О признании утратившими силу некоторых постановлений
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О признании утратившими силу некоторых постановлений
- Атауы (қаз.)
- Кейбір қаулылардың күші жойылды деп тану туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 319
- Қабылданған күні
- 03.10.2016
- Көрсетілген редакция
- 03.10.2016 106821_116635.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 03.10.2016
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- G16NJ00319A
- ЭКБ идентификаторы
- 106821
- Редакция идентификаторы
- 106821_116635
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 07:37
0 Кейбір қаулылардың күші
жойылды деп тану туралы
«Құқықтық актілер туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 46-бабына сәйкес Жітіқара ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 Осы қаулының қосымшасына сәйкес тізбе бойынша әкімдік қаулыларының күші жойылды деп танылсын.
2 Әкімдіктің
2016 жылғы 03 қазандағы
№ 319 қаулысына қосымша
Әкімдіктің күші жойылған қаулыларының
тізбесі
1 1. «Мүгедектерге әлеуметтік көмектің қосымша түрлерін көрсету туралы» әкімдіктің 2008 жылғы 3 қаңтардағы № 29 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9-10-88 тіркелген, 2008 жылғы 22 ақпанда «Житикаринские новости» газетінде жарияланған).
2
2. «Ұлы Отан соғысының қатысушыларына, мүгедектеріне және соларға теңестірілген тұлғаларға әлеуметтік төлемдер белгілеу туралы» әкімдіктің 2008 жылғы 9 қаңтардағы № 43 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9-10-89 тіркелген, 2008 жылғы 15 ақпанда «Житикаринские новости» газетінде жарияланған).
3
3. «Мүгедектерге әлеуметтік көмектің қосымша түрлерін көрсету туралы» 2008 жылғы 3 қаңтардағы № 29 әкімдік қаулысына өзгерістер енгізу туралы» әкімдіктің 2008 жылғы 17 шілдедегі № 568 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9-10-99 тіркелген, 2008 жылғы 5 және 19 қыркүйекте «Житикаринские новости» газетінде жарияланған).
4
4. «Ұлы Отан соғысының қатысушыларына, мүгедектеріне және соларға теңестірілген тұлғаларға әлеуметтік төлемдер белгілеу туралы» 2008 жылғы 9 қаңтардағы № 43 әкімдік қаулысына өзгеріс енгізу туралы» әкімдіктің 2008 жылғы 17 шілдедегі № 569 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9-10-100 тіркелген, 2008 жылғы 5 және 19 қыркүйекте «Житикаринские новости» газетінде жарияланған).