Об определении сроков предоставления заявки на получение субсидий по каждому виду субсидируемых приоритетных сельскохозяйственных культур
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об определении сроков предоставления заявки на получение субсидий по каждому виду субсидируемых приоритетных сельскохозяйственных культур
- Атауы (қаз.)
- Субсидияланатын басым ауыл шаруашылығы дақылдарының әрбір түрi бойынша субсидия алуға өтінімді ұсыну мерзімдерін айқындау туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 350
- Қабылданған күні
- 27.09.2016
- Қолданысқа енгізілген күні
- 26.10.2016
- Көрсетілген редакция
- 16.11.2016 106945_124464.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 16.11.2016
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V16GJ003177
- ЭКБ идентификаторы
- 106945
- Редакция идентификаторы
- 106945_124464
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 07:40
0 Субсидияланатын басым ауыл
шаруашылығы дақылдарының
әрбір түрi бойынша субсидия
алуға өтінімді ұсыну мерзімдерін
айқындау туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы
23 қаңтардағы Заңына және «Басым дақылдар өндiрудi субсидиялау арқылы өсiмдiк шаруашылығының шығымдылығын және өнім сапасын арттыруды, жанар-жағармай материалдарының және көктемгi егіс пен егiн жинау жұмыстарын жүргiзу үшін қажеттi басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын және ауыл шаруашылығы дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп өсіру шығындарының құнын субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 ақпандағы №4-3/177 бұйрығына сәйкес Талас ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес басым дақылдар өндiрудi субсидиялау арқылы өсiмдiк шаруашылығының шығымдылығын және өнiм сапасын арттыруға, жанар-жағармай материалдарының және көктемгi егіс пен егін жинау жұмыстарын жүргізу үшін қажетті басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнына және ауыл шаруашылығы дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп өсіру шығындарының құнына субсидиялар алуға арналған ауданның ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілері тiзiмiне қосу үшін субсидияланатын басым ауыл шаруашылығы дақылдарының әрбір түрi бойынша өтінімдерді ұсыну мерзімдері айқындалсын.
2 2. «Талас ауданы әкімдігінің ауыл шаруашылығы бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:
1 1) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін;
2 2) осы қаулының мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оны ресми жариялауға жіберуді;
3 3) осы қаулының Талас ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
4 4) осы қаулыдан туындайтын басқа да шаралардың қабылдануын қамтамасыз етсін.
3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары
Рахимжанов Қайрат Аманжолұлына жүктелсін.
4 4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
9 Талас ауданы әкімдігінің
2016 жылғы «27» қыркүйектегі
№350 қаулысына қосымша
Басым ауыл шаруашылығы дақылдарының субсидияланатын әрбір түрi
бойынша субсидия алуға ауданның ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерін тізімге қосу үшін өтінімді ұсыну мерзімдері
№
Басым ауыл шаруашылығы дақылдары
Өтінімді ұсыну мерзімдерінің басталуы
Өтінімді ұсыну мерзімдерінің аяқталуы
1
Майлы дақылдар
10.10.2016 жыл
08.12.2016 жыл
2
Дәндік жүгері, өнеркәсіптік үлгідегі тамшылатып суару жүйелерін және өнеркәсіптік үлгідегі спринклерлік суару жүйелерін қолдану арқылы
10.10.2016 жыл
08.12.2016 жыл
3
Дәндік жүгері
10.10.2016 жыл
08.12.2016 жыл
4
Көпжылдық шөп (таза егіс)
10.10.2016 жыл
08.12.2016 жыл
5
2, 3 өсу жылдарындағы көпжылдық шөптер
10.10.2016 жыл
08.12.2016 жыл
6
Көп жылдық шөптер, өнеркәсіптік үлгідегі тамшылатып суару жүйелерін, өнеркәсіптік үлгідегі спринклерлік суару жүйелерін қолдану арқылы
10.10.2016 жыл
08.12.2016 жыл
7
Картоп
10.10.2016 жыл
08.12.2016 жыл
8
Күздік бидай
10.10.2016 жыл
08.12.2016 жыл
9
Жаздық арпа
10.10.2016 жыл
08.12.2016 жыл