Құжат мәтініне өту

Об установлении норматива отчисления части чистого дохода районных коммунальных государственных предприятий

Қаулы · № 273 · қабылданған 05.09.2016
Заңдық күші: Қолданыста · 18.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-106739/on/2026-08-18/
Басып шығарылды 2026-08-18 · adilet.kz
Об установлении норматива отчисления части чистого дохода районных коммунальных государственных предприятий Қолданыста Қаулы ·№ 273 ·05.09.2016
05.09.2016 редакциясы
18.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 05.09.2016. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об установлении норматива отчисления части чистого дохода районных коммунальных государственных предприятий

Қолданыста Қаулы ·№ 273 · 18.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об установлении норматива отчисления части чистого дохода районных коммунальных государственных предприятий
Атауы (қаз.)
Аудандық коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың таза табысының бір бөлігін аудару нормативтерін белгілеу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
273
Қабылданған күні
05.09.2016
Қолданысқа енгізілген күні
24.10.2016
Көрсетілген редакция
05.09.2016 106739_114876.kaz
Соңғы өзгеріс
05.09.2016
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V16GG003166
ЭКБ идентификаторы
106739
Редакция идентификаторы
106739_114876
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 07:52

0 Аудандық коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың таза табысының бір бөлігін аудару нормативтерін белгілеу туралы

1 «Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына және «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1наурыздағы Заңына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Аудандық коммуналдық мемлекеттiк кәсiпорындардың таза табысының бір бөлігін аудару нормативтерi қосымшаға сәйкес белгіленсiн.

2

2. Аудандық коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың уәкілетті органдары жоспарланатын жылдың алдындағы жылдың 1 мамырына дейінгі мерзімде «Мойынқұм ауданы әкімдігінің қаржы бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне (бұдан әрі –қаржы бөлімі) алдағы үшжылдық кезеңге арналған аудандық бюджетке аударылуы тиіс таза табыстың бір бөлігінің болжамды сомаларын, сондай-ақ есепті жылы аудандық коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың аудандық бюджетке аударған таза табысының мөлшерін берсін.

3 3. "Мойынқұм ауданы әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін және заңнамада белгіленген тәртіппен ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

4 4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары

Мұратхан Тұрарханұлы Естаевқа жүктелсін.

5 5. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

7 Аудандық коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың таза табысының бір бөлігін аудандық бюджетке аудару нормативі келесіде айқындалады:

Мойынқұм ауданы әкімдігінің
2016 жылғы «05» қыркүйек
№ 273 қаулысына қосымша
Аудандық коммуналдық мемлекеттік кәсiпорындардың таза табысының бір бөлігін аудару нормативтері
Аудандық коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың таза табысының бір бөлігін аудандық бюджетке аудару нормативі келесіде айқындалады:
Таза табыс
3 000 000 теңгеге дейін
таза табыс сомасынан 5 пайыз
Таза табыс 3 000 001 теңгеден 50 000 000 теңгеге дейін
150 000 теңге + 3 000 000 теңге мөлшердегі таза табыстан асқан сомадан 10 пайыз
Таза табыс 50 000 001 теңгеден 250 000 000 теңгеге дейін
4 850 000 теңге + 50 000 000 теңге мөлшердегі таза табыстан асқан сомадан 15 пайыз
Таза табыс 250 000 001 теңгеден 500 000 000 теңгеге дейін
34 850 000 теңге + 250 000 000 теңге мөлшердегі таза табыстан асқан сомадан 25 пайыз
Таза табыс 500 000 001 теңгеден 1 000 000 000 теңгеге дейін
97 350 000 теңге + 500 000 000 теңге мөлшердегі таза табыстан асқан сомадан 30 пайыз
Таза табыс 1 000 000 001 теңге және одан жоғары
247 350 000 теңге + 1 000 000 000 теңге мөлшердегі таза табыстан асқан сомадан 50 пайыз

Қолданыстағы