Мазмұнға өту Құжат мәтініне өту

Об установлении квоты рабочих мест для трудоустройства инвалидов Жылыойского района

Қаулы · № 321 · қабылданған 08.09.2016
Заңдық күші: Күшін жойған · 19.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-106736/on/2026-09-19/
Басып шығарылды 2026-09-19 · adilet.kz
Об установлении квоты рабочих мест для трудоустройства инвалидов Жылыойского района Күшін жойған 15.12.2022 редакциясы
{# The accessible name CONTAINS the visible «A−» / «A+» instead of replacing it: speech control matches what a person can read on the button (WCAG 2.5.3). The header's language button is built the same way. #}
Белгілі бір күнгі редакция

Об установлении квоты рабочих мест для трудоустройства инвалидов Жылыойского района

Күшін жойған Қаулы № 321 19.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об установлении квоты рабочих мест для трудоустройства инвалидов Жылыойского района
Атауы (қаз.)
Жылыой ауданының мүгедектерін жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
321
Қабылданған күні
08.09.2016
Көрсетілген редакция
15.12.2022 106736_609901.kaz
Соңғы өзгеріс
15.12.2022
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V16TB003628
ЭКБ идентификаторы
106736
Редакция идентификаторы
106736_609901
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 07:49
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
19.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 15.12.2022. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

0 Жылыой ауданының мүгедектерін жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының квотасын белгілеу

туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 37 бабын, «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 27 бабының 1 тармағының 1) тармақшасын басшылыққа алып, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 13 маусымдағы №498 «Мүгедектер үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларын бекіту туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде №14010 болып тіркелген) бұйрығы негізінде аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Ауыр жұмыстарды, еңбек жағдайлары зиянды, қауіпті жұмыстардағы жұмыс орындарын есептемегенде, Жылыой ауданының мүгедектерін жұмысқа орналастыру үшін квота тізімдік саны бар ұйымдарға:

1) елуден жүз адамға дейін – жұмыскерлердің тізімдік санының екі пайызы мөлшерінде;

2) жүз бірден екі жүз елу адамға дейін – жұмыскерлердің тізімдік санының үш пайызы мөлшерінде;

3) екі жүз елу бірден артық адам – жұмыскерлердің тізімдік санының төрт пайызы мөлшерінде белгіленсін.

2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Н.Өмірбаевқа жүктелсін.

3. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.