О предоставлении социальной помощи на приобретение топлива
Күшін жойған
Өзге акт
·№ 5/9
·
21.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О предоставлении социальной помощи на приобретение топлива
- Атауы (қаз.)
- Отын сатып алу үшін әлеуметтік көмек беру туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 5/9
- Қабылданған күні
- 12.10.2016
- Көрсетілген редакция
- 04.10.2018 107065_362455.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 04.10.2018
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V16LI005629
- ЭКБ идентификаторы
- 107065
- Редакция идентификаторы
- 107065_362455
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 07:32
0 Отын сатып алу үшін
әлеуметтік көмек беру туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына және «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық
аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 08 шілдедегі Заңының 18-бабының
5-тармағына сәйкес Шиелі аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1 1. Ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына отын сатып алу үшін жергілікті бюджет қаражаты есебінен 4 (төрт) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде әлеуметтік көмек берілсін.
2 2. «Отын сатып алу үшін әлеуметтік көмек беру туралы» 2015 жылғы 01 қазандағы №44/5 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2015 жылғы 20 қазандағы №5182 тіркелген, 2015 жылғы 28 қазандағы «Өскен Өңір» газетінің №83 санында жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
3 3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
«Қызылорда облысының жұмыспен
қамтуды үйлестіру және әлеуметтік
бағдарламалар басқармасы»
мемлекеттік мекемесінің басшысы
____________________ М.Делмұханов
12 қазан 2016 жыл