Об утверждении Правил предоставления информации о государственной регистрации ипотеки судна или строящегося судна
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении Правил предоставления информации о государственной регистрации ипотеки судна или строящегося судна
- Атауы (қаз.)
- Кеменің немесе жасалып жатқан кеменің ипотекасын мемлекеттік тіркеу туралы ақпарат беру қағидаларын бекiту туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 676
- Қабылданған күні
- 19.09.2016
- Көрсетілген редакция
- 17.08.2020 107351_478276.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 17.08.2020
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V1600014344
- ЭКБ идентификаторы
- 107351
- Редакция идентификаторы
- 107351_478276
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 07:45
0 Кеменің немесе жасалып жатқан
кеменің ипотекасын мемлекеттік
тіркеу туралы ақпарат беру
қағидаларын бекiту туралы
«Сауда мақсатында теңізде жүзу туралы» 2002 жылғы 17 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы 212-бабының 6-1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1 1. Қоса беріліп отырған Кеменің немесе жасалып жатқан кеменің ипотекасын мемлекеттік тіркеу туралы ақпарат беру қағидалары бекiтiлсiн.
2 2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Көлік комитеті (Ә.А. Асавбаев):
1 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2
2) осы бұйрықтың көшірмелерін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде қағаз және электрондық түрде мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға, сондай-ақ Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне жіберуді;
3 3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
4
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелгеннен кейiн он жұмыс күні iшiнде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәлiметтердi Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлiгiнiң Заң департаментiне ұсынуды қамтамасыз етсiн.
3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.
4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
9 Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму
министрінің
2016 жылғы 19 қыркүйектегі
№ 676 бұйрығымен
бекітілген
Кеменің немесе жасалып жатқан кеменің ипотекасын
мемлекеттік тіркеу туралы ақпарат беру
қағидалары
1 1-Тарау. Жалпы ережелер
1
1. Осы Кеменің немесе жасалып жатқан кеменiң ипотекасын мемлекеттік тiркеу туралы ақпарат беру қағидалары «Сауда мақсатында теңiзде жүзу туралы» 2002 жылғы 17 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы 212-бабының 6-1-тармағына сәйкес әзiрлендi және кеменің немесе жасалып жатқан кеменің ипотекасын мемлекеттiк тiркеу туралы ақпарат беру тәртiбiн айқындайды.
2
2. Кеменің немесе жасалып жатқан кеменiң ипотекасын мемлекеттік тiркеу уәкілетті органның аумақтық органдары (бұдан әрi – тiркеушi орган) осы кеме тiркелген мемлекеттік кемелер тiзiлiмiне, кеме кітабына және жасалып жатқан кемелер тізіліміне (бұдан әрі – кемелер тізілімі) тиiстi жазбаны енгiзу жолымен жүзеге асырады.
2 2-Тарау. Кеменiң немесе жасалып жатқан кеменiң ипотекасын тiркеу туралы ақпарат беру тәртiбi
3 3. Заңды немесе жеке тұлғаның еркін нысандағы өтініші бойынша тіркеуші орган кемелер тізілімінен үзінді көшірме немесе көшірме нысанында ақпарат береді. Бұл ретте үзінді көшірме:
1 1) ипотека туралы мәлiметтер үзiндi көшiрме берiлген күннің алдындағы жұмыс күнiнiң аяғында берiлгенiне сiлтеменi;
2 2) тiркеушi органның мөрiмен куәландырылған тiркеушi органның уәкілеттi лауазымды тұлғасы қол қойылуын қамтиды.
Ақпарат беру мерзімі өтініш берілген сәттен бастап екі жұмыс күні ішінде беріледі.