Құжат мәтініне өту

Об утверждении Правил выдачи служебного удостоверения аппарата Таласского районного маслихата и его описания

Ереже · № 8-13 · қабылданған 10.10.2016
Заңдық күші: Күшін жойған · 12.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-107355/on/2026-08-12/
Басып шығарылды 2026-08-12 · adilet.kz
Об утверждении Правил выдачи служебного удостоверения аппарата Таласского районного маслихата и его описания Күшін жойған Ереже ·№ 8-13 ·10.10.2016
09.10.2020 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
12.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 09.10.2020. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Правил выдачи служебного удостоверения аппарата Таласского районного маслихата и его описания

Күшін жойған Ереже ·№ 8-13 · 12.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Правил выдачи служебного удостоверения аппарата Таласского районного маслихата и его описания
Атауы (қаз.)
Талас аудандық мәслихаты аппаратының қызметтік куәлігін беру Қағидалары және оның сипаттамасын бекіту туралы
Акт түрі
Ереже
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
8-13
Қабылданған күні
10.10.2016
Қолданысқа енгізілген күні
21.11.2016
Көрсетілген редакция
09.10.2020 107355_486365.kaz
Соңғы өзгеріс
09.10.2020
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V16GJ003203
ЭКБ идентификаторы
107355
Редакция идентификаторы
107355_486365
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 07:34

0 Талас аудандық мәслихаты аппаратының

қызметтік куәлігін беру Қағидалары және
оның сипаттамасын бекіту туралы
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» 2015 жылы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 30-бабы 4-тармағына және «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес, Талас аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1 1. Қоса беріліп отырған:

1 1) осы шешімнің 1 қосымшасына сәйкес Талас аудандық мәслихаты аппаратының қызметтік куәлігін беру Қағидалары;

2 2) осы шешімнің 2 қосымшасына сәйкес Талас аудандық мәслихаты аппаратының қызметтік куәлігінің сипаттамасы бекітілсін.

2 2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Талас аудандық мәслихаты аппаратының басшысы С.Рысбаевқа жүктелсін.

3 3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттiк тiркелген күннен бастап күшiне енедi және оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

6 Талас аудандық мәслихатының

2016 жылғы 10 қазандағы
№8-13 шешіміне 1 қосымша
Талас аудандық мәслихаты аппаратының қызметтік куәлігін беру Қағидалары

1 1. Жалпы ережелер

1 1. Осы Талас аудандық мәслихаты аппаратының қызметтік куәлігін беру Қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Талас аудандық мәслихаты аппаратының қызметтік куәліктерді беру тәртібін белгілейді.

2 2. Мемлекеттік қызметшінің қызметтік куәлігі(бұдан әрі – қызметтік куәлік) оның мемлекеттік лауазымы мен лауазымдық өкілеттерін растайтын құжат болып табылады.

3 3. Қызметтік куәлік осы шешіммен бекітілген сипаттамаға сәйкес.

4 4. Тиісінше ресімделмеген, жарамдылық мерзімі өткен, түзетілген және тазартылған куәлік жарамсыз болып саналады.

2 2. Қызметтік куәлікті беру тәртібі

5 5. Қызметтік куәлік мемлекеттік мекеменің қызметшілеріне Талас аудандық мәслихатының хатшысының қолы қойылып беріледі.

6 6. Қызметтік куәлік қызметкерлерге лауазымға тағайындалған, лауазымы ауысқан, жоғалған немесе бүлінген жағдайда беріледі.

Қызметкерлер алған қызметтік куәлік үшін осы Қағидаларға қосымша келісілген нысаны бойынша Талас аудандық мәслихаты аппаратының мемлекеттік қызметшілеріне қызметтік куәлікті беруді есепке алу журналына қол қояды (бұдан әрі – есепке алу журналы).

7 7. Қызметтік куәліктер және қызметтік куәлікті беруді есепке алу журналы мемлекеттік мекеменің лауазымдық нұсқаулығы бойынша кадрлық жұмыстарды жүргізетін мемлекеттік қызметшінің (бұдан әрі – кадр қызметшісі) сейфінде сақталады.

8 8. Мемлекеттік қызметке алғаш қабылданған мемлекеттік қызметшіге қызметтік куәлікті тапсырған кезде пайдалану және оны сақтау тәртібі бойынша түсіндіру жүргізіледі.

Осы Қағидалардың 6-тармағында көзделген қызметтік куәлікті ауыстыру кезінде бұрын берілген қызметтік куәлікті кадр кызметшісі қайтарып алады.

9 9. Кадр қызметшісі жыл сайын, 1 қаңтардағы жағдай бойынша, қызметтік куәліктердің есептік деректерге сәйкестігіне салыстырып тексеру жүргізеді.

10 10. Қызметтік куәліктерін толтыру, ресімдеу, есепке алу, беру, сақтау және жою тәртібін жалпы бақылауды кадр қызметшісі жүзеге асырады.

11 11. Қызметтік куәлік жоғалған немесе бүлінген жағдайда, оның иесі дереу кадр қызметшісіне жазбаша (еркін) нысанда хабарлайды, бұқаралық ақпарат құралдарына хабарландыру береді.

12

12. Қызметтік куәлікті жоғалтудың, бүлдірудің, сондай-ақ оны басқа адамдарға берудің немесе мақсатқа сай пайдаланбаудың әрбір фактісі бойынша кадр қызметшісі қызметтік тергеп-тексеру туралы өкімнің шығуынан кейін, он күнтізбелік күн мерзімінде қызметтік тексеру жүргізеді, оның нәтижелері бойынша мемлекеттік мекеменің тәртіптік комиссиясы кінәлілерді тәртіптік жауапкершілікке тарту туралы мәселені қарайды.

13 13. Жоғалған қызметтік куәліктер бұқаралық ақпарат құралдары арқылы жарамсыз деп жарияланады, бұл туралы кадр қызметшісі хабардар етіледі. Жоғалғанның орнына жаңа қызметтік куәлікті қызметтік тексеру жүргізілгеннен кейін кадр қызметшісі береді.

14 14. Жұмыстан босатылған кезде қызметкер қызметтік куәлікті кадр қызметшісіне тапсырады.

Куәлікті тапсырған кезде кету парағына кадр қызметшісінің қолы қойылады.

15 15. Қызметкерлер жұмыстан босатылған, не бүлінген кезде тапсырған қызметтік куәліктер еркін нысандағы тиісті жою туралы акт жасала отырып, бір жылда бір рет жойылуға жатады.

24 Талас аудандық мәслихаты аппаратының қызметтік куәлігін беруді есепке алу журналы

Талас аудандық мәслихаты
аппаратының қызметтік
куәлігін беру Қағидаларына
қосымша
нысан
Талас аудандық мәслихаты аппаратының қызметтік куәлігін беруді
есепке алу журналы

Қыз­мет­тік ку­ә­лік­тің нө­ме­рі
Те­гі, Аты, Әке­сі­нің аты
(бар болған жағ­дай­да)
Ат­қа­ра­тын ла­у­а­зы­мы
Бе­рі­л­ген кү­ні
Ал­ға­ны жө­нін­де же­ке қо­лы
Қыз­мет­тік ку­ә­лік­ті ауы­сты­руы және тап­сыр­ға­ны, (та­ғай­ын­да­луы, ла­у­а­зы­мы­ның өзге­руі, мер­зі­мі­нің өтуі, жұ­мыстан боса­ты­луы жо­ға­луы ту­ра­лы бел­гі)
Қыз­мет­тік ку­ә­лік­ті жою (ак­ті­нің нө­мі­рі мен кү­ні)
Ес­керт­пе
Ескертпе: Талас аудандық мәслихатының аппараты мемлекеттік мекемесінің мемлекеттік қызметшілердің қызметтік куәлікті беруді есепке алу журналы тігіледі, нөмірленеді және аудандық мәслихат хатшысының қолымен және аудандық мәслихат аппаратының мөрімен расталады.

25 Талас аудандық мәслихатының

2016 жылғы 10 қазандағы
№8-13 шешіміне 2 қосымша
Талас аудандық мәслихаты аппаратының қызметтік куәліктің сипаттамасы.

1 1. Куәліктің мұқабаларының көлемі 19 см х 6,5 см (ашып көрсетілген түрінде), күрең қызыл түсті экобылғарыдан немесе жоғары сапалы жасанды былғарыдан болуы.

2 2. Куәліктің сыртқы бетінің ортасында алтын түсті Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Елтаңбасының бейнесі орналасқан, одан төмен «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ» деген типографиялық қаріппен жазба жазылады.

3

3. Куәліктің ішкі жағында ақ түс аясында шеңберде орналасқан күн мен қалықтаған қыранның жасырын формасын қолдана отырып көгілдір түсті қорғаныштық тангир бейнеленген. Жоғарғы бөлігінде «ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ ТАЛАС АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТЫ АППАРАТЫ», «АППАРАТ МАСЛИХАТА ТАЛАССКОГО РАЙОНА ЖАМБЫЛСКОЙ ОБЛАСТИ» деген жазулар орналастырылған.

4 4. Сол жағында: көлемі 2,5 х 3,5 см фотосурет (қарсы алдынан түсірілген, түрлі-түсті), тиісінше Талас аудандық мәслихат хатшысының қолымен және елтаңбалы мөрмен расталған қазақ тіліндегі мәтін.

5 5. Оң жағында: Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасының бейнесі, елтаңбаның төменгі жағында көгілдір жасыл түсті «ҚАЗАҚСТАН» деген жазу және орыс тіліндегі мәтін. Төменгі жағында куәліктің берілген уақыты мен жарамдылық мерзімі көрсетіледі(бес жыл мерзімге беріледі).

Қолданыстағы