О признании утратившими силу некоторых нормативных правовых актов акимата Кербулакского района
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О признании утратившими силу некоторых нормативных правовых актов акимата Кербулакского района
- Атауы (қаз.)
- Кербұлақ ауданы әкімдігінің бірқатар нормативтік құқықтық актілерінің күшін жою туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 405
- Қабылданған күні
- 30.09.2016
- Көрсетілген редакция
- 30.09.2016 106834_117851.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 30.09.2016
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- G16DM00405A
- ЭКБ идентификаторы
- 106834
- Редакция идентификаторы
- 106834_117851
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 07:37
0 Кербұлақ ауданы әкімдігінің бірқатар
нормативтік құқықтық актілерінің
күшін жою туралы
Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі №480-V «Құқықтық актілер туралы» Заңының 27 бабына және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы №148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін – өзі басқару туралы» Заңының 37 – бабының 8 –тармағына және «Алматы облысының әділет департаменті» мемлекеттік мекемесінің 2016 жылғы 31 тамыздағы № 05-13/ш2558 ұсынысына сәйкес, Кербұлақ ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. Кербұлақ ауданының әкімдігінің 2010 жылғы 27 қаңтардағы «Мүгедектер үшін жұмыс орындарының квотасы туралы» №11 (2010 жылғы 09 наурызында нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 2-13-106 тіркелген, 2010 жылғы 12 наурыздағы № 11 (3500) аудандық «Кербұлақ жұлдызы» газетіне жарияланған) қаулысының, Кербұлақ ауданының әкімдігінің 2010 жылғы 22 ақпандағы «Нысаналы топтардың жұмыссыздарын жұмысқа орналастыру үшін әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру туралы» № 29 (2010 жылғы 02 сәуірінде нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 2-13-111 тіркелген, 2010 жылғы 16 сәуірдегі № 16 (3505) аудандық «Кербұлақ жұлдызы» газетіне жарияланған) қаулысының, Кербұлақ ауданы әкімінің 2010 жылғы 14 желтоқсандағы «1994 жылы туылған азаматтарды әскерге шақыру учаскелерінде тіркеуге алуды ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы» №8 (2011 жылғы 18 қаңтарда нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 2-13-132 тіркелген, 2011 жылғы 21 қаңтардағы № 3 (3544) аудандық «Кербұлақ жұлдызы» газетіне жарияланған) шешімінің, Кербұлақ ауданының әкімдігінің 2012 жылғы 26 наурыздағы «Қазақстан Республикасының азаматтарын 2012 жылдың сәуір-маусымында және қазан - желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы» № 86 (2012 жылғы 12 сәуірінде нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 2-13-154 тіркелген, 2012 жылғы 20 сәуірдегі № 16 (3609) аудандық «Кербұлақ жұлдызы» газетіне жарияланған) қаулысының, Кербұлақ ауданының әкімдігінің 2013 жылғы 18 ақпандағы «Нысаналы топтарға жататын адамдардың қосымша тізбесін белгілеу туралы» №17 (2013 жылғы 15 наурызында нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 2327 тіркелген, 2013 жылғы 12 сәуірінде № 15 (3660) аудандық «Кербұлақ жұлдызы» газетіне жарияланған) қаулысының, Кербұлақ ауданының әкімдігінің 2013 жылғы 05 желтоқсандағы «Кербұлақ ауданында қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар үшін, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар және интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандар үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы» №321 (2013 жылғы 23 желтоқсанда нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 2527 тіркелген, 2013 жылғы 26 желтоқсанда № 52 (3697) аудандық «Кербұлақ жұлдызы» газетіне жарияланған) қаулысының, Кербұлақ ауданының әкімдігінің 2014 жылғы 17 маусымдағы «Кербұлақ ауданы бойынша қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы» № 221 (2014 жылғы 21 шілдедегі нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 2774 тіркелген, 2014 жылғы 25 шілдеде № 30 (3727) аудандық «Кербұлақ жұлдызы» газетіне жарияланған) қаулысының, Кербұлақ ауданының әкімдігінің 2014 жылғы 24 қыркүйектегі «Кербұлақ ауданы аумағында ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жұмыстарын ұйымдастыру және өткізу туралы»№309 (2014 жылғы 04 қарашасында нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 2904 тіркелген, 2014 жылғы 14 қарашасында № 46 (3743) аудандық «Кербұлақ жұлдызы» газетіне жарияланған) қаулысының, Кербұлақ ауданының әкімдігінің 2015 жылғы 31 наурыздағы «Кербұлақ аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы» № 64 (2015 жылғы 30 сәуірінде нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3153 тіркелген, 2015 жылғы 31 наурызында № 31 (3780) аудандық «Кербұлақ жұлдызы» газетіне жарияланған) қаулысының, Кербұлақ ауданының әкімдігінің 2015 жылғы 01 шілдедегі «Кербұлақ ауданы Сарыөзек ауылдық округі әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы» №189 (2015 жылғы 05 тамыздағы нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3323 тіркелген, 2015 жылғы 11 қыркүйегінде № 37 (3786) аудандық «Кербұлақ жұлдызы» газетіне жарияланған) қаулысының, Кербұлақ ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 22 желтоқсандағы «Кербұлақ ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы» № 344 (2016 жылғы 18 қаңтардағы нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3679 тіркелген, 2016 жылғы 05 ақпандағы № 6 (3807) аудандық «Кербұлақ жұлдызы» газетіне жарияланған) қаулыларының күші жойылды деп танылсын.