Құжат мәтініне өту

О некоторых вопросах Министерства здравоохранения и социального развития Республики Казахстан

Қаулы · № 236 · қабылданған 15.04.2015
Заңдық күші: Қолданыста · 19.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-1073/on/2026-08-19/
Басып шығарылды 2026-08-19 · adilet.kz
О некоторых вопросах Министерства здравоохранения и социального развития Республики Казахстан Қолданыста Қаулы ·№ 236 ·15.04.2015
17.02.2017 редакциясы
19.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 17.02.2017. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О некоторых вопросах Министерства здравоохранения и социального развития Республики Казахстан

Қолданыста Қаулы ·№ 236 · 19.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О некоторых вопросах Министерства здравоохранения и социального развития Республики Казахстан
Атауы (қаз.)
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің кейбір мәселелері туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
236
Қабылданған күні
15.04.2015
Көрсетілген редакция
17.02.2017 1073_283636.kaz
Соңғы өзгеріс
17.02.2017
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P1500000236
ЭКБ идентификаторы
1073
Редакция идентификаторы
1073_283636
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 15:27

0 Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің кейбір мәселелері туралы

«Мемлекеттік мүлік туралы» 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 130-бабының 1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Мыналар заңнамада белгіленген тәртіппен қайта құру жолымен:

1

1) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің «ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі республикалық орталық» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің «ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі республикалық орталық» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны;

2

2) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің «Республикалық қан орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің «Республикалық қан орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны;

3

3) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің «Отан соғысының мүгедектеріне арналған республикалық клиникалық госпиталь» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің «Отан соғысының мүгедектеріне арналған республикалық клиникалық госпиталь» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны болып қайта ұйымдастырылсын.

2 2. Мыналар:

1 1) осы қаулының 1-тармағында көрсетілген кәсіпорындар қызметінің негізгі нысанасы денсаулық сақтау саласындағы қызметті жүзеге асыру;

2 2) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі осы қаулының 1-тармағында көрсетілген кәсіпорындарға қатысты мемлекеттік басқарудың тиісті саласына басшылық ету жөніндегі уәкілетті орган болып айқындалсын.

3 3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен:

1 1) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетіне осы қаулының 1-тармағында көрсетілген кәсіпорындардың жарғыларын бекітуге енгізсін және олардың әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін;

2 2) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.

4. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

1

2

5 5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы