признании утратившими силу некоторых постановлений акимата Наурзумского района
- Атауы (қаз.)
- Науырзым ауданы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 209
- Қабылданған күні
- 29.09.2016
- Көрсетілген редакция
- 29.09.2016 106657_113777.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 29.09.2016
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- G16NP00209A
- ЭКБ идентификаторы
- 106657
- Редакция идентификаторы
- 106657_113777
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 07:38
0 Науырзым ауданы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына, «Құқықтық актілер туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 46-бабына сәйкес Науырзым ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Науырзым ауданы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп танылсын.
2 2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
3 Аудан әкімдігінің
2016 жылғы «29» қыркүйектегі
№ 209 қаулысына қосымша
Науырзым ауданы әкімдігінің күші жойылды деп танылған қаулыларының тізімі
1
1. «Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квоталар белгілеу туралы» Науырзым ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 17 мамырдағы № 99 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2016 жылғы 8 маусымда № 6438 болып тіркелген, 2016 жылғы 20 маусымда № 23 «Науырзым тынысы» аудандық газетінде жарияланған);
2
2. «Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы» Науырзым ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 17 мамырдағы № 101 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2016 жылғы 8 маусымда № 6441 болып тіркелген, 2016 жылғы 20 маусымда № 23 «Науырзым тынысы» аудандық газетінде жарияланған);
3
3. «Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы» Науырзым ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 17 мамырдағы № 102 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2016 жылғы 7 маусымда № 6434 болып тіркелген, 2016 жылғы 20 маусымда № 23 «Науырзым тынысы» аудандық газетінде жарияланған).