О переименовании села Ленино сельского округа Байдалы би Жанааркинского района
Қолданыста
Қаулы
№ 68/01
21.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О переименовании села Ленино сельского округа Байдалы би Жанааркинского района
- Атауы (қаз.)
- Жаңаарқа ауданы Байдалы би ауылдық округінің Ленино ауылын қайта атау туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 68/01
- Қабылданған күні
- 22.09.2016
- Көрсетілген редакция
- 29.09.2016 107080_117213.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 29.09.2016
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V16K0003997
- ЭКБ идентификаторы
- 107080
- Редакция идентификаторы
- 107080_117213
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 07:42
21.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 29.09.2016. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
0 Жаңаарқа ауданы Байдалы би ауылдық округінің Ленино ауылын қайта атау туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», 1993 жылғы 8 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Заңдарына сәйкес, жергілікті қоғамдастық жиналысының 2016 жылғы 2 мамырдағы № 8 хаттамасы, Жаңаарқа ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 12 мамырдағы № 44/05 және Жаңаарқа ауданы мәслихатының 2016 жылғы 11 мамырдағы № 2/21 бірлескен қаулысы және шешімі, сондай-ақ, Қарағанды облысы әкімдігінің жанындағы облыстық ономастика комиссиясының 2016 жылғы 15 шілдедегі қорытындысы негізінде Қарағанды облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Қарағанды облыстық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Жаңаарқа ауданы Байдалы би ауылдық округінің Ленино ауылы – Талдыбұлақ ауылы деп қайта аталсын.
2. Осы Қарағанды облысы әкімдігінің және Қарағанды облыстық мәслихатының бірлескен қаулысы және шешімінің орындалуын бақылау Қарағанды облысы әкімінің жетекшілік жасайтын орынбасарына және Қарағанды облыстық мәслихатының әлеуметтік-мәдени даму және халықты әлеуметтік қорғау жөніндегі тұрақты комиссиясына (С.М.Әдекенов) жүктелсін.