Құжат мәтініне өту

Об объявлении чрезвычайной ситуации

Өзге акт · № 12 · қабылданған 15.09.2016
Заңдық күші: Қолданыста · 18.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-107015/on/2026-08-18/
Басып шығарылды 2026-08-18 · adilet.kz
Об объявлении чрезвычайной ситуации Қолданыста Өзге акт ·№ 12 ·15.09.2016
15.09.2016 редакциясы
18.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 15.09.2016. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об объявлении чрезвычайной ситуации

Қолданыста Өзге акт ·№ 12 · 18.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об объявлении чрезвычайной ситуации
Атауы (қаз.)
Төтенше жағдай жариялау туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
12
Қабылданған күні
15.09.2016
Көрсетілген редакция
15.09.2016 107015_116195.kaz
Соңғы өзгеріс
15.09.2016
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V16KQ003959
ЭКБ идентификаторы
107015
Редакция идентификаторы
107015_116195
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 07:46

0 Төтенше жағдай

жариялау туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 33 бабының 1-тармағы 13) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 11 сәуірдегі «Азаматтық қорғау туралы» Заңының 48-бабына және 50 бабының 2 тармағы 2) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 2 шілдедегі №756 «Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың сыныптамасын белгілеу туралы» Қаулысына, төтенше жағдайларды алдын алу және жою бойынша аудандық комиссия отырысының 2016 жылғы 5 қыркүйектегі №4 хаттамасына, 2016 жылғы 7 қыркүйектегі ведмоствоаралық комиссияның үйді авариялық жағдайда деп тану туралы №1 хаттамасына, Шет ауданының Ақжал кентіндегі №5 тұрғын үйді комиссиялық тексеру кесіміне, 2016 жылғы 29 тамыздағы №27-01-88/964 Ақсу-Аюлы метеостанциясының ауа-райы жағдайы туралы анықтамасына,«Карағанда Техно Сервис» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің хатына, «Стройтехнология» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің Қарағанды облысы Шет ауданы Ақжал кенті №5үй мекен жайында орналасқан тұрғын үйдің негізгі құрылыс конструкцияларының техникалық жағдайына және күшейтуге әзірленген ұсыныс, сараптамалық тексерудің техникалық қорытындысына сәйкес, Шет ауданы Ақжал кентінің №5 үй тұрғындарының өмірін және денсаулығын сақтау үшін және Ақжал кентіндегі №5 үйдің құлаған жағдайда жақын орналасқан тұрғын үйлер мен кәсіпкерлік нысандарына төтенше жағдай салдарынан келтірілетін залалдыболдырмау мақсатында Шет ауданының әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:

1 1. Қарағанды облысы Шет ауданы Ақжал кентінде жергілікті деңгейдегі табиғи сипаттағы төтенше жағдай жариялансын.

2 2. Төтенше жағдайды жою басшысы болып Шет ауданы әкімінің орынбасары Мұхит Сайлауұлы Мұхтаров тағайындалсын және осы шешімнен туындайтын тиісті іс-шараларды жүргізу тапсырылсын.

3 3. Шет ауданы әкімінің 2016 жылғы 9 қыркүйектегі «Төтенше жағдай жариялау туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде №3955 болып тіркелген, 2016 жылғы 15 қыркүйектегі №37 (10 606)

«Шет шұғыласы» газетінде жарияланған) №11 шешімінің күші жойылды деп танылсын.

4 4. Осы шешімнің орындалысын бақылауды өзіме қалдырамын.

5 5. Осы шешім оның алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы