О ставках налога на земли, выделенные под автостоянки (паркинги)
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О ставках налога на земли, выделенные под автостоянки (паркинги)
- Атауы (қаз.)
- Автотұрақтар (паркингтер) үшін бөлінген жерлерге арналған салық мөлшерлемелері туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 53
- Қабылданған күні
- 27.09.2016
- Көрсетілген редакция
- 27.04.2018 107159_321640.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 27.04.2018
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V16NB006671
- ЭКБ идентификаторы
- 107159
- Редакция идентификаторы
- 107159_321640
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 07:41
0 Автотұрақтар (паркингтер) үшін бөлінген жерлерге арналған салық мөлшерлемелері туралы
«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі) 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің 386-бабының 3-тармағына сәйкес мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1 1. Осы шешімнің 1-қосымшасына сәйкес автотұрақтардың (паркингтердің) санаттары белгіленсін.
2 2. Осы шешімнің 2-қосымшасына сәйкес автотұрақтардың (паркингтердің) санаттарына байланысты автотұрақтар (паркингтер) үшін бөлінген жерлерге базалық салық мөлшерлемелерін ұлғайту мөлшері белгіленсін.
3 3. Автотұрақтар (паркингтер) үшін бөлінген басқа санаттағы жерлерге салықты есептеу кезінде, жерлеріне базалық мөлшерлемелер қолданылатын жақын жатқан елді мекен Рудный қаласы болып айқындалсын.
4 4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2016 жылдың 4 мамырынан бастап туындаған қатынастарға таратылады.
«Қазақстан Республикасының Қаржы
министрлігі Мемлекеттік кірістер
комитетінің Қостанай облысы Мемлекеттік
кірістер департаментінің Рудный қаласы
бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы»
республикалық мемлекеттік мекемесі
басшысының міндетін атқарушы
_________________________С. Узакбаев
5 Мәслихаттың
2016 жылғы 27 қыркүйектегі
№ 53 шешіміне 1-қосымша
Автотұрақтардың (паркингтердің) санаттары
№
Автотұрақтардың (паркингтердің) түрлері
Автотұрақтардың
(паркингтердің)
санаттары
1
Ашық түрдегі автотұрақтар (паркингтер), жабық түрдегі жер үсті автотұрақтар (паркингтер)
I
2
Пандустары (рампалары) бар автотұрақтар (паркингтер)
II
3
Механикаландырылған автотұрақтар (паркингтер)
III
6 Мәслихаттың
2016 жылғы 27 қыркүйектегі
№ 53 шешіміне
2-қосымша
Автотұрақтардың (паркингтердің) санаттарына байланысты автотұрақтар (паркингтер) үшін бөлінген жерлерге базалық салық мөлшерлемелерін ұлғайту мөлшері
№
Автотұрақтардың (паркингтердің) санаттары
Базалық салық мөлшерлемелерінің ұлғайтылған мөлшерлері
1
I санат
10 есе
2
II санат
9 есе
3
III санат
8 есе