Құжат мәтініне өту

Об определении перечня приоритетных направлений расходов районного бюджета

Қаулы · № а-9/366 · қабылданған 15.09.2016
Заңдық күші: Қолданыста · 23.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-106851/on/2026-08-23/
Басып шығарылды 2026-08-23 · adilet.kz
Об определении перечня приоритетных направлений расходов районного бюджета Қолданыста Қаулы ·№ а-9/366 ·15.09.2016
13.04.2020 редакциясы
23.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 13.04.2020. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об определении перечня приоритетных направлений расходов районного бюджета

Қолданыста Қаулы ·№ а-9/366 · 23.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об определении перечня приоритетных направлений расходов районного бюджета
Атауы (қаз.)
Аудандық бюджет шығыстарының басым бағыттарының тізбесін анықтау туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
а-9/366
Қабылданған күні
15.09.2016
Көрсетілген редакция
13.04.2020 106851_454165.kaz
Соңғы өзгеріс
13.04.2020
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V16BS005566
ЭКБ идентификаторы
106851
Редакция идентификаторы
106851_454165
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 07:46

0 Аудандық бюджет шығыстарының басым бағыттарының тізбесін анықтау туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 4 желтоқсандағы № 540 бұйрығымен бекітілген Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесінің 213 тармағына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9934 болып тіркелген) сәйкес, Бурабай ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес, аудандық бюджет шығыстарының басым бағыттарының тізбесі анықталсын.

2 2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Е.Қ. Мұратовқа жүктелсін.

3 3. Осы қаулы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

4 Бурабай ауданы әкімдігінің 2016 жылғы « 15 » 09 № а-9/366

қаулысына қосымша
Аудандық бюджет шығыстарының
басым бағыттарының тізбесі

1 1. Еңбекақы және өзге ақшалай төлемдерді төлеу, соның ішінде техникалық персоналдың еңбекақысы және еңбекақыдан барлық ұстап қалулар.

2 2. Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерімен қарастырылған ақшалай өтемақылар.

3 3. Алименттер, міндетті зейнетақы жарналары, ерікті зейнетақы жарналары, әлеуметтік аударымдар, жәрдемақылар және өзге әлеуметтік төлемдер, шәкіртақылар.

4 4. Банк қызметтеріне төлем жасау, қарыздық міндеттемелерді өтеу және қызмет көрсету бойынша төлемдер, бюджеттік субвенциялар, салықтар және бюджетке төленетін өзге міндетті төлемдер.

5 5. Жанармай сатып алу (ғимараттарды жылытуға қатысты), тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша қызметтер, азық-түлік және дәрі-дәрмектерді сатып алу үшін шығындар.

6 6. Атқарушылық құжаттарды және сот актілерін орындау.

7 7. Нысаналы трансферттер және жоғары тұрған бюджеттерден бюджеттік кредиттер есебінен жүргізілетін шығыстар.

Қолданыстағы