Құжат мәтініне өту

Об утверждении Правил выдачи служебного удостоверения государственного учреждения «Аппарат Нуринского районного маслихата» и его описание

Ереже · № 73 · қабылданған 06.10.2016
Заңдық күші: Күшін жойған · 12.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-107235/on/2026-08-12/
Басып шығарылды 2026-08-12 · adilet.kz
Об утверждении Правил выдачи служебного удостоверения государственного учреждения «Аппарат Нуринского районного маслихата» и его описание Күшін жойған Ереже ·№ 73 ·06.10.2016
18.11.2020 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
12.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 18.11.2020. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Правил выдачи служебного удостоверения государственного учреждения «Аппарат Нуринского районного маслихата» и его описание

Күшін жойған Ереже ·№ 73 · 12.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Правил выдачи служебного удостоверения государственного учреждения «Аппарат Нуринского районного маслихата» и его описание
Атауы (қаз.)
«Нұра аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің қызметтік куәлігін беру Қағидаларын және оның сипаттамасын бекіту туралы
Акт түрі
Ереже
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
73
Қабылданған күні
06.10.2016
Көрсетілген редакция
18.11.2020 107235_492857.kaz
Соңғы өзгеріс
18.11.2020
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V16KN004020
ЭКБ идентификаторы
107235
Редакция идентификаторы
107235_492857
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 07:35

0 «Нұра аудандық мәслихатының аппараты»

мемлекеттік мекемесінің қызметтік
куәлігін беру Қағидаларын және оның
сипаттамасын бекіту туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» және 2015 жылғы 23 қарашадағы «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңдарына сәйкес, аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:

1 1. «Нұра аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің қызметтік куәлігін беру Қағидалары және оның сипаттамасы бекітілсін.

2 2. Осы шешім оның алғаш ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

3 Нұра аудандық мәслихатының

2016 жылғы 6 қазандағы
7 сессиясының
№ ____шешімімен бекітілген
«Нұра аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің қызметтік куәлігін беру Қағидалары және оның сипаттамасы

1

1. Осы «Нұра аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің қызметтік куәлігін беру Қағидалары және оның сипаттамасы (бұдан әрі - Қағидалар) «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 30-бабы 4-тармағына сәйкес әзірленген және «Нұра аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің қызметтік куәлігін беру тәртібін және оның сипаттамасынайқындайды.

2 2. Қызметтік куәлік (бұдан әрі - куәлік) мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің «Нұра аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінде атқаратын лауазымын растайтын ресми құжат болып табылады.

3 3. Куәлік бір түрде жасанды теріден жасалған мұқабада көзделген.

4 4. Куәлік Нұра аудандық мәслихаты хатшысының қолымен белгіленген тәртіпте беріледі.

5 5. Куәлік лауазымға тағайындаған, ауыстырған (қайта тағайындаған), бүлінген, жоғалған кезде беріледі.

6 6. Атқарып отырған лауазымынан босатылған, қызметтен босатылған, ауыстырылған (қайта тағайындалған) кезде, қызметкерлер тиісті өкімнің шыққан күнінен бастап үш жұмыс күн ішінде куәлікті алған жеріне тапсырады.

7 7. Куәліктердің берілуі мен қайтарылуын есепке алуды осы Қағидаларға 1-қосымшадағы нысан бойынша нөмірленетін және тігілетін, куәліктерді беру және қайтару журналында жүзеге асырылады.

8 8. Куәліктердің берілуі мен қайтарылуын есепке алуды мәслихат аппаратының басшысы жүргізеді.

9 9. Куәліктерді есептен шығаруды және жоюды осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша куәліктерді есептен шығаруға және жоюға арналған тиісті актіні жасай отырып, мәслихат аппаратының басшысы жүргізеді.

10 10. Куәлікті жоғалтқан немесе бүлдірген жағдайда қызметкер үш жұмыс

күні ішінде жазбаша түрде мәслихат аппаратының басшысына хабарлайды.

11 11. Куәлікті жоғалтқан адам жоғалған куәліктің жарамсыздығы туралы ақпаратты жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарына жариялауға жібереді.

12

12. Қызметтік куәлікті дұрыс сақтамау нәтижесінде болған жоғалту, бүлдіру, сондай-ақ қызметтік куәлікті басқа тұлғаларға беру, қызметтік куәлікті жеке басы үшін қызметтен тыс мақсаттарда пайдаланудың әрбір фактіні аппарат басшысы белгіленген тәртіппен қызметтік тексеру жүргізу қажеттігі тұрғысынан қарайды.

13

13. Көк түсті жасанды теріден жасалған мұқабадағы куәлікте Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген және «Куәлік» деген жазбасы мемлекеттік және орыс тілінде болады. Ашылған түрінде куәліктің мөлшері 65x200 миллиметр болады. Сол жақ және оң жақ ішкі бөлігі белгіленген үлгідегі тангир торының аясында күннің астында қалықтаған бүркіт бейнеленген көгілдір түсте орындалған. Сол жағының сол жақ бұрышында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Елтаңбасының суреті. Сол жағының оң жақ бұрышындафотосуретке арналған орын бар. Екі жағында да жоғарғы бөлігінде мемлекеттік және орыс тілдерінде «Нұра аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі деген жазу басылады, төменгі жағында куәліктің нөмірі, мемлекеттік және орыс тілдерінде тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), атқаратын лауазымы мемлекеттік және орыс тілінде көрсетіледі. Екі жақ төменгі тарапында куәліктің берілген күні болады.

14 14. Куәліктер Нұра аудандық мәслихатының хатшысы қолымен расталады және елтаңбалы мөрмен бекітіледі.

18 «Нұра аудандық мәслихатының

аппараты» мемлекеттік
мекемесінің қызметтік куәлігін
беру Қағидалары және оның
сипаттамасына 1 қосымша
Нысан
«Нұра аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің қызметтік куәліктерін беру және қайтару журналы
Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
Атқаратын
лауазымы
Куәлік

Беру күні
Куәлік
берілген
қызметкердің
қолы
Тапсыру
күні
Куәлікті
тапсырған
қызметкердің
қолы
Ескертпе: журнал тігілген, нөмірленген болуы тиіс.

19 «Нұра аудандық мәслихатының

аппараты» мемлекеттік
мекемесінің қызметтік куәлігін
беру Қағидалары және оның
сипаттамасына 2 қосымша
Нысан
Ұйымның атауы
__________________ ________________
жасалу орны                                                     күні
Біз, төменде қол қойғандар (кемінде 3 қызметкер, тегін, атын, әкесінің атын (бар болса), атқаратын лауазымын көрсету керек), қызметтік куәлікті беру қағидаларының 7-тармағының негізінде «Нұра аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі қызметкерлерінің жұмыстан босатылуға, басқа қызметке ауысуға байланысты қызметтік куәліктерін жою және есептен шығару бойынша осы актіні жасадық.
Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) Лауазымның атауы Қолы
Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) Лауазымның атауы Қолы
Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) Лауазымның атауы Қолы

Қолданыстағы