Құжат мәтініне өту

Об утверждении Методики учета финансовых услуг банков второго уровня

Бұйрық · № 226 · қабылданған 03.10.2016
Заңдық күші: Қолданыста · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-107363/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
Об утверждении Методики учета финансовых услуг банков второго уровня Қолданыста Бұйрық ·№ 226 ·03.10.2016
03.10.2016 редакциясы
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 03.10.2016. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Методики учета финансовых услуг банков второго уровня

Қолданыста Бұйрық ·№ 226 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Методики учета финансовых услуг банков второго уровня
Атауы (қаз.)
Екінші деңгейлі банктердің қаржылық қызметтерін есепке алу әдістемесін бекіту туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
226
Қабылданған күні
03.10.2016
Көрсетілген редакция
03.10.2016 107363_120894.kaz
Соңғы өзгеріс
03.10.2016
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1600014393
ЭКБ идентификаторы
107363
Редакция идентификаторы
107363_120894
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 07:36

0 Екінші деңгейлі банктердің

қаржылық қызметтерін есепке алу
әдістемесін бекіту туралы
«Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 19 наурыздағы Заңының 12-бабының 5) тармақшасына, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 қыркүйектегі № 1011 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі туралы ереженің 17-тармағының 258) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

1 1. Қоса беріліп отырған Екінші деңгейлі банктердің қаржылық қызметтерін есепке алу әдістемеcі бекітілсін.

2 2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің Ұлттық шоттар басқармасы Заң басқармасымен бірлесіп заңнамада белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2 2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялануға жіберілуін;

3

3) тіркелген бұйрықты алған күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде баспа және электрондық түрде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;

4 4) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

3

3. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің Ұлттық шоттар басқармасы осы бұйрықты жұмыс бабында басшылыққа алу және пайдалану үшін Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің құрылымдық бөлімшелеріне және аумақтық органдарына жеткізсін.

4 4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті төрағасының орынбасарына (Қ.К. Орынханов) жүктелсін.

5 5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

0 Екінші деңгейлі банктердің қаржылық қызметтерін есепке алу әдістемесі

Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі
Статистика комитеті төрағасының
2016 жылғы 3 қазан
№ 226 бұйрығымен бекітілді
Екінші деңгейлі банктердің қаржылық қызметтерін есепке алу әдістемесі

1 1-тарау. Жалпы ережелер

1 1. Екінші деңгейлі банктердің қаржылық қызметтерін есепке алу әдістемесі (бұдан әрі – Әдістеме) «Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 19 наурыздағы Заңына сәйкес әзірленген.

2

2. Осы Әдістемені халықаралық стандарттарға сәйкес екінші деңгейлі банктердің қаржылық қызметтерін есепке алу үшін Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті (бұдан әрі – Комитет) пайдаланады және Ұлттық шоттар жүйесінің (бұдан әрі – ҰШЖ) мақсаттары үшін ғана қолданылады.

3

3. Осы Әдістеменің мақсаты екінші деңгейлі банктердің қаржылық қызметтерінің есептеулерін жаңа экономикалық жағдайға, әдіснамалық зерттеулердің соңғы жетістіктеріне сәйкестендіру болып табылады. Осы Әдістеме «Қаржы және сақтандыру қызметі» K секциясындағы «Қаржы қызметтері, сақтандыру және зейнетақы қорлары қызметтерін қоспағанда» 64-кіші секциясының жалпы қосылған құнын есептеудің сапасын арттыруға жәрдемдеседі.

4 4. Әдіснамалық негіз ретінде Халықаралық Валюта Қоры (ХВҚ), Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы (ЭЫДҰ), Еуропалық қоғамдастықтардың Статистикалық бюросы (Еуростат), Біріккен Ұлттар Ұйымы (БҰҰ) және Дүниежүзілік Банк дайындаған 2008 жылғы Ұлттық шоттар жүйесі (2008 жылғы ҰШЖ) пайдаланылған.

5 5. Осы Әдiстемеде келесi анықтамалар қолданылады:

1 1) аралық тұтыну (АТ) – есепті кезеңде өндіріс үдерісінде тасымалданатын немесе толық тұтынылатын тауарлар мен қызметтердің құны. Негізгі капиталды тұтыну аралық тұтынудың құрамына кірмейді;

2

2) жалпы қосылған құн (ЖҚҚ) - өндірістік қызметтің түпкілікті нәтижесін сипаттайды және осы өндірістік үдерістегі өңдеумен қосылған құндылықты білдіреді. Салалар деңгейінде тауарлар және көрсетілетін қызметтер шығарылымы мен аралық тұтыну арасындағы айырмашылық ретінде есептеп шығарылады, өндіріс үдерісінде тұтынылған негізгі капиталдың құнын қамтиды;

3 3) жалпы ішкі өнім (ЖІӨ) – елдің экономикалық қызметінің соңғы нәтижесін сипаттайтын ұлттық шоттар жүйесінің маңызды көрсеткіштерінің бірі;

4 4) қаржылық делдалдықтың жанама өлшенетін қызметтері (ҚДЖӨҚ) – қаржылық мекемелер қаржылық делдалдық қызметі үшін тікелей төлемді өндірмейтін жағдайдағы қаржылық делдалдық қызметтердің жанама көрсеткіші болып табылады;5)

5 5) ұлттық шоттар жүйесі – елдің экономикалық қызметінің нәтижелерін сипаттайтын шоттар мен кестелердің белгілі бір жиынтығы түрінде құрылған статистикалық көрсеткіштер жүйесін білдіреді.

2 2-тарау. 2008 жылғы ҰШЖ-ге сәйкес екінші деңгейлі банктердің қаржылық қызметінің көрсетілетін қызметтерін есептеуге арналған әдіснамалық тәсіл

6 6. Қаржылық делдалдық функцияларын, қосалқы қаржылық қызметтерді және басқа қаржылық қызметтерді жүзеге асыратын корпорациялар немесе квазикорпорациялар-резиденттер қаржылық корпорациялар секторына жатады.

2008 жылғы ҰШЖ-де қаржылық қызметтер мониторингпен байланысты қызметтерді, өтімділікті қамтамасыз етумен, тәуекелдерді қабылдаумен байланысты қызметтерді, сондай-ақ құнды қағаздарды орналастыру және қаржылық құралдарды айырбастау бойынша қызметтерді қамтиды.

7 7. «Қаржылық корпорациялар» сектордың ішкі секторлары:

1 1) орталық банкті;

2 2) орталық банктен басқа депозиттер қабылдаған корпорацияларды;

3 3) ақша нарығы қорларын;

4 4) ақшалай емес нарықтың инвестициялық қорларын;

5 5) сақтандыру корпорациялары және зейнетақы қорларынан басқа өзге қаржылық делдалдарды;

6 6) қосалқы қаржылық корпорацияларды;

7 7) кэптивтік қаржылық мекемелерді және өсімқорларды;

8 8) сақтандыру корпорацияларын;

9 9) зейнетақы қорларын қамтиды.

8

8. 2008 жылғы ҰШЖ бойынша екінші деңгейлі банктер «орталық банктен басқа депозиттер қабылдаған корпорациялар» ішкі секторға жатады және қаржылық коммерциялық ұйымдар болып табылады. Аталған корпорациялардың негізгі функциялары қаржылық делдалдық қызметтерін және көмекші қаржылық қызметтерді көрсету болып табылады.

9

9. Қаржылық мекемелер қаржылық делдалдық қызметтері үшін тікелей төлемдерді өндірмейді. Осы қызметтер үшін төлем анық емес түрде не қаржыны қарызға алушылармен төленетін пайыздарға қосылады, не ол анық емес түрде қаржылық мекемелерге олар үшін неғұрлым төмен пайыздық жарналарды қолдану арқылы ресурстарды тарылтатын институционалдық бірліктерден өндіріледі. ҰШЖ-де қаржылық делдалдық қызметтері шығарылымының құны жанама әдіспен есептеп шығарылады (ҚДЖӨҚ).

10 10. Көмекші қаржылық қызметтер үшін комиссиялық төлемдер түріндегі тікелей төлем өндіріледі. Олардың шығарылымы осы төлем мөлшерінде анықталады. Көмекші қызмет ұйым ішінде оның негізгі немесе қосалқы қызметінің қалыпты жүзеге асырылуы үшін жағдай жасау мақсатында жүзеге асырылады.

Екінші деңгейлі банктер шығарылымы қаржылық делдалдық қызметтерінің шығарылымы мен көмекші қызметтер шығарылымының қосындысына тең.

11 11. Клиенттерге көмекші қаржылық қызметтерді барлық қаржылық мекемелер көрсетеді. Бұл біреулер үшін негізгі қызмет болып табылады, ал басқалар үшін қаржылық делдалдық қызметін ұсынуға қосымша ретінде қосалқы қызмет болып табылады.

12 12. Қаржылық қызметтер анық және анық емес түрде төленеді.

Анық түрдегі қаржылық қызметтер төлеміне шетел валютасымен және құнды қағаздармен жасалған мәмілелер бойынша маржалар қосылған. Маржа сатушы мен сатып алушы бағамы арасындағы айырмашылық болып есептеледі. Маржа банк үшін табыс көзі болып табылады, оның есебінен мәмілелерді жүзеге асыру бойынша шығындар жабылады және валюталық тәуекел сақтандырылады.
Баға белгіленімінің екі түрі бар: тікелей және жанама. Көптеген елдер тікелей баға белгіленімін пайдаланады. Тікелей баға белгіленімі кезінде шетел валютасы бірлігінің құны ұлттық ақшалай бірлікте көрінеді. Жанама баға белгіленімінде бірлік үшін бағамы шетел валютасының белгілі бір мөлшерінде көрініс табатын ұлттық ақшалай бірлік қабылданған.

13

13. Көптеген қызметтер анық нысанда қаржылық мекемелердің әртүрлі санаттарымен ұсынылады. Депозиттер қабылдайтын мекемелер жекелей алғанда банктер үй шаруашылықтарынан ипотеканы рәсімдегені, инвестициялық портфелдерін басқарғаны, салық бойынша консультациялар бергені, жылжымайтын мүлікті басқарғаны үшін өндіріп алады.
Мамандандырылған қаржылық мекемелер қаржылық емес корпорациялардан акцияларды орналастыруды ұйымдастырғаны үшін немесе корпорация тобын қайта құрылымдауды басқарғаны үшін өндіреді. Төлемге ұсынылатын тауарлар мен көрсетілетін қызметтерге төлем қаражаты ретінде кредиттік карталарды қабылдайтын бөлімшелерден кредиттік карталардың эмитенттері өндіріп алатын төлем неғұрлым кең таралған тікелей төлем болып табылады.

14

14. Төлем сатудан түскен пайыз ретінде есептеледі, бөлшектеп сату жағдайында сату көлемі шығарылымға емес, айналымға сәйкес келеді. Пайыз абсолютті шамада (бір немесе екі пайызға) шамалы және оны ірі сомалар үшін қолдану төлемнің жалпы сомасы өте үлкен екенін білдіреді. Аталған төлем кредиттік карталарды компаниялардың шығарылымын және кредиттік карточкаларды төлем қаражаты ретінде қабылдайтын корпорациялардың аралық тұтынуын білдіреді.
Кредиттік карталарды шығаратын компаниялардың рөлін елемеу қатынасы бар тауарлар мен қызметтерге шығындарын (түпкілікті тұтыну немесе экспорт) өлшеуге әсер етпейді, бірақ тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді жеткізушінің шығындарын және кредиттік карталарды шығаратын компаниялардың шығарылымын жете бағаламайды. Бұл компанияның кредиттік карталарды шығаратын компаниялардан кредиттік карталармен төленетін тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді жеткізушілерге қосылған құн салығын қайта бөлуге әкеледі (2008 жылғы ҰШЖ, 6.161).

15

15. Кредиттік карталарды шығаратын компаниялардың мысалы қаржылық корпорация әртүрлі клиенттердің әртүрлі қаражаттарының есебінен немесе әртүрлі жағдайларда төленетін қызметтерді ұсына алатынын анық көрсетеді. Карта ұстаушыдан картаны пайдаланғаны үшін де анық төлем өндіріле алады. Картаны ұстаушы кредиттерді пайдаланған жағдайда өтелмеген кредиттердің пайыздарын төлеумен байланысты анық емес нысандағы шығындарды төлеуге тұра келеді (бұл ҰШЖ-дағы несие ретінде қарастырылады) (2008 жылғы ҰШЖ, 6.162).

16 16. Екінші деңгейлі банктер негізгі қызметімен (делдалдық қызмет) қатар қаржылық делдалдықпен тығыз байланысты көптеген қызметтерді қамтитын әртүрлі көмекші операцияларды жүзеге асырады.

17 17. Екінші деңгейлі банктер «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 31 тамыздағы Заңымен белгіленген банктік және басқа операцияларды жүзеге асырады.

Клиенттерге осыған ұқсас қызметтерді көрсеткені үшін қаржылық мекемелер комиссия немесе банктік қызметке байланысты өзге де төлемдер түрінде төлемақы алады.

3 3-тарау. Екінші деңгейлі банктердің қаржылық қызметінің көрсетілетін қызметтерінің жалпы шығарылымын және аралық тұтынуын есептеу

1 1-параграф. Екінші деңгейлі банктердің қаржылық қызметінің көрсетілетін қызметінің жалпы шығарылымын есептеу

18 18. ЖІӨ үш әдіспен есептеледі, олар: өндіріс әдісі, табыстар әдісі, түпкілікті пайдалану әдісі. ЖІӨ өндіріс әдісімен негізгі құраушылары жалпы шығарылым, аралық тұтыну, жалпы қосылған құн болып табылады.

19 19. Қаржылық мекемелер (банктер) шығарылымы ҚДЖӨҚ шығарылымынан және көмекші қаржылық қызметтер шығарылымынан қалыптасады.

Екінші деңгейлі банктердің қаржылық қызметтерінің шығарылымын есептеу үшін дереккөз ретінде орталық банктің ресми сайтында орналастырылған жалпыға бірдей қолжетімді ақпарат пайдаланылған.

20 20. Банктердің табыстары мен шығындары туралы есепте келесі көмекші қаржылық қызметтерден түскен табыстар көрініс табады:

1 1) заемдар бойынша комиссиялық кірістер;

2 2) заемдар бойынша дисконтты, сыйлықақыны және сыйақыны, өзге де борыштық құралдар бойынша амортизациялау кірістері;

3 3) өзге де құнды қағаздар бойынша сыйақы алумен байланысты кірістер;

4 4) комиссиялық кірістер;

5 5) банк қызметінен болатын өзге де кірістер;

6 6) құнды қағаздарды, шетел валютасын, қымбат металдарды алып-сату бойынша кірістер.

Шетел валютасымен байланысты (соның ішінде фьючерстер мен опциондар) құнды қағаздарды сату және сатып алу операцияларына және мәмілелердің барлық түрлеріне қатысты қызметтермен байланысты шығарылым сатып алу мен сату арасындағы айырмашылық сомасында бағаланады.
Комиссиялық төлемдер түрінде тікелей төлемдер ұсталатын көмекші қаржылық қызметтер ҰШЖ шығарылымы ретінде ескеріледі. Екінші деңгейлі банктердің қаржылық қызметінің көрсетілетін қызметінің шығарылымына қосылған баптар осы Әдістемеге 1-қосымшада келтірілген.

2 2-параграф. Екінші деңгейлі банктердің қаржылық қызметінің көрсетілетін қызметтерін аралық тұтынуды есептеу

21 21. Екінші деңгейлі банктердің қаржылық қызметтерінің аралық тұтынуын есептеу үшін ақпараттың дереккөзі ретінде орталық банктің ресми сайтында орналастырылған жалпыға бірдей қолжетімді ақпарат пайдаланылған.

22

22. Көптеген шығындар баптары кешенді болып табылады. Осы баптардан аралық тұтынумен байланысты тиісті бөліктер бөлініп шығады. Іскерлік сапарларға шығындар, жол жүру және тұру үшін төлемдер үшін шығындар, сондай-ақ визалар және іссапарлармен байланысты әртүрлі алымдарға төлемдер құрамына аралық тұтынуға жатады.

23 23. Кейбір шығындар баптары қаржылық құралдармен байланысты мәмілелердің мәндерін немесе ағымдағы шығындар және оның ішінде аралық тұтыну құрамына кірмейтін оларды қайта бағалау нәтижелерін қамтиды.

24 24. Көмекші қызметтерді аралық тұтыну келесі есеп баптарынан қалыптастырылады:

1 1) заемдар бойынша дисконтты, сыйлықақыны және сыйақыны амортизациялау бойынша шығыстар;

2 2) құнды қағаздармен операциялар бойынша шығыстар;

3 3) комиссиялық шығыстар;

4 4) жалпы шаруашылық шығыстары;

5 5) сатудан болатын шығыстар;

6 6) өзге де шығыстар.

25 25. Шығарылым мен аралық тұтыну арасындағы айырмашылық банктердің ЖҚҚ-ын анықтайды. Екінші деңгейлі банктердің қаржылық қызметтерінің аралық тұтынуын және ЖҚҚ-ын есептеулер Осы Әдістемеге 2 және 3-қосымшаларда келтірілген.

0-1 Екінші деңгейлі банктердің қаржылық қызметінің қызметтер шығарылымын есептеу

Екінші деңгейлі банктердің
қаржылық қызметтерін есепке
алу әдістемесіне
1-қосымша
Екінші деңгейлі банктердің қаржылық қызметінің қызметтер шығарылымын есептеу
млн.теңге
Шот нөмірі
«ҚР-ның екінші деңгейдегі банктері бойынша кірістер мен шығыстар туралы есеп»
2013
2014
2015
4429
Клиенттерге берілген заемдар бойынша комиссиялық сыйақы
17 268,0
25 459,5
19 783,0
4434
Клиенттерге берілген заемдар бойынша дисконтты амортизациялау бойынша кірістер
55 444,0
73 674,5
95 348,3
4440
Клиенттерден тартылған салымдар бойынша сыйлықақыны амортизациялау бойынша кірістер
893,0
1 059,7
59 537,4
4445
Сенімгерлік трасттық басқаруға берілген қаржылық активтер бойынша сыйақы алуға байланысты кірістер
0,0
0,0
0,0
4453
Сатып алынған бағалы қағаздар бойынша дисконтты амортизациялау бойынша кірістер
3 296,0
3 483,6
3 515,4
4454
Айналысқа шығарылған бағалы қағаздар бойынша сыйлықақыны амортизациялау бойынша кірістер
1 293,0
2 459,7
1 603,3
4455
Айналысқа шығарылған реттелген облигациялар бойынша сыйлықақыны амортизациялау бойынша кірістер
305,0
872,2
1 950,6
4492
«Заемдар және дебиторлық берешек» санатындағы басқа да борыштық құралдар бойынша дисконтты амортизациялау бойынша кірістер
129,0
267,0
1 143,3
4510
Бағалы қағаздарды сатып алу-сату кірістері
1 122,0
1 608,1
2 952,3
4530
Шетел валютасын сатып алу-сату кірістері
116 318,0
155 054,5
369 052,8
4540
Қымбат металдарды сатып алу-сату кірістері
1 030,0
196,4
221,0
4600
Комиссиялық кірістер
283 803,5
295 868,8
311 937,9
4601
Аударым операциялары бойынша көрсетілген қызметтер үшін комиссиялық кірістер
60 532,0
64 846,2
66 651,7
4602
Агенттік көрсететін қызметтер үшін комиссиялық кірістер
20 025,5
15 985,4
16 940,4
4603
Бағалы қағаздарды сатып алу-сату бойынша көрсетілетін қызметтер үшін комиссиялық кірістер
11,9
17,0
17,7
4604
Шетел валютасын сатып алу-сату бойынша көрсетілетін қызметтер үшін комиссиялық кірістер
9 012,9
11 232,5
8 592,6
4605
Сенімгерлік операциялары бойынша көрсетілетін қызметтер үшін комиссиялық кірістер
565,8
641,3
721,9
4606
Кепілдіктермен операциялар бойынша көрсетілетін қызметтер үшін комиссиялық кірістер
26 692,5
20 580,2
21 701,3
4607
Салымдарды қабылдау, клиенттердің банк шоттарын ашу және жүргізу бойынша көрсетілетін қызметтер үшін комиссиялық кірістер
23 616,5
27 076,9
28 929,6
4608
Өзге де комиссиялық кірістер
77 528,0
98 922,4
113 635,3
4609
Бағалы қағаздар нарығындағы кәсіби қызмет бойынша комиссиялық кірістер
2 031,8
1 114,8
1 216,3
4610
Төлем құжаттарының акцепті үшін алынған комиссиялық кірістер
2,6
1,0
0,0
4611
Кассалық операциялар бойынша көрсетілетін қызметтер үшін комиссиялық кірістер
49 973,0
46 022,7
42 082,5
4612
Құжаттық есеп айырысулар бойынша комиссиялық кірістер
11 301,3
6 460,5
5 956,7
4613
Форфейтинг операциялары бойынша көрсетілетін қызметтер үшін комиссиялық кірістер
0,0
0,0
0,0
4614
Факторинг операциялары бойынша көрсетілетін қызметтер үшін комиссиялық кірістер
18,7
43,1
12,3
4615
Инкассациялау бойынша көрсетілетін қызметтер үшін комиссиялық кірістер
1 319,7
1 508,7
1 854,1
4616
Тазартылған қымбат металдарды сатып алу-сату бойынша көрсетілетін қызметтер үшін комиссиялық кірістер
2,5
2,0
1,0
4617
Сейф операциялары бойынша көрсетілетін қызметтер үшін комиссиялық кірістер
575,0
647,8
698,6
4618
Инвестициялық депозиттермен операциялар бойынша көрсетілетін қызметтер үшін кірістер
593,8
766,3
2 925,9
Өзге де кірістер
114 303,3
205 475,1
36 846,4
4921
Банк қызметінен болатын өзге де кірістер
107 647,7
200 783,2
31 244,1
4922
Негізгі емес қызметтен болатын өзге де кірістер
6 655,6
4 691,9
5 602,4
Барлығы шығарылым
595 204,8
765 479,1
903 891,7

0-2 Екінші деңгейлі банктердің қаржылық қызметінің қызметтерін аралық тұтынуды есептеу

Екінші деңгейлі банктердің
қаржылық қызметтерін
есепке алу әдістемесіне
2-қосымша
Екінші деңгейлі банктердің қаржылық қызметінің қызметтерін аралық тұтынуды есептеу
млн.теңге
Номер счета
«ҚР-ның екінші деңгейдегі банктері бойынша кірістер мен шығыстар туралы есеп»
2013
2014
2015
5069
Алынған заемдар бойынша дисконтты амортизациялау бойынша шығыстар
11 567,8
11 552,7
4 495,7
5070
Басқа банктерге берілген заемдар бойынша сыйлықақыны амортизациялау бойынша шығыстар
0,0
0,0
0,0
5071
Банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға берілген заемдар бойынша сыйлықақыны амортизациялау бойынша шығыстар
0,0
0,0
0,0
5095
Басқа банктерден алынған заемдар бойынша комиссиялық сыйақы
324,6
32,0
19,9
5510
Бағалы қағаздарды сатып алу-сату бойынша шығыстар
687,7
1 550,3
1 098,8
5530
Шетел валютасын сатып алу-сату бойынша шығыстар
68 500,5
80 448,1
299 112,7
5540
Қымбат металдарды сатып алу-сату бойынша шығыстар
1 001,7
141,4
76,4
5600
Комиссиялық шығыстар
30 261,5
35 252,8
41 576,9
5601
Аударым операциялары бойынша алынған қызметтер бойынша комиссиялық шығыстар
2 639,2
3 066,7
3 956,5
5602
Алынған агенттік көрсететін қызметтер бойынша комиссиялық шығыстар
5 539,0
7 985,9
14 259,1
5603
Бағалы қағаздарды сатып алу-сату бойынша алынған қызметтер бойынша комиссиялық шығыстар
452,0
356,5
727,0
5604
Шетел валютасын сатып алу-сату бойынша алынған қызметтер бойынша комиссиялық шығыстар
436,5
1 105,1
1 097,3
5605
Сенімгерлік операциялар бойынша алынған қызметтер бойынша комиссиялық шығыстар
252,4
287,2
219,1
5606
Кепілдіктер бойынша алынған қызметтер бойынша комиссиялық шығыстар
5 847,0
3 511,9
1 383,9
5607
Клиенттердің карт-шоттары бойынша алынған қызметтер бойынша комиссиялық шығыстар
7 311,8
8 461,6
9 856,2
5608
Өзге де комиссиялық шығыстар
6 963,5
9 511,0
9 113,1
5609
Бағалы қағаздар нарығындағы кәсіби қызмет бойынша комиссиялық шығыстар
820,1
966,9
964,7
5740
Жалпы шаруашылық шығыстары
120 175,9
145 908,5
126 845,8
5741
Көлік шығыстары
2 279,0
2 481,3
3 568,7
5742
Әкімшілік шығыстар
25 404,2
29 007,6
29 707,2
5743
Инкассациялауға арналған шығыстар
6 327,5
7 598,0
7 267,0
5744
Жөндеуге арналған шығыстар
4 868,9
5 252,4
4 770,3
5745
Жарнамаға арналған шығыстар
11 301,6
11 892,5
11 634,3
5746
Күзетке және дабылға арналған шығыстар
9 242,5
10 484,5
11 016,2
5747
Өкілдік шығыстар
391,1
523,9
392,7
5748
Өзге де жалпы шаруашылық шығыстары
4 024,9
6 514,7
6 968,8
5749
Қызметтік іссапарларға арналған шығыстар
3 789,4
4 740,1
3 744,4
5750
Аудит және консультациялық қызметтер бойынша шығыстар
16 209,9
24 937,8
6 135,1
5752
Сақтандыру бойынша шығыстар
2 385,3
2 739,9
4 524,9
5753
Байланыс қызметтері бойынша шығыстар
8 515,5
9 533,7
9 456,0
5754
«Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры» акционерлік қоғамына жарналар түріндегі шығыстар
25 436,1
30 202,1
27 660,2
5850
Сатудан болатын шығыстар
7 598,1
14 752,3
6 384,9
5851
Еншілес және қауымдасқан ұйымдардың акцияларын сатудан болатын шығыстар
287,7
0,0
3 234,5
5852
Негізгі құралдарды және материалдық емес активтерді сатудан болатын шығыстар
7 212,4
1 740,7
2 217,2
5853
Негізгі құралдарды және материалдық емес активтерді өтеусіз беруден болатын шығыстар
0,0
1,0
13,7
5854
Тауарлық-материалдық қорларды сатудан болатын шығыстар
98,0
13 010,6
919,5
5856
Өзге де инвестицияларды іске асырудан болатын шығыстар
0,0
0,0
0,0
5920
Өзге де шығыстар
55 441,9
70 702,9
123 236,6
5921
Банктік қызметтен болатын өзге де шығыстар
20 204,8
27 064,0
86 165,1
5922
Негізгі емес қызметтен болатын өзге де шығыстар
8 483,2
14 947,0
8 085,9
5923
Жалдау бойынша шығыстар
24 887,0
26 816,7
27 296,6
5924
Акцепттерден болатын шығыстар
0,0
0,0
0,0
5925
Банк алған кепілдіктер бойынша шығыстар
0,0
62,4
93,7
5926
Артықшылықты акциялар бойынша шығыстар
1 866,8
1 812,8
1 595,2
Барлығы аралық тұтыну
295 559,7
360 341,0
602 847,7

0-3 Екінші деңгейлі банктердің қаржылық қызметі қызметтерінің жалпы қосылған құнын есептеу

Екінші деңгейлі банктердің
қаржылық қызметтерін
есепке алу әдістемесіне
3-қосымша
Екінші деңгейлі банктердің қаржылық қызметі қызметтерінің жалпы қосылған құнын есептеу
млн.теңге
Компоненттің атауы
2013
2014
2015
Жалпы шығарылым
595 204,8
765 479,1
903 891,7
Аралық тұтыну
295 559,7
360 341,0
602 847,7
Жалпы қосылған құн
299 645,1
405 138,1
301 044,0

Қолданыстағы