Об определении перечня должностей специалистов в области социального обеспечения, культуры, являющихся гражданскими служащими и работающих в сельской местности
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об определении перечня должностей специалистов в области социального обеспечения, культуры, являющихся гражданскими служащими и работающих в сельской местности
- Атауы (қаз.)
- Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру және мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 2188
- Қабылданған күні
- 15.09.2016
- Көрсетілген редакция
- 02.09.2022 106961_603185.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 02.09.2022
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V16VA004691
- ЭКБ идентификаторы
- 106961
- Редакция идентификаторы
- 106961_603185
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 07:46
0 Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы
Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек кодексінің 18-бабының 2) тармақшасына, 139-бабының 9-тармағына сәйкес, Өскемен қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі осы қаулының қосымшасына сәйкес айқындалсын
2 2. Мыналардың:
1
1) Өскемен қаласы әкімдігінің 2014 жылғы 21 сәуірдегі № 4841 «Азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру және мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін анықтау туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3334 тіркелген, 2014 жылғы 29 мамырда «Өскемен», «Усть-Каменогорск» газеттерінде, 2015 жылғы 30 мамырда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) қаулысының;
2
2) Өскемен қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 9 желтоқсандағы № 14090 «Өскемен қаласы әкімдігінің 2014 жылғы 21 сәуірдегі № 4841 «Азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру және мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін анықтау туралы» қаулысына өзгеріс енгізу туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4310 тіркелген, 2016 жылғы 14 қаңтарда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде, 2016 жылғы 21 қаңтарда «Алдаспан», «Устинка» газеттерінде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
3 3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Өскемен қалалық
мәслихатының хатшысы
А. Абакумов
2016 жылғы «13» 09
6 Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі
Өскемен қаласы әкімдігінің
2016 жылғы «15» қыркүйектегі
№ 2188 қаулысына
қосымша
Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде
жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет саласындағы
мамандар лауазымдарының тізбесі