Об установлении единого тарифа на регулярные автомобильные перевозки пассажиров и багажа в городе Щучинск Бурабайского района
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об установлении единого тарифа на регулярные автомобильные перевозки пассажиров и багажа в городе Щучинск Бурабайского района
- Атауы (қаз.)
- Бурабай ауданының Щучинск қаласында жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты тасымалдауға бірыңғай тарифті белгілеу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- а-9/376
- Қабылданған күні
- 21.09.2016
- Көрсетілген редакция
- 30.09.2021 106850_540519.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 30.09.2021
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V16BS005563
- ЭКБ идентификаторы
- 106850
- Редакция идентификаторы
- 106850_540519
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 07:43
0 Бурабай ауданының Щучинск қаласында жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты тасымалдауға бірыңғай тарифті белгілеу туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31 бабына, «Автомобиль көлігі туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 шілдедегі Заңының 19 бабына сәйкес, Бурабай ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Бурабай ауданының Щучинск қаласындағы барлық маршруттар үшін жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты тасымалдаудың келесі бірыңғай тарифі белгіленсін:
ересектерге – 110 (жүз он) теңге көлемінде.
2. «Бурабай ауданының Щучинск қаласында жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты тасымалдауға бірыңғай тарифті белгілеу туралы» Бурабай ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 08 қаңтардағы № а-1/8 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4580 тіркелген, аудандық «Луч» және «Бурабай» газеттерінде 2015 жылғы 22 қаңтарда жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Қ.Н. Құдайбергеновке жүктелсін.
4. Осы қаулы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Бурабай аудандық
мәслихаттың хатшысы
______________ Ө. Бейсенов
2016 жылғы « 21 » 09