Об определении критериев по выбору видов отчуждения коммунального имущества города Алматы
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об определении критериев по выбору видов отчуждения коммунального имущества города Алматы
- Атауы (қаз.)
- Алматы қаласының коммуналдық мүлкін иеліктен шығару түрлерін таңдау жөніндегі критерийлерді белгілеу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 3/479
- Қабылданған күні
- 27.09.2016
- Көрсетілген редакция
- 29.08.2024 107088_719223.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 29.08.2024
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V16R0001325
- ЭКБ идентификаторы
- 107088
- Редакция идентификаторы
- 107088_719223
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 07:40
0 Алматы қаласының коммуналдық мүлкін
иеліктен шығару түрлерін таңдау жөніндегі
критерийлерді белгілеу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Құқықтық актілер туралы» заңдарына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 9 тамыздағы № 920 «Жекешелендіру объектілерін сату қағидасын бекіту туралы» және 2015 жылғы 30 желтоқсандағы № 1141 «Жекешелендірудің 2016-2020 жылдарға арналған кейбір мәселелері туралы» қаулыларына сәйкес, Алматы қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Қоса беріліп отырған коммуналдық мүлікті иеліктен шығару түрлерін таңдау жөніндегі критерийлер осы қаулының қосымшасына сәйкес белгіленсін.
2 2. «Aлматы қаласы Қаржы басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі қолданыстағы заңнамамен белгіленген тәртіпте:
1 1) Aлматы қаласының әділет органдарына осы қаулының қабылданғаны туралы хабарласын;
2 2) осы қаулыны ресми баспа басылымдарында жариялау бойынша шаралар қабылдасын.
3
3. Алматы қаласы әкімдігінің «Алматы қаласының коммуналдық мүлкін иеліктен шығару түрлерін таңдау жөніндегі критерийлерді белгілеу туралы» 2014 жылғы 18 тамыздағы № 3/683 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2014 жылғы 16 қыркүйекте № 1084 болып тіркелген, 2014 жылғы 23 қыркүйекте «Алматы ақшамы» және «Вечерний Алматы» газеттерінде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
4 4. Осы қаулының орындалуын бақылау Алматы қаласы әкімінің орынбасары Ә. Жүнісоваға жүктелсін.
5 5. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
8 Алматы қаласы әкімдігінің
2016 жылғы « 27 » қыркүйектегі
№ 3/479 қаулысына қосымша
Коммуналдық мүлікті иеліктен шығару түрлерін таңдау
жөніндегі критерийлер
№ р/с
Критерий атауы
Иеліктен шығару түрі
1
объектіге әрі қарай бақылау жүргізуге мемлекет мүддесінің болмауы;
объектіні барынша мүмкін болатын жоғары бағамен сату және сауда-саттыққа қатысушыларды кеңінен тарту.
Аукцион түрінде сауда-саттық өткізу
2
сату шарттарын белгілеу жолымен белгілі бір уақыт кезеңінде объектіге мемлекеттің бақылауын сақтау қажеттілігі (қызмет бейінін сақтау);
объектіні барынша мүмкін болатын жоғары бағамен сату және сауда-саттыққа қатысушыларды кеңінен тарту.
тендер түрінде сауда-саттық өткізу
3
сенімгерлік басқарушының, жалға алушының (жалдаушының) кейіннен сатып алу құқығымен сенімгерлік басқару, мүліктік жалдау (жалға алу) шарттарының талаптарын орындауына белгілі бір уақыт кезеңінде мемлекеттің бақылауын сақтау қажеттілігі.
тікелей атаулы сату
4
объектінің қор биржасының талаптарына сәйкестігі;
шетелдік инвесторларды қоса, сауда-саттыққа қатысушыларды кеңінен тарту қажеттілігі
қор биржасында сауда-саттық өткізу
5
акционерлік қоғамдардың мемлекетке тиесілі ақцияларына құқығын растайтын туынды бағалы қағаздарды сату қажеттілігі.
туынды бағалы қағаздарды сату
6
жекешелендіру объектілерін сату алдындағы дайындық пен оларды сату жөнінде консультациялық қызметтерді тарту қажеттілігі;
жекешелендіру бағасының басымдығын және (немесе) өзге де шарттарын айқындайтын қаржы кеңесшісінің қатысуымен өткізу сауда-саттықты қажеттігі.
екі кезеңдік рәсімдер арқылы конкурс