О снятии ограничительных мероприятий на территории крестьянского хозяйства «Мереке» Уштобинского сельского округа
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О снятии ограничительных мероприятий на территории крестьянского хозяйства «Мереке» Уштобинского сельского округа
- Атауы (қаз.)
- Үштөбе ауылдық округіндегі «Мереке» шаруа қожалығы аумағында шектеу іс-шараларын алу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 32/01
- Қабылданған күні
- 27.09.2016
- Көрсетілген редакция
- 27.09.2016 107262_120124.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 27.09.2016
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- G16KK03201A
- ЭКБ идентификаторы
- 107262
- Редакция идентификаторы
- 107262_120124
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 07:40
0 Үштөбе ауылдық округіндегі
«Мереке» шаруа қожалығы аумағында
шектеу іс-шараларын алу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзін басқару туралы», 2002 жылғы 10 шілдедегі «Ветеринария туралы» Заңдарына сәйкес және 2016 жылғы 26 қыркүйектегі №06-3-02-33/460 «Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы Министрлігі ветеринариялық бақылау және қадағалау Комитетінің Бұқар жырау аудандық аумақтық инспекциясы» мемлекеттік мекемесі басшысының міндетін атқарушының ұсынысының негізінде, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Үштөбе ауылдық округіндегі ірі қара малдың арасынан бруцеллез ауруының ошақтарын жою бойынша кешенді ветеринарияық – санитарлы іс- шараларды жүргізумен байланысты, Үштөбе ауылдық округінің «Мереке» шаруа қожалығы аумағында белгіленген шектеу іс-шаралары алынсын.
2
2. Бұқар жырау ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 3 желтоқсандағы №47/01 «Үштөбе ауылдық округіндегі «Мереке» шаруа қожалығы аумағында шектеу іс-шараларын белгілеу туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде №3571 болып тіркелген, 2015 жылғы 28 қарашадағы №47 (1133) «Бұқар жырау жаршысы» аудандық газетінде жарияланған, 2016 жылғы 8 қаңтарда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Айганым Жолшоровна Акпановаға жүктелсін.
«КЕЛІСІЛДІ»
«Қазақстан Республикасы
ауыл шаруашылығы Министрлігі
ветеринариялық бақылау және
қадағалау Комитетінің
Бұқар жырау аудандық аумақтық
инспекциясы» басшысының міндетін атқарушы
_____________ М. Жанашев
" 26 " 09 2016 жыл