Кіру
Құжат мәтініне өту

Об определении ювелирных и других изделий, произведенных и (или) реализуемых на территории Республики Казахстан, не подлежащих обязательному опробованию и клеймению в уполномоченных организациях

Қаулы · № 601 · қабылданған 21.10.2016
Заңдық күші: Күшін жойған · 18.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-107052/on/2026-09-18/
Басып шығарылды 2026-09-18 · adilet.kz
Об определении ювелирных и других изделий, произведенных и (или) реализуемых на территории Республики Казахстан, не подлежащих обязательному опробованию и клеймению в уполномоченных организациях Күшін жойған Қаулы ·№ 601 ·21.10.2016
14.07.2023 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
18.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 14.07.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об определении ювелирных и других изделий, произведенных и (или) реализуемых на территории Республики Казахстан, не подлежащих обязательному опробованию и клеймению в уполномоченных организациях

Күшін жойған Қаулы ·№ 601 · 18.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об определении ювелирных и других изделий, произведенных и (или) реализуемых на территории Республики Казахстан, не подлежащих обязательному опробованию и клеймению в уполномоченных организациях
Атауы (қаз.)
Уәкілетті ұйымдарда міндетті сынамалануға және таңбалануға жатпайтын Қазақстан Республикасының аумағында өндірілген және (немесе) өткізілетін зергерлік және басқа да бұйымдарды айқындау туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
601
Қабылданған күні
21.10.2016
Көрсетілген редакция
14.07.2023 107052_643083.kaz
Соңғы өзгеріс
14.07.2023
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P1600000601
ЭКБ идентификаторы
107052
Редакция идентификаторы
107052_643083
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 07:28

0 Уәкілетті ұйымдарда міндетті сынамалануға және таңбалануға жатпайтын Қазақстан Республикасының аумағында өндірілген және (немесе) өткізілетін зергерлік және басқа да бұйымдарды айқындау туралы

«Бағалы металдар мен асыл тастар туралы» 2016 жылғы 14 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы 12-бабының 4-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес уәкілетті ұйымдарда міндетті сынамалануға және таңбалануға жатпайтын Қазақстан Республикасының аумағында өндірілген және (немесе) өткізілетін зергерлік және басқа да бұйымдар айқындалсын.

2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

0 Уәкілетті ұйымдарда міндетті сынамалануға және таңбалануға жатпайтын Қазақстан Республикасының аумағында өндірілген және (немесе) өткізілетін зергерлік және басқа да бұйымдар*

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2016 жылғы 21 қазандағы
№ 601 қаулысына
қосымша
Уәкілетті ұйымдарда міндетті сынамалануға және таңбалануға жатпайтын Қазақстан Республикасының аумағында өндірілген және (немесе) өткізілетін зергерлік және басқа да бұйымдар*

1. Тарихи, археологиялық, мәдени құндылыққа ие бағалы металдардан және (немесе) асыл тастардан жасалған бұйымдар.

2. Бөліктердің толық жиыны болмаған жағдайда, аяқталмаған немесе жиналмаған түрдегі бағалы металдардан жасалған бұйымдар.

3. Бағалы металл қорытпасының мың массалық бөлігіндегі таза бағалы металдың массалық бөліктерінің саны:

1) платина қорытпасы үшін 900;

2) алтын қорытпасы үшін 375;

3) палладий қорытпасы үшін 500;

4) күміс қорытпасы үшін 800 төмен бағалы металдардан жасалған зергерлік бұйымдар.

4. Бағалы металдардың, қымбат бағалы металдардан жасалған бұйымдарға әшекей ретінде пайдаланылатын саф металдар.

5. Әртүрлі әшекейлер ретінде және декоративтік мақсаттар үшін қолданылатын бағалы металдардан жасалған шыбықтар, жолақтар, сым, түтіктер, сондай-ақ оралған жұқа табақтар.

6. Қаламдар үшін бағалы металдардан жасалған қауырсындар.

7. Жеке тұлғалар әкелетін және (немесе) әкететін тауар ретінде жеке қолдануға арналған зергерлік және басқа да бұйымдар.

Ескертпе: * - бағалы металдар мен асыл тастардан жасалған зергерлік және басқа да бұйымдар – бағалы металдардан жасалған монеталарды қоспағанда, асыл тастардан және табиғи немесе жасанды жолмен алынған басқа да материалдардан жасалған көздері бар не онсыз, әртүрлі көркемдік өңдеу түрлерін пайдалана отырып, асыл тастардан, бағалы металдардан және олардың қорытпаларынан жасалған, әртүрлі әшекейлер, тұрмыстық кәдеге жарататын заттар ретінде және (немесе) діни әрі декоративтік мақсаттарда қолданылатын бұйымдар.

Қолданыстағы