Құжат мәтініне өту

Некоторые вопросы Министерства труда и социальной защиты населения Республики Казахстан

Қаулы · № 1668 · қабылданған 21.12.2001
Заңдық күші: Қолданыста · 18.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-10708/on/2026-08-18/
Басып шығарылды 2026-08-18 · adilet.kz
Некоторые вопросы Министерства труда и социальной защиты населения Республики Казахстан Қолданыста Қаулы ·№ 1668 ·21.12.2001
28.12.2016 редакциясы
18.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 28.12.2016. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Некоторые вопросы Министерства труда и социальной защиты населения Республики Казахстан

Қолданыста Қаулы ·№ 1668 · 18.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Некоторые вопросы Министерства труда и социальной защиты населения Республики Казахстан
Атауы (қаз.)
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгiнiң кейбiр мәселелерi
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
1668
Қабылданған күні
21.12.2001
Көрсетілген редакция
28.12.2016 AI10708_4.kaz
Соңғы өзгеріс
28.12.2016
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P010001668_
ЭКБ идентификаторы
10708
Редакция идентификаторы
AI10708_4
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
04.08.2026 23:24

0 Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгiнiң кейбiр мәселелерi

Мүгедектiк себебiн және тобын, еңбек ету қабiлетiнен айрылу дәрежесiн белгiлеу жөнiндегi қызметтi жетiлдiру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:

1 1. Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгi медициналық-әлеуметтiк сараптама мәселелерi жөнiндегi уәкiлеттi орган болып белгiленсiн.

2 2. Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлігi заңнамада белгiленген тәртiппен нормативтiк құқықтық кесiмдерге тиiстi өзгерiстер енгiзу жөнiнде Қазақстан Республикасының Үкiметiне ұсыныс әзiрлеп, енгiзсiн және осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.

3

3. Облыстардың, Астана, Алматы қалаларының әкiмдерiне мүгедектiк себебiн және тобын, еңбек ету қабiлетiнен айрылу дәрежесiн белгiлеу жөнiндегi сабақтастықты және толыққанды жұмысты қамтамасыз ету мақсатында облыстардың, Астана, Алматы қалаларының еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтiк қорғау басқармалары медициналық-әлеуметтік сараптама комиссияларының пайдалануындағы материалдық-техникалық мүлкiн Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгiнiң аумақтық органдарына беру ұсынылсын.

4 4. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне мынадай өзгерiс пен толықтырулар енгiзiлсiн:

1 1) күші жойылды – ҚР Үкіметінің 28.12.2016 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) № 887 қаулысымен.

2 2) күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2002.01.11 N 39 қаулысымен.

📌 Ескерту. 4-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2002.01.11 N 39; 28.12.2016 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) № 887 қаулысымен.

5 5. Осы қаулы 2002 жылғы 1 қаңтардан бастап күшiне енедi.

Қолданыстағы