Об утверждении Методики учета выпуска услуг финансового посредничества
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении Методики учета выпуска услуг финансового посредничества
- Атауы (қаз.)
- Қаржылық делдалдық қызметтерінің шығарылымын есепке алу әдістемесін бекіту туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 217
- Қабылданған күні
- 23.09.2016
- Көрсетілген редакция
- 23.09.2016 107282_120549.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 23.09.2016
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V1600014362
- ЭКБ идентификаторы
- 107282
- Редакция идентификаторы
- 107282_120549
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 07:42
0 Қаржылық делдалдық қызметтерінің
шығарылымын есепке алу әдістемесін
бекіту туралы
«Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 19 наурыздағы Заңының 12-бабының 5) тармақшасына, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 қыркүйектегі № 1011 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі туралы ереженің 17-тармағының 258) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1 1. Қоса беріліп отырған Қаржылық делдалдық қызметтерінің шығарылымын есепке алу әдістемеcі бекітілсін.
2 2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің Ұлттық шоттар басқармасы Заң басқармасымен бірлесіп заңнамада белгіленген тәртіппен:
1 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2 2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялануға жіберілуін;
3
3) тіркелген бұйрықты алған күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде баспа және электрондық түрде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;
4 4) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3
3. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің Ұлттық шоттар басқармасы осы бұйрықты жұмыс бабында басшылыққа алу және пайдалану үшін Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің құрылымдық бөлімшелеріне және аумақтық органдарына жеткізсін.
4 4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан
Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті төрағасының орынбасарына (Қ.К. Орынханов) жүктелсін.
5 5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
0 Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі
Статистика комитеті төрағасының
2016 жылғы «23» қыркүйектегі
№217 бұйрығымен
бекітілді
Қаржылық делдалдық қызметтерінің шығарылымын есепке алу әдістемесі
1 1-тарау. Жалпы ережелер
1
1. Қаржылық делдалдық қызметтерінің шығарылымын есепке алу әдістемесі (бұдан әрі - Әдістеме) халықаралық стандарттарға сәйкес қалыптастырылатын және «Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 19 наурыздағы Заңына (бұдан әрі - Заң) сәйкес бекітілетін статистикалық әдіснамаға жатады.
2 2. Осы Әдістеме халықаралық стандарттарға сәйкес қаржылық делдалдық қызметтерінің шығарылымын есепке алу үшін Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің (бұдан әрі - Комитет) пайдалануына арналған және Ұлттық шоттар жүйесінің мақсаттары үшін ғана қолданылады.
3
3. Осы Әдістеменің мақсаты институционалдық секторлардың өндіріс, табыстарды пайдалану шоттарын және «ресурстар-пайдалану» мен «шығындар-шығарылым» кестелерін құру үшін пайдаланылатын қаржылық делдалдықтың жанама түрде өлшенетін қызметтерінің (бұдан әрі – ҚДЖӨҚ) шығарылымы мен пайдаланылу көрсеткіштерінің есептеулерін жетілдіру болып табылады. Осы Әдістемені қолдану қаржылық секторда құрылатын қосылған құнды бағалаудың сенімділігін арттыруға және экономика салаларында пайдалануға жәрдемдеседі.
4 4. Осы Әдістемеде келесі анықтамалар пайдаланылады:
1 1) депозиттер – банкке немесе басқа да депозиттік мекемеге сақтауға берілген, бірақ мерзімінің және белгілі бір шарттардың келуімен депозиттік келісімшартта белгіленген пайыздық мөлшерлемені төлеумен қайтаруға жататын ақшалай қаражат. Аударымдық және өзге де депозиттердің түрлері бар.
2 2) кредиттер (несиелер) – кредиторлар ақшалай қаражатты тікелей қарыз алушыларға ұсынған кезде пайда болатын қаржы құралдары, бұл беруге жатпайтын құжаттармен расталады.
3 3) қаржылық делдалдық – дебиторлардың қажеттіліктері мен кредиторлардың талаптарын сәйкестікке келтіру бойынша қызмет. Ол клиенттер оған сәйкес қарызға алатын және кредиттей алатын шарттардың баламалы жиынтығын ұсынатын қаржылық мекемелермен жүзеге асырылады.
2 2-тарау. 2008 жылғы ҰШЖ сәйкес ҚДЖӨҚ шығарылымын есептеу тәртібі
5
5. Банктер мен басқа да қаржылық мекемелердің делдалдық қызметі жинақтары бар және оларды инвестицияларды қаржыландыру үшін ресурстарды пайдаланатын институционалдық бірліктерге, қаржылық емес корпорацияларға қайтарымды негізде уақытша пайдалануға беретін әртүрлі институционалдық бірліктердің (үй шаруашылықтары мен кәсіпорындардың) бос қаржы ресурстарын тарту және шоғырландырудан тұрады. Банктер және басқа да қаржылық мекемелер жинақтайтын институционалдық бірліктер мен инвестициялайтын институционалдық бірліктер арасындағы делдал ретінде жүреді. Қаржылық мекемелердің делдалдық қызметі ресурстарды бір институционалдық бірліктерден өзгелерге беруге байланысты шығындарға ұшырайды, және өзіне белгілі тәуекелді жүктейді, қаржылық міндеттемелерді өзіне қабылдайды.
6
6. Несиелер қаржылық мекемелермен берілген және депозиттер қаржылық мекемелерде орналастырылған кезде ҚДЖӨҚ шығарылымы несиелермен және депозиттермен операцияларға қатысты анықталады. ҚДЖӨҚ шығарылымын есептеу кезінде есепке құнды қағаздармен операциялар нәтижесінде пайда болатын меншіктен түскен табыстарды есептеулерге қосылмайды, өйткені құнды қағаздармен жасалатын операциялар делдалдық болып табылмайды. Қаржылық мекемелер құнды қағаздарды нарықта сатып алғанда немесе сатқанда олар бұл қағаздардың бағасына әсер етпейді.
7
7. Банкаралық айқындамалар сәйкестендіріледі және құралдардың жеке санаты ретінде көрсетіледі. Бұл банкаралық несиелер мен депозиттердің өзге несиелер мен депозиттерден ажырату мүмкіндігін қарастыру себептерінің бірі. Екінші себеп қаржылық делдалдықтың жанама түрде өлшенетін қызметтерінің төлемін есептеумен байланысты. ҚДЖӨҚ есептеу үшін банктердің банктік емес клиенттерінің несилері мен депозиттері қалдықтарының шамалары пайдаланылады және банктер алатын немесе төлейтін пайыздар мен дәл сол несилер мен депозиттер қалдықтарына пайыздың базистік мөлшерлемесін қолдану жолымен есептелген пайыздар арасындағы айырмашылық есептеледі. Банктер арасындағы қатынастарда ҚДЖӨҚ төленеді немесе төленбейді, банктер бір-бірінен қарыз алады немесе бір-біріне тәуекел факторын қоспайтын мөлшерлеме бойынша қаражат ұсынады. Бұл себептер бойынша банкаралық несиелер мен депозиттер өзге несиелер мен депозиттерден ажыратылады (ҰШЖ 2008, 11.56-тармақ).
8
8. Пайыздың базистік мөлшерлемесінің есептелуі осы Әдістемеге 1-қосымшада келтірілген. ҚДЖӨҚ шығарылымын есептеу кезінде базистік мөлшерлеме ретінде банкаралық пайыздық мөлшерлеме пайдаланылады. Банкаралық пайыздық мөлшерлемені есептеу үшін жеткілікті бастапқы ақпарат жоқ. Бұл Әдістемеде базистік мөлшерлемені баламалы есептеу – несиелерге және депозиттерге пайыздың мөлшерлемелері арасындағы орташа мәнді пайдалану сипатталған.
9 9. Базистік мөлшерлемені есептеу үшін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми интернет-ресурсына орналастырылған деректері:
1 1) несиелер мен депозиттердің қалдықтары жөніндегі деректер;
2 2) алынған және төленген пайыздар жөніндегі деректер пайдаланылады.
10 10. Есептеулерде несиелер мен депозиттердің қорлары бойынша кезең соңындағы деректер пайдаланылған. Несиелер мен депозиттердің кезеңдегі орташа қалдықтары сәйкесінше ағымдағы айғы несиелер мен депозиттердің өткен аймен арифметикалық орташа ретінде есептелген.
11 11. Несиелер мен депозиттер бойынша пайыздардың мөлшерлемелері алынған және төленген пайыздардың тиісінше орташа алғанда кезеңдегі несиелер мен депозиттердің қалдықтарына қатынасымен есептеледі. Несиелер мен депозиттер бойынша пайыздың мөлшерлемесін есептеу формуласы:
мұндағы:
12 12. Базистік мөлшерлеме келесі формула бойынша есептеледі:
мұндағы:
13
13. ҚДЖӨҚ шығарылымын есептеу осы Әдістемеге 2-қосымшада келтірілген. ҚДЖӨҚ шығарылымын есептеу несиелермен және депозиттермен операциялар үшін жеке жүргізіледі. Несиелермен операциялар үшін ҚДЖӨҚ шығарылымы есептік кезеңдегі несиелердің орташа қалдығын несиелер бойынша пайыз мөлшерлемесі мен пайыздың базистік мөлшерлемесі арасындағы айырмашылыққа көбейту жолымен есептеп шығарылады. Депозиттермен операциялар үшін ҚДЖӨҚ шығарылымы есептік кезеңдегі депозиттердің орташа қалдығын пайыздың базистік мөлшерлемесі мен депозиттер бойынша пайыз мөлшерлемесі арасындағы айырмашылыққа көбейту арқылы есептеп шығарылады. Несиелер мен депозиттер бойынша ҚДЖӨҚ шығарылымын есептеу формулалары келесідей:
мұндағы:
14 14. ҚДЖӨҚ шығарылымының жалпы мөлшері несиелер бойынша ҚДЖӨҚ мен депозиттер бойынша ҚДЖӨҚ шығарылымдарын қосу арқылы алынады:
мұндағы:
3 3-тарау. Пайдаланушылар бойынша КДЖӨҚ шығарылымын бөлу тәртібі
15
15. Экономика секторлары бойынша ҚДЖӨҚ шығарылымын бөлу үшін экономика секторлары бөлінісіндегі кредиттер мен депозиттер бойынша деректер пайдаланылады. Экономиканың институционалдық секторлары бөлінісінде несиелер бойынша ҚДЖӨҚ шығарылымы кредиттер құрылымына қарай бөлінеді, депозиттер бойынша ҚДЖӨҚ шығарылымы депозиттер құрылымына қарай бөлінеді. Экономиканың институционалдық секторлары бөлінісіндегі кредиттер мен депозиттердің құрылымы осы Әдістемеге3-қосымшада келтірілген.
16 16. Үй шаруашылықтары секторы үш кіші секторға бөлінеді:
1 1) тұрғын үй иелері;
2 2) түпкілікті тұтынушылар;
3 3) корпорацияланбаған кәсіпорындар.
17
17. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің статистикалық жарияланымдарында банк кредиттері бойынша кредиттеу объектілеріне қарай құрылысқа және азаматтардың тұрғын үй сатып алуға арналған кредиттері мен азаматтардың тұтынушылық мақсаттарына арналған кредиттерінің ақпараты бар, бұл ақпарат негізінде олардың үй шаруашылықтары секторының кредиттеріндегі үлесі анықталады, кредиттердің қалған бөлігі корпорацияланбаған кәсіпорындардың кредиттеріне жатады. Осы есептік үлестер бойынша үй шаруашылықтары секторының ҚДЖӨҚ шығарылымы бөлінеді. Экономика секторлары бойынша ҚДЖӨҚ шығарылымын бөлу нәтижесі осы Әдістемеге 4-қосымшада келтірілген.
18
18. Институционалдық секторлар-пайдаланушылар бойынша ҚДЖӨҚ шығарылымын есептеу пайдалану элементтері бойынша оны бөлу үшін қажетті деректерді алуға мүмкіндік береді. Қаржылық емес және қаржылық корпорациялар, мемлекеттік басқару, үй шаруашылықтарына қызмет көрсететін коммерциялық емес ұйымдар (бұдан әрі – ҮШҚКЕҰ) секторлары және үй шаруашылықтарының кіші секторлары – өздері тұратын тұрғын үй иелері және корпорацияланбаған кәсіпорындардың иелері үшін ҚДЖӨҚ шығарылымы – осы секторлардың аралық тұтынуына жатады. Үй шаруашылықтары-тұтынушылардың кіші секторы үшін ҚДЖӨҚ шығарылымы үй шаруашылықтары секторының түпкілікті тұтынуына жатады.
19 19. Аралық тұтынуға қаржылық емес сектордың ҚДЖӨҚ шығарылымын бөлу осы Әдістемеге 5-қосымшада келтірілген. Келтірілген есептеулерден көрініп тұрғандай аралық шығындарға бөлу үшін экономика салаларындағы банктердің кредиттері жөніндегі ақпарат пайдаланылған.
Мемлекеттік басқарудың ҚДЖӨҚ шығарылымы «Мемлекеттік басқару және қорғаныс; міндетті әлеуметтік сақтандыру» саласын пайдалануға жатады.
Қалған секторлардың ҚДЖӨҚ шығарылымы тиісті секторлардың аралық тұтыну құрылымы бойынша бөлінеді.
4 4-тарау. ҚДЖӨҚ экспортын есептеу
20
20. ҚДЖӨҚ шығарылымын толық бағалау үшін несиелер резиденттердің қаржылық мекемелерімен бейрезиденттерге берілген және бейрезиденттердің депозиттері резиденттердің қаржылық мекемелеріне орналастырған кездегі несиелермен және депозиттермен операцияларға қатысты анықталатын ҚДЖӨҚ экспорты да бағаланады.
21 21. ҚДЖӨҚ экспортын қалыптастыру кезінде халықаралық инвестициялық айқындама мен төлем балансы бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми интернет-ресурсына орналастырылған деректері ақпараттық негіз болып табылады.
22 22. Экспортқа ҚДЖӨҚ шығарылымын есептеулердің тәсілі ішкі экономика үшін ҚДЖӨҚ шығарылымын есептеулерге ұқсас, яғни ҚДЖӨҚ экспорты базистік пайыздық мөлшерлеме тұжырымдамасын пайдалану арқылы есептеледі.
23
23. Банкаралық кредиттер мен депозиттер базистік мөлшерлеме бойынша немесе соған жақын ұсынылады, бұл жағдайда ҚДЖӨҚ болмайды. Сапалы базистік пайыздық мөлшерлемені есептеу бейрезиденттерден алынған пайыздар және бейрезиденттерге төленген пайыздар жөніндегі төлем балансының деректері резиденттер банктері мен бейрезиденттер банктері арасындағы түсімдер мен төлемдерді қосқан кезде қиындай түседі. ҚДЖӨҚ экспортын есептеуде базистік мөлшерлеме ретінде ішкі экономиканың базистік мөлшерлемесі пайдаланылады, пайыздың базистік мөлшерлемесінің есептелуі осы Әдістемеге 1-қосымшада көрсетілген.
24 24. ҚДЖӨҚ экспорты көрсетілетін қызметтер экспортының құрамында ескеріледі. ҚДЖӨҚ экспортын есептеу осы Әдістемеге 6-қосымшада келтірілген.
1 Қаржылық делдалдық қызметтерінің
шығарылымын есепке алу әдістемесіне 1-қосымша
Пайыздың базистік мөлшерлемесінің есептелуі
Кезең
Қалдықтары, млн.теңге
Алынған (төленген) пайыздар, млн.теңге
Кезеңге орташа қалдықтары, млн.теңге
Пайыздың мөлшерлемелері, %
Қалдық
тар
барлығы, млн.
теңге
Салмақтары, %
Пайыздың базистік мөлшерле-месі, %
несиелердің
депозит-тердің
несиелер бойынша
депозит-тер бойынша
несиелер-дің
депозит-тердің
несиелер бойынша
депозиттер бойынша
несиелер-дің
депозит-тердің
1
2
3
4
5
6
7=
3/5%
8=
4/6%
9=
5+6
10=
5/9%
11=
6/9%
12=(7*10+
8*11)
/100
12.12
9 958 040
8 994 735
01.13
9 902 445
9 073 532
87 823
32 446
9 930 243
9 034 134
0,9
0,4
18 964 376
52,4
47,6
0,6
02.13
10 002 721
9 126 719
81 231
31 366
9 952 583
9 100 126
0,8
0,3
19 052 709
52,2
47,8
0,6
03.13
10 118 207
9 649 854
81 587
32 687
10 060 464
9 388 287
0,8
0,3
19 448 751
51,7
48,3
0,6
04.13
10 258 633
9 612 620
87 300
32 329
10 188 420
9 631 237
0,9
0,3
19 819 657
51,4
48,6
0,6
05.13
10 373 628
9 858 172
104 479
33 786
10 316 131
9 735 396
1,0
0,3
20 051 527
51,4
48,6
0,7
06.13
10 544 984
10 055 355
69 614
33 297
10 459 306
9 956 764
0,7
0,3
20 416 070
51,2
48,8
0,5
07.13
10 707 692
10 205 826
113 734
36 483
10 626 338
10 130 591
1,1
0,4
20 756 929
51,2
48,8
0,7
08.13
10 782 777
9 882 913
70 212
33 865
10 745 235
10 044 370
0,7
0,3
20 789 604
51,7
48,3
0,5
09.13
10 935 689
10 104 699
91 948
34 404
10 859 233
9 993 806
0,8
0,3
20 853 039
52,1
47,9
0,6
10.13
11 040 434
10 242 495
95 849
36 167
10 988 062
10 173 597
0,9
0,4
21 161 659
51,9
48,1
0,6
11.13
11 251 456
9 935 252
111 228
35 833
11 145 945
10 088 874
1,0
0,4
21 234 819
52,5
47,5
0,7
12.13
11 291 548
10 085 857
98 193
36 900
11 271 502
10 010 555
0,9
0,4
21 282 057
53,0
47,0
0,6
01.14
11 314 974
10 484 454
96 382
37 409
11 303 261
10 285 156
0,9
0,4
21 588 417
52,4
47,6
0,6
02.14
12 069 376
11 032 811
90 890
36 018
11 692 175
10 758 633
0,8
0,3
22 450 808
52,1
47,9
0,6
03.14
12 166 613
11 476 295
99 771
37 365
12 117 995
11 254 553
0,8
0,3
23 372 548
51,8
48,2
0,6
04.14
12 229 635
11 423 070
98 549
37 434
12 198 124
11 449 683
0,8
0,3
23 647 807
51,6
48,4
0,6
05.14
12 306 369
11 523 747
101 519
39 304
12 268 002
11 473 409
0,8
0,3
23 741 411
51,7
48,3
0,6
06.14
12 163 324
11 959 245
100 803
39 016
12 234 847
11 741 496
0,8
0,3
23 976 343
51,0
49,0
0,6
07.14
12 185 597
11 985 061
105 375
40 943
12 174 461
11 972 153
0,9
0,3
24 146 614
50,4
49,6
0,6
08.14
12 179 053
11 970 059
104 443
40 434
12 182 325
11 977 560
0,9
0,3
24 159 885
50,4
49,6
0,6
09.14
12 228 285
12 097 531
105 755
41 702
12 203 669
12 033 795
0,9
0,3
24 237 464
50,4
49,6
0,6
10.14
12 163 423
12 276 223
110 736
41 430
12 195 854
12 186 877
0,9
0,3
24 382 731
50,0
50,0
0,6
11.14
12 212 913
11 752 291
109 093
41 260
12 188 168
12 014 257
0,9
0,3
24 202 425
50,4
49,6
0,6
12.14
12 105 684
11 694 235
110 463
38 376
12 159 299
11 723 263
0,9
0,3
23 882 562
50,9
49,1
0,6
01.15
12 165 954
11 367 374
107 906
39 913
12 135 819
11 530 805
0,9
0,3
23 666 624
51,3
48,7
0,6
02.15
12 080 763
11 266 376
98 814
37 712
12 123 359
11 316 875
0,8
0,3
23 440 234
51,7
48,3
0,6
03.15
12 045 438
11 284 994
110 173
40 688
12 063 101
11 275 685
0,9
0,4
23 338 786
51,7
48,3
0,6
04.15
12 103 029
11 248 321
108 777
39 847
12 074 234
11 266 658
0,9
0,4
23 340 891
51,7
48,3
0,6
05.15
12 068 251
11 446 876
110 673
39 807
12 085 640
11 347 599
0,9
0,4
23 433 239
51,6
48,4
0,6
06.15
10 711 452
11 939 252
81 437
29 746
11 389 852
11 693 064
0,7
0,3
23 082 916
49,3
50,7
0,5
07.15
10 639 991
11 802 886
114 601
40 904
10 675 722
11 871 069
1,1
0,3
22 546 791
47,3
52,7
0,7
08.15
11 378 882
13 205 479
117 531
41 708
11 009 437
12 504 183
1,1
0,3
23 513 619
46,8
53,2
0,7
09.15
11 834 094
14 295 026
121 726
45 144
11 606 488
13 750 253
1,0
0,3
25 356 741
45,8
54,2
0,7
10.15
11 964 441
14 573 731
126 441
46 226
11 899 268
14 434 379
1,1
0,3
26 333 646
45,2
54,8
0,7
11.15
12 368 582
15 494 199
128 237
48 846
12 166 512
15 033 965
1,1
0,3
27 200 477
44,7
55,3
0,7
12.15
12 674 245
15 970 481
132 694
53 496
12 521 414
15 732 340
1,1
0,3
28 253 754
44,3
55,7
0,7
2 Қаржылық делдалдық қызметтерінің
шығарылымын есепке алу әдістемесіне 2-қосымша
Қаржылық делдалдықтың жанама түрде өлшенетін қызметтерінің шығарылымын есептеу
Кезең
ҚДЖӨҚ, млн.теңге
ҚДЖӨҚ барлығы, млн.теңге
несиелер бойынша
депозиттер бойынша
13*=(7-12)%*5
14*=(12-8)%*6
15*=13+14
01.13
24 847
24 847
49 694
02.13
22 414
22 414
44 827
03.13
22 475
22 475
44 951
04.13
25 804
25 804
51 608
05.13
33 344
33 344
66 688
06.13
16 892
16 892
33 784
07.13
36 832
36 832
73 664
08.13
16 419
16 419
32 838
09.13
26 150
26 150
52 301
10.13
27 300
27 300
54 600
11.13
34 037
34 037
68 074
12.13
26 645
26 645
53 289
01.14
26 332
26 332
52 663
02.14
24 798
24 798
49 595
03.14
28 670
28 670
57 340
04.14
28 405
28 405
56 811
05.14
28 751
28 751
57 502
06.14
29 455
29 455
58 910
07.14
31 603
31 603
63 206
08.14
31 390
31 390
62 781
09.14
31 510
31 510
63 020
10.14
34 625
34 625
69 250
11.14
33 376
33 376
66 752
12.14
34 685
34 685
69 370
01.15
32 107
32 107
64 214
02.15
28 203
28 203
56 405
03.15
32 197
32 197
64 395
04.15
31 894
31 894
63 789
05.15
33 063
33 063
66 127
06.15
26 576
26 576
53 152
07.15
40 970
40 970
81 941
08.15
42 973
42 973
85 946
09.15
45 345
45 345
90 689
10.15
48 418
48 418
96 837
11.15
49 030
49 030
98 059
12.15
50 179
50 179
100 358
Ескертпе:
ҚДЖӨҚ - қаржылық делдалдықтың жанама түрде өлшенетін қызметтер,
* бағаналарды нөмірлеу осы Әдістеменің 1-қосымшасындағы кестенің бағаналарын нөмірлеудің жалғасы болып табылады.
3 Қаржылық делдалдық қызметтерінің
шығарылымын есепке алу әдістемесіне 3-қосымша
Экономиканың институционалдық секторлары бөлінісіндегі кредиттер мен депозиттердің құрылымы
Кезең
Экономика секторлары бойынша кредиттер, млн.теңге
Экономика секторлары бойынша кредиттердің құрылымы, %
Қаржылық емес корпорациялар секторы
Қаржылық корпорация-лар секторы
Мемлекеттік басқару секторы
Үй шаруашы-лықтары секторы
ҮШҚ
КЕҰ секторы
Экономика тұтастай
Қаржылық емес корпорация-лар секторы
Қаржылық корпорация-лар секторы
Мемлекеттік басқару секторы
Үй шаруашы-лықтары секторы
ҮШҚ
КЕҰ секторы
Экономика тұтастай
2013
9 244 320
244 763
90
3 780 843
1 449
13 271 466
69,66
1,84
0,00
28,49
0,01
100
2014
9 617 293
263 049
119
4 174 311
1 940
14 056 711
68,42
1,87
0,00
29,70
0,01
100
2015
9 284 783
2 537 025
297
4 379 163
2 159
16 203 427
57,30
15,66
0,00
27,03
0,01
100
Кезең
Экономика секторлары бойынша депозиттер, млн.теңге
Экономика секторлары бойынша депозиттердің құрылымы, %
Қаржылық емес корпорациялар секторы
Қаржылық корпорация-лар секторы
Мемлекеттік басқару секторы
Үй шаруашы-лықтары секторы
ҮШҚ
КЕҰ секторы
Экономика тұтастай
Қаржылық емес корпорация-лар секторы
Қаржылық корпорация-лар секторы
Мемлекеттік басқару секторы
Үй шаруашы-лықтары секторы
ҮШҚ
КЕҰ секторы
Экономика тұтастай
2013
4 727 907
794 047
108
3 905 141
411 755
9 838 958
48,05
8,07
0,00
39,69
4,18
100,00
2014
4 985 361
1 247 314
211
4 397 476
503 348
11 133 710
44,78
11,20
0,00
39,50
4,52
100,00
2015
6 195 239
1 556 554
908
6 792 709
932 379
15 477 789
40,03
10,06
0,01
43,89
6,02
100,00
Ескертпе:
ҮШҚКЕҰ - үй шаруашылықтарына қызмет көрсететін коммерциялық емес ұйымдар.
Қаржылық делдалдық қызметтерінің шығарылымын есепке алу әдістемесіне 4-қосымша
Экономика секторлары бойынша қаржылық делдалдықтың жанама түрде өлшенетін қызметтерінің шығарылымын бөлу нәтижесі
Кезең
Секторлар (несиелер + депозиттер) бойынша ҚДЖӨҚ, млн.теңге
Қаржылық емес корпорациялар секторы
Қаржылық корпорациялар секторы
Мемлекеттік басқару секторы
Үй шаруашылық-тары секторы
одан
ҮШҚКЕҰ секторы
Экономика тұтастай
тұрғын үй иелері
тұтынушылар
корпорацияланбаған кәсіпорындар
2013
368 615
31 049
6
213 509
55 365
124 318
33 826
13 140
626 318
2014
411 577
47 538
10
251 586
59 768
155 598
36 220
16 488
727 200
2015
448 639
118 530
35
326 877
76 895
195 355
54 627
27 829
921 911
Ескертпе:
ҚДЖӨҚ - қаржылық делдалдықтың жанама түрде өлшенетін қызметтер,
ҮШҚКЕҰ - үй шаруашылықтарына қызмет көрсететін коммерциялық емес ұйымдар.
Қаржылық делдалдық қызметтерінің шығарылымын есепке алу әдістемесіне 5-қосымша
Аралық тұтынуға қаржылық емес сектордың қаржылық делдалдықтың жанама түрде өлшенетін қызметтерінің шығарылымын бөлу
Қызмет түрлері
Банктердің кредиттері, кезең соңына,
млн.теңге
Кредиттер құрылымы, %
Қаржылық емес сектордың ҚДЖӨҚ,
млн.теңге
2013
2014
2015
2013
2014
2015
2013
2014
2015
Экономика салалары бойынша барлығы
11 291 548
12 105 684
12 674 245
100,0
100,0
100,0
368 615
411 577
448 639
одан:
Өнеркәсіп
1 282 613
1 369 226
1 698 638
11,4
11,3
13,4
65 083
73 509
91 898
соның ішінде:
0
0
0
1. Кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазу
309 262
298 631
456 300
2,7
2,5
3,6
15 693
16 033
24 686
2. Өңдеу өнеркәсібі
876 452
948 894
1 037 772
7,8
7,8
8,2
44 473
50 943
56 144
соның ішінде:
0
0
0
Сусындар мен темекі өнімдерін қоса алғанда тамақ өнімдерін өндіру
334 297
341 134
306 635
3,0
2,8
2,4
16 963
18 314
16 589
одан:
2
462
0
Сусындарды қоса алғанда тамақ өнімдерін өндіру
334 259
332 525
306 635
3,0
2,7
2,4
16 961
17 852
16 589
Тоқыма бұйымдарын және киім өндіру
26 993
18 329
9 255
0,2
0,2
0,1
1 370
984
501
Былғары және оған жататын өнімдерді өндіру
4 308
2 693
1 379
0,0
0,0
0,0
219
145
75
Жиһаздан басқа ағаштан және тоздан жасалған бұйымдарды өндіру; сабаннан және өруге арналған материалдан жасалған бұйымдар өндіру
9 657
8 543
5 858
0,1
0,1
0,0
490
459
317
Қағаз және қағаздан жасалған өнімдер өндіру; жазылған материалдарды басып шығару және жаңғырту
20 975
25 466
37 335
0,2
0,2
0,3
1 064
1 367
2 020
Кокс және мұнай өңдеу өнімдерін өндіру
29 405
18 202
50 196
0,3
0,2
0,4
1 492
977
2 716
Химиялық өнеркәсіп өнімдерін өндіру;
негізгі фармацевтикалық өнімдерді өндіру
63 540
79 342
71 569
0,6
0,7
0,6
3 224
4 260
3 872
Резеңке және пластмасса бұйымдарын өндіру
18 468
28 702
28 928
0,2
0,2
0,2
937
1 541
1 565
Өзге де металл емес минералдық өнімдерді өндіру
138 930
153 612
163 033
1,2
1,3
1,3
7 050
8 247
8 820
Металлургия өнеркәсібі; машиналар мен жабдықтардан басқа дайын металл бұйымдарын жасау
109 470
132 799
194 260
1,0
1,1
1,5
5 555
7 130
10 510
Басқа санаттарға кіргізілмеген машиналар мен жабдықтар жасау
30 361
33 149
30 104
0,3
0,3
0,2
1 541
1 780
1 629
Компьютерлер, электрондық және оптикалық бұйымдарды жасау; электр жабдықтарын жасау
31 687
42 362
45 242
0,3
0,3
0,4
1 608
2 274
2 448
Автокөлік құралдарын, трейлерлер және жартылай тіркемелер жасау; өзге де көлік құралдарын жасау
25 031
27 824
50 036
0,2
0,2
0,4
1 270
1 494
2 707
Өңдеу өнеркәсібінің өзге де салалары
33 329
36 737
43 942
0,3
0,3
0,3
1 691
1 972
2 377
3. Өнеркәсіптің өзге де салалары
96 899
121 701
204 566
0,9
1,0
1,6
4 917
6 534
11 067
Ауыл, орман және балық шаруашылығы
375 431
485 002
653 643
3,3
4,0
5,2
19 050
26 038
35 363
Өсімдік және мал шаруашылығы, аңшылық және осы салаларда қызметтер ұсыну
373 921
483 328
651 655
3,3
4,0
5,1
18 974
25 948
35 255
Орман шаруашылығы және ағаш дайындау
616
509
702
0,0
0,0
0,0
31
27
38
Балық шаруашылығы және аквадақыл
894
1 164
1 286
0,0
0,0
0,0
45
63
70
Құрылыс
1 383 302
1 143 174
991 740
12,3
9,4
7,8
70 192
61 373
53 654
Көлік және қоймалау
395 590
434 385
609 183
3,5
3,6
4,8
20 073
23 321
32 957
соның ішінде:
0
0
0
Құрлық көлігі және құбырмен тасымалдау
98 919
92 821
91 105
0,9
0,8
0,7
5 019
4 983
4 929
Су көлігі
24 897
28 429
32 614
0,2
0,2
0,3
1 263
1 526
1 764
Әуе көлігі
24 721
18 722
40 454
0,2
0,2
0,3
1 254
1 005
2 189
Қойма шаруашылығы және қосалқы көлік қызметі; почталық және курьерлік қызмет
247 054
294 413
445 010
2,2
2,4
3,5
12 536
15 806
24 075
Ақпарат және байланыс
89 929
96 925
136 715
0,8
0,8
1,1
4 563
5 204
7 396
Көтерме және бөлшек сауда; автомобильдерді және мотоциклдерді жөндеу
2 207 340
2 419 861
2 645 676
19,5
20,0
20,9
112 006
129 914
143 134
Басқа салалар
1 530 198
1 717 692
1 557 031
13,6
14,2
12,3
77 646
92 217
84 237
Басқалар (өндірістік емес сала, жеке қызмет)
4 027 146
4 439 419
4 381 619
35,7
36,7
34,6
Ескертпе:
ҚДЖӨҚ - қаржылық делдалдықтың жанама түрде өлшенетін қызметтер
Қаржылық делдалдық қызметтерінің шығарылымын есепке алу әдістемесіне 6-қосымша
Қаржылық делдалдықтың жанама түрде өлшенетін қызметтерінің экспортын есептеу
Кезең
Орташа алғанда кезеңдегі қалдықтары, млн.теңге
Пайыздың мөлшерлемелері, %
Қалдықтар барлығы, млн.теңге
Салмақтары, %
Пайыздың базистік мөлшерлемесі, %
ҚДЖӨҚ, млн.теңге
ҚД
ЖӨҚ барлығы, млн.
теңге
кредиттердің
депозиттердің
кредиттер бойынша
депозиттер бойынша
кредиттердің
депозиттердің
кредиттер бойынша
депозиттер бойынша
1
2
3
4
5=1+2
6=1/5%
7=2/5%
8=(3*6+
4*7)/100
9=(3-8)%*1
10=(8-4)%*2
11=
9+10
2013
1 763 409
245 342
10,3
4,2
2 008 751
87,8
12,2
9,6
13 227
13 227
26 454
2014
2 164 877
305 863
10,2
4,0
2 470 740
87,6
12,4
9,4
16 465
16 465
32 931
2015
777 756
229 603
11,5
3,9
1 007 359
77,2
22,8
9,8
13 387
13 387
26 773
Ескертпе:
ҚДЖӨҚ - қаржылық делдалдықтың жанама түрде өлшенетін қызметтер