Құжат мәтініне өту

Об определении мест для размещения агитационных печатных материалов и предоставлении помещения для проведения встреч с выборщиками кандидатов в акимы Володарского сельского округа Айыртауского района Северо-Казахстанской области

Қаулы · № 330 · қабылданған 16.09.2016
Заңдық күші: Күшін жойған · 21.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-106686/on/2026-08-21/
Басып шығарылды 2026-08-21 · adilet.kz
Об определении мест для размещения агитационных печатных материалов и предоставлении помещения для проведения встреч с выборщиками кандидатов в акимы Володарского сельского округа Айыртауского района Северо-Казахстанской области Күшін жойған Қаулы ·№ 330 ·16.09.2016
05.10.2017 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
21.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 05.10.2017. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об определении мест для размещения агитационных печатных материалов и предоставлении помещения для проведения встреч с выборщиками кандидатов в акимы Володарского сельского округа Айыртауского района Северо-Казахстанской области

Күшін жойған Қаулы ·№ 330 · 21.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об определении мест для размещения агитационных печатных материалов и предоставлении помещения для проведения встреч с выборщиками кандидатов в акимы Володарского сельского округа Айыртауского района Северо-Казахстанской области
Атауы (қаз.)
Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының Володар ауылдық округі әкіміне кандидаттардың үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар анықтау және таңдаушылармен кездесу үшін үй-жай ұсыну туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
330
Қабылданған күні
16.09.2016
Көрсетілген редакция
05.10.2017 106686_245894.kaz
Соңғы өзгеріс
05.10.2017
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V16SC003900
ЭКБ идентификаторы
106686
Редакция идентификаторы
106686_245894
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 07:46

0 Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының Володар ауылдық округі әкіміне кандидаттардың үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар анықтау және таңдаушылармен кездесу үшін үй-жай ұсыну туралы

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңының 27-бабының 3-тармағына, 28-бабының 4,6-тармақтарына сәйкес, «Қазақстан Республикасының аудандық маңызы бар қалалары, ауылдық округтері, ауылдық округтің құрамына кірмейтін кенттері мен ауылдары әкімдерінің сайлауын өткізудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 24 сәуірдегі № 555 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының аудандық маңызы бар қалалары, ауылдық округтері, ауылдық округтің құрамына кірмейтін кенттері мен ауылдары әкімдерін қызметке сайлау, өкілеттігін тоқтату және қызметтен босату Қағидаларының 29-тармағына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. 1-қосымшаға сәйкес Айыртау аудандық сайлау комиссиясымен бірлесіп (келісім бойынша) Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының Володар ауылдық округі әкіміне барлық кандидаттарға үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар анықталсын.

2 2. 2-қосымшаға сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының Володар ауылдық округі әкіміне барлық кандидаттарға таңдаушылармен кездесу үшін үй-жай шарттық негізде ұсынылсын.

3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы әкімінің аппарат басшысы Әли Әнасұлы Ғаббасовқа жүктелсін.

4 4. Осы қаулы бұқаралық ақпарат құралдарында бірінші ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
Айыртау аудандық
сайлау комиссиясының төрағасы
____________Е.А. Мерғасымов
2016 жыл «16» 09

5 Солтүстік Қазақстан облысы

Айыртау ауданы әкімдігінің
2016 жылғы «16» қыркүйектегі
№ 330 қаулысына
1- қосымша
Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының Володар ауылдық округі әкіміне барлық кандидаттардың үгіттік баспа материалдарын орналастыратын ОРЫНДАР
№ р/с
Елді мекеннің атауы
Үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар
1.
Саумалкөл ауылы
«Детский мир» дүкені ғимараты жанында, Достық және М.Янко көшелері қиылысында (келісім бойынша)

6 Солтүстік Қазақстан облысы

Айыртау ауданы әкімдігінің
2016 жылғы «16» қыркүйектегі
№ 330 қаулысына
2-қосымша
Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының аумағында Володар ауылдық округі әкіміне кандидаттардың таңдаушыларымен кездесуі үшін үй-жайлардың ТІЗІМІ
№ р/с
Елді мекеннің атауы
Таңдаушылармен кездесу үшін үй-жай
1.
Саумалкөл ауылы
Саумалкөл ауылы, «Орталықтандырылған кітапхана жүйесі» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының оқу залы, Ақан Сері көшесі
№ 31 үй

Қолданыстағы