О наименовании новой улицы села Узынагаш
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О наименовании новой улицы села Узынагаш
- Атауы (қаз.)
- Ұзынағаш ауылындағы жаңа көшеге атау беру туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 9-506
- Қабылданған күні
- 13.09.2016
- Көрсетілген редакция
- 13.09.2016 106902_120450.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 13.09.2016
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V16DG003978
- ЭКБ идентификаторы
- 106902
- Редакция идентификаторы
- 106902_120450
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 07:48
0 Ұзынағаш ауылындағы жаңа
көшеге атау беру туралы
«Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабының 4) тармақшасына сәйкес, Ұзынағаш селолық округінің Ұзынағаш ауылы халқының пікірін ескере отырып және 2016 жылғы 7 маусымдағы Алматы облысының ономастикалық комиссиясының қорытындысы негізінде, Ұзынағаш селолық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1 1. Ұзынағаш селолық округінің Ұзынағаш ауылындағы жаңа көшесіне «Тыныбек Оңалбаев» атауы берілсін.
2
2. «Жамбыл ауданы Ұзынағаш селолық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің бас маманы Абуова Алия Асетқызына осы шешімді әділет органдарында мемлекеттік тіркелгеннен кейін ресми және мерзімді баспа басылымдарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған интернет-ресурста және аудан әкімдігінің интернет-ресурсында жариялау жүктелсін.