О внесении изменений и дополнений в некоторые решения Правительства Республики Казахстан
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений и дополнений в некоторые решения Правительства Республики Казахстан
- Атауы (қаз.)
- Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 616
- Қабылданған күні
- 25.10.2016
- Көрсетілген редакция
- 25.10.2016 107312_185286.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 25.10.2016
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- P1600000616
- ЭКБ идентификаторы
- 107312
- Редакция идентификаторы
- 107312_185286
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 07:26
0 Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне
өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.
2 2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
1 Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2016 жылғы 25 қазандағы
№ 616 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар
1 1.«Акциялардың мемлекеттік пакеттеріне мемлекеттік меншіктің түрлері және ұйымдарға қатысудың мемлекеттік үлестері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 12 сәуірдегі № 405 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., № 13, 124-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген акцияларының мемлекеттік пакеттері мен қатысу үлестері республикалық меншікте қалатын акционерлік қоғамдар мен шаруашылық серіктестіктердің тізбесінде:
«Астана қаласы» деген бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 21-177-жолмен толықтырылсын:
«21-177. «ҚазАгроИнновация» акционерлік қоғамы».».
2 2.«Республикалық меншіктегі ұйымдар акцияларының мемлекеттік пакеттері мен мемлекеттік үлестеріне иелік ету және пайдалану жөніндегі құқықтарды беру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 мамырдағы № 659 қаулысында:
иелік ету және пайдалану құқығы салалық министрліктерге, өзге де мемлекеттік органдарға берілетін республикалық меншік ұйымдарындағы акциялардың мемлекеттік пакеттерінің және қатысудың мемлекеттік үлестерінің тізбесінде:
«Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігіне» деген бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 205-37-жолмен толықтырылсын:
«205-37. «ҚазАгроИнновация» акционерлік қоғамы».».
3 3.«Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің кейбір мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 6 сәуірдегі № 310 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы,
2005 ж., № 14, 168-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі туралы ережеде:
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің және оның ведомстволарының қарамағындағы ұйымдардың тізбесінде:
2. «Акционерлік қоғамдар» деген бөлім мынадай мазмұндағы 7-тармақпен толықтырылсын:
«7. «ҚазАгроИнновация» акционерлік қоғамы».».
4 4.«Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығы» коммерциялық емес акционерлік қоғамын құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2015 жылғы 22 тамыздағы № 659 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2015 ж., № 45, 355-құжат):
4-тармақ және 5-тармақтың 3) тармақшасы алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 6-1-тармақпен толықтырылсын:
«6-1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) «ҚазАгроИнновация» акционерлік қоғамының (бұдан әрі – қоғам) саны 2000 (екі мың) дана билік етуі шектелген жарияланған акцияларын 1 000 501 010,68 теңге (бір миллиард бес жүз бір мың он теңге алпыс сегіз тиын сомасындағы оларды мемлекеттің меншігіне мәжбүрлеп алып қою арқылы Қоғамның салықтық берешегін өтеу есебіне орналастырсын;
2) Қоғам акцияларын ұстаушылардың тізілімдері жүйесінде акцияларға мемлекеттік меншік құқығын Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетіне тіркеуді қамтамасыз етсін.».