Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в некоторые решения Правительства Республики Казахстан

Қаулы · № 551 · қабылданған 29.09.2016
Заңдық күші: Қолданыста · 18.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-106726/on/2026-08-18/
Басып шығарылды 2026-08-18 · adilet.kz
О внесении изменений в некоторые решения Правительства Республики Казахстан Қолданыста Қаулы ·№ 551 ·29.09.2016
29.09.2016 редакциясы
18.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 29.09.2016. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в некоторые решения Правительства Республики Казахстан

Қолданыста Қаулы ·№ 551 · 18.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в некоторые решения Правительства Республики Казахстан
Атауы (қаз.)
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
551
Қабылданған күні
29.09.2016
Көрсетілген редакция
29.09.2016 106726_115534.kaz
Соңғы өзгеріс
29.09.2016
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P1600000551
ЭКБ идентификаторы
106726
Редакция идентификаторы
106726_115534
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 07:38

0 Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер (бұдан әрі – өзгерістер) бекітілсін.

2 2. Осы қаулы 2016 жылғы 9 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілетін өзгерістердің 2 және 3-тармақтарын қоспағанда, қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

0 Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер

Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2016 жылғы 29 қыркүйектегі
№ 551 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер

1

1. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы консультациялық-кеңесші органдар мен жұмыс топтарын құру тәртібі, қызметі мен таратылуы туралы нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 16 наурыздағы № 247 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., № 9, 70-құжат):
19-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«19-1. Комиссиялардың/жұмыс топтарының дауыс беру парақтары қоса берілген материалдары мен хаттамалық шешімдерін есепке алуды және сақтауды:
1) комиссияны/жұмыс тобын мемлекеттік органның лауазымды адамы басқарған жағдайда – комиссияның/жұмыс тобының жұмыс органы;
2) комиссияны/жұмыс тобын Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі не оның орынбасарлары басқарған жағдайда – Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесі жүзеге асырады.».

2 2. «Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 13 қазандағы № 669 Жарлығын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 17 қазандағы № 962 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 41, 458-құжат):

көрсетiлген қаулымен бекiтiлген «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы Директорлар кеңесінің құрамында:
мына:
«Мәсімов
Кәрім Қажымқанұлы

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі, төраға»
деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
«Сағынтаев
Бақытжан Әбдірұлы

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі, төраға».

3 3. «Даму институттарын, қаржы ұйымдарын басқару жүйесін оңтайландыру және ұлттық экономиканы дамыту жөніндегі кейбір шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентiнің 2013 жылғы 22 мамырдағы

№ 571 Жарлығын іске асыру жөнiндегi шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 25 мамырдағы № 516 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 35, 514-құжат):
көрсетілген қаулыға 5-қосымшада:
мына:
«Мәсімов
Кәрім Қажымқанұлы

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
Сағынтаев
Бақытжан Әбдірұлы

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары»
деген жолдар мынадай редакцияда жазылсын:
«Сағынтаев
Бақытжан Әбдірұлы

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
Мамин
Асқар Ұзақбайұлы

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары».

Қолданыстағы