Об утверждении перечня приоритетных сельскохозяйственных культур и нормы субсидий
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении перечня приоритетных сельскохозяйственных культур и нормы субсидий
- Атауы (қаз.)
- Басым ауыл шаруашылығы дақылдарының тізбесін және субсидиялардың нормаларын бекіту туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 309/7
- Қабылданған күні
- 11.10.2016
- Көрсетілген редакция
- 20.06.2017 106895_204128.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 20.06.2017
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V16P0005249
- ЭКБ идентификаторы
- 106895
- Редакция идентификаторы
- 106895_204128
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 07:33
0 Басым ауыл шаруашылығы
дақылдарының тізбесін және
субсидиялардың нормаларын
бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 ақпандағы № 4-3/177 бұйрығымен бекітілген Басым дақылдар өндiрудi субсидиялау арқылы өсiмдiк шаруашылығының шығымдылығын және өнім сапасын арттыруды, жанар-жағармай материалдарының және көктемгi егiс пен егiн жинау жұмыстарын жүргiзу үшін қажеттi басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын және ауыл шаруашылығы дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп өсіру шығындарының құнын субсидиялау қағидаларының 5-тармағына сәйкес Павлодар облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Басым ауыл шаруашылығы дақылдарының тізбесі және басым дақылдар өндiрудi субсидиялау арқылы өсiмдiк шаруашылығының шығымдылығын және өнім сапасын арттыруға, жанар-жағармай материалдары мен көктемгi егiс және егiн жинау жұмыстарын жүргiзу үшін қажеттi басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын және ауылшаруашылық дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп өсіру шығындарының құнын арзандатуға арналған субсидиялардың нормалары (1 гектар және (немесе) 1 тоннаға) бекітілсін.
2 2. Қалалар мен аудандар әкімдері субсидиялардың мақсатты пайдаланылуын қамтамасыз етсін.
3 3. «Павлодар облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесі заңнамамен белгіленген тәртіпте:
осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;
осы қаулы аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелгеннен кейін он күнтізбелік күн ішінде бұқаралық ақпарат құралдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;
осы қаулыны Павлодар облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
4 4. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары
Б.Қ. Қасеновқа жүктелсiн.
5 5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
6 2016 жылға арналған Басым ауыл шаруашылығы дақылдарының тізбесі және басым дақылдар өндiрудi субсидиялау арқылы өсiмдiк шаруашылығының шығымдылығын және өнім сапасын арттыруға, жанар-жағармай материалдары мен көктемгi егiс және егiн жинау жұмыстарын жүргiзу үшін қажеттi басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын және ауылшаруашылық дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп өсіру шығындарының құнын арзандатуға арналған субсидиялардың нормалары (1 гектар және (немесе) 1 тоннаға)
Павлодар облысы әкімдігінің
2016 жылғы 11 қазандағы
309/7 қаулысына қосымша
2016 жылға арналған Басым ауыл шаруашылығы дақылдарының тізбесі және басым дақылдар өндiрудi субсидиялау арқылы өсiмдiк шаруашылығының шығымдылығын және өнім сапасын арттыруға, жанар-жағармай материалдары мен көктемгi егiс және егiн жинау жұмыстарын жүргiзу үшін қажеттi басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын және ауылшаруашылық дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп өсіру шығындарының құнын арзандатуға арналған субсидиялардың нормалары (1 гектар және (немесе) 1 тоннаға)
Р/с №
Басымды дақылдардың тізбесі
1 гектарға бюджеттік субсидиялардың нормалары, теңге
1.
Бидай
500
2.
Дәнбұршақ дақылдары
3000
3.
Арпа
2000
4.
Сұлы
2000
5.
Қарақұмық
3000
6.
Тары
2500
7.
Күздік қарабидай
2000
8.
Бір жылдық шөптер
2500
9.
Бірінші, екінші және үшінші өсу жылдарындағы көп жылдық бұршақ тұқымдас шөптер
800
10.
Ағымдағы жылғы егістің көп жылдық шөптері
2000
11.
Сүрлемдік жүгері
10000
12.
Күнбағыс
2350
13.
Рапс
2500
14.
Зығыр
2500
15.
Көкөністер
6000
16.
Бақша дақылдары
6000
17.
Тамшылатып суармалау жағдайындағы бірінші жылғы картоп, көкөністер және бақша дақылдары және жүгері
75000
18.
Тамшылатып суармалау жағдайындағы екінші және одан да көп жылғы картоп, көкөністер, бақша дақылдары және жүгері
45000
19.
Өнеркәсіптік үлгідегі жылыжайлардың қорғалған топырақ жағдайындағы көкөністері (1 дақыл айналымы)
1500000
20.
Қарапайым үлгідегі жылыжайлардың қорғалған топырақ жағдайындағы көкөністері (1 дақыл айналымы)
400000
21.
Картоп
3000