Құжат мәтініне өту

Об утверждении Правил перевозки почтовых отправлений внутренним водным транспортом

Бұйрық · № 172 · қабылданған 26.09.2016
Заңдық күші: Қолданыста · 13.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-107367/on/2026-08-13/
Басып шығарылды 2026-08-13 · adilet.kz
Об утверждении Правил перевозки почтовых отправлений внутренним водным транспортом Қолданыста Бұйрық ·№ 172 ·26.09.2016
29.05.2025 редакциясы
13.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 29.05.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Правил перевозки почтовых отправлений внутренним водным транспортом

Қолданыста Бұйрық ·№ 172 · 13.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Правил перевозки почтовых отправлений внутренним водным транспортом
Атауы (қаз.)
Пошта жөнелтiлімдерiн iшкi су көлiгiмен тасымалдау қағидаларын бекіту туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
172
Қабылданған күні
26.09.2016
Көрсетілген редакция
29.05.2025 107367_762800.kaz
Соңғы өзгеріс
29.05.2025
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1600014376
ЭКБ идентификаторы
107367
Редакция идентификаторы
107367_762800
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 07:41

0 Пошта жөнелтiлімдерiн iшкi су

көлiгiмен тасымалдау қағидаларын
бекіту туралы
«Iшкi су көлiгi туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 55-бабының 2-тармағына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 12 шілдедегі № 501 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 118-1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1 1. Қоса беріліп отырған Пошта жөнелтiлімдерiн iшкi су көлiгiмен тасымалдау қағидалары бекітілсін.

2

2. «Почта жөнелтімдерін ішкі су көлігімен тасымалдау Ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс жөніндегі агенттігі төрағасының 2005 жылғы 28 ақпандағы № 57-п бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3557 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.

3 3. Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің Байланыс департаменті (В.В. Ярошенко):

1 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2 2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін оның көшірмелерін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;

3

3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап оның көшірмелерін күнтізбелік он күн ішінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне орналастыру үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

4 4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастыруды;

5 5) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың

1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

4 4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар вице-министріне жүктелсін.

5 5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Инвестициялар және даму министрі
___________Ж. Қасымбек
2016 жылғы 16 қыркүйек

0 Пошта жөнелтiлімдерiн ішкі су көлігімен тасымалдау қағидалары

Қазақстан Республикасы
Ақпарат және коммуникациялар министрінің
2016 жылғы 26 қыркүйектегі
№ 172 бұйрығымен
бекітілген
Пошта жөнелтiлімдерiн ішкі су көлігімен
тасымалдау қағидалары

1 1-тарау. Жалпы ережелер

1

1. Осы Пошта жөнелтiлімдерiн ішкі су көлігімен тасымалдау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Iшкi су көлiгi туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 55-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 12 шілдедегі № 501 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 118-1) тармақшасына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасында пошта жөнелтiлімдерiн ішкі су көлігімен (бұдан әрі – су көлігі) тасымалдау тәртібін айқындайды.

2 2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

1 1) пошта жөнелтілімдерi – пошта операторы жіберуге қабылдаған жазбаша хат-хабар, жіберілімдер;

2 2) пошта операторы – Қазақстан Республикасының аумағында тіркелген, пошта қызметі саласында көрсетілетін қызметтерді ұсынатын жеке немесе заңды тұлға;

3 3) тасымалдаушы – кеменi меншiк құқығымен немесе өзге де заңды негiздермен иеленушi, жолаушыларды, багаж бен жүктердi тасымалдау жөнiнде қызметтер көрсететiн және тасымал құжаттарында көрсетiлген тұлға.

3 3. Пошта операторы тасымалдаушының кемелер қозғалысының кестесі негізінде пошта жөнелтілімдерін су көлігімен тасымалдау кестесін құрады.

4 4. Пошта жөнелтiлімдерiн тасымалдау үшін ақы тасымалдаушы және пошта операторы арасында жасалынатын шарттар негізінде жүргізіледі.

2 2-тарау. Пошта жөнелтiлімдерiн тасымалдау тәртібі

5 5. «Пошта туралы» Заңының 5-бабының 16) тармақшасына сәйкес пошта саласындағы уәкiлеттi органмен бекітілетін Пошта байланысының көрсетілетін қызметтерін ұсыну қағидаларында белгіленген тәртіпте пошта операторы тасымалдаушыға пошта жөнелтілімдерін береді (бұдан әрі – Ұсыну қағидалары).

6 6. Әр белгіленген пункт үшін пошта жөнелтiлімдерiне осы Қағидаларға

1-қосымшада көзделген нысан бойынша екі данада жеке маршруттық жөнелтпе құжат толтырылады.

7 7. Бір данасы пошта жөнелтілімдерімен жіберіледі, екінші данасы пошта операторында қалады.

Барлық пошта жөнелтілімдері айырбастау кезегінің тәртібімен маршруттық жөнелтпе құжатқа әр рейске екі данадан жазылады.

8 8. Тасымалдаушы пошта жөнелтiлімдерiнің жалпы салмағының маршруттық жөнелтпе құжатымен сәйкестігін тексереді.

9 9. Жағалауында сақтау үй-жайлары жоқ пункттерде пошта жөнелтілімдері су көлігіне тікелей пошта операторымен жеткізіледі.

10 10. Пошта жөнелтiлімдерiн тапсыру мен қабылдау тасымалдаушының су көлігінің қозғалыс кестесіне сәйкес пошта операторымен жүзеге асырылады.

11 11. Пошта жөнелтілімдері тасымалдаушының және пошта операторының өкілдері маршруттық жөнелтпе құжаттарына қол қойған кезінен бастап тасымалдаушымен жеткізілді деп саналады.

12 12. Тасымалдаушының кесірінен рейс кідірген жағдайда, пошта жөнелтілімдері тасымалдаушымен су көлігінің бірінен түсіріп басқасына  тиеледі, немесе белгіленген пунктке көліктің басқа түрімен тасымалдаушы есебінен жіберіледі.

13 13. Тасымалдаушы су көлігінің техникалық сипаттамасында көзделген жүктеу мөлшерін ескере отырып, пошта жөнелтілімдерді су көлігін тасымалдауда рұқсат етілетін саны мен салмағында тасымалдауға қабылдайды.

14 14. Тасымалдаушы немесе пошта операторы тарапынан болатын бұзушылықтар, одан әрі жоғарыда көрсетілген тұлғалардың мүліктік жауапкершілігі үшін негіз болатын, осы Қағидалардағы 2-қосымшаға сәйкес, нысан бойынша бұзушылықтар туралы жалпы нысандағы актімен (бұдан әрі – Акт) куәландырады.

15 15. Акт мынадай:

1 1) су көлігінің жөнелту пунктінен жөнелуін тоқтатуы немесе кідіртуі, басталған рейстің тоқтатылуы, жол үстінде ұзақ мерзімге кідіруі және амалсыздан тоқтауы;

2 2) тасымалдаушының кінәсінен болған пошта жөнелтiлімдерiнің жетіспеуі немесе бүлінуі анықталуы;

📌 Ескертпе. Бұл ретте пошта жөнелтілімінің сыртқы жай-күйі егжей-тегжейлі сипатталады, құжат бойынша және нақты салмағы, сыртқы бұзылған жағдайда – ішкі құрамы көрсетіледі (әрбір пошта жөнелтілімі, оның жай-күйі, көлемі, салмағы, сондай-ақ пошта жөнелтілімі қабының жалпы салмағы, ыдыстың салмағы, жарияланған құндылық);

3 3) тасымалданған пошта жөнелтiлімдерiнің нақты салмағының ілеспе құжаттарда көрсетілген салмағынан асып кетуі жағдайларын куәландыру үшін жасалады.

📌 Ескертпе. Бұл жағдайда акт нақты жөнелтілген пошта жөнелтiлімдерiне есептесуге негіз болады.

16 16. Акт пошта операторы және тасымалдаушы үшін тең күші бар екі данада жасалады.

17 17. Актіде барлық акті жасалу кезге мәлім болған шарттың бұзылу себебі туралы дұрыс тұжырым жасауға мүмкіндік беретін мәліметтер, сондай-ақ ол бойынша шешімі көрсетіледі.

Актіге пошта операторының және тасымалдаушының өкілдері қол қояды.
Акт жасауға қатысатын тараптар актінің мазмұнымен келіспеген жағдайда, оған қол қоюдан бас тартады.
Бұл жағдайда, актіге қол қоюдан бас тартқан тараптар оған өздерінің дәлелді негіздерін баяндайды.

18 18. Акт пошта операторының және тасымалдаушының басшыларымен бекітіледі және пошта операторының және тасымалдаушының мөрлерімен расталады.

19 19. Актіні бекітуден бас тартқан пошта операторының немесе тасымалдаушының басшысы акті жасалғаннан күннен кейін бес жұмыс күні ішінде басқа тарапқа жазбаша қарсылық жолдайды.

Актіге ескертумен қол қойылғанда, пошта операторының және тасымалдаушының басшылары туындаған келіспеушіліктерді қарайды және олар бойынша бес жұмыс күні ішінде шешім қабылдайды.

20 20. Пошта жөнелтiлімдерiн жолданушыға жеткізу және тапсыру Ұсыну қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.

1 Пошта жөнелтiлімдерiн ішкі су

көлігімен тасымалдау қағидаларына
1-қосымша
нысан
20__ жылғы «____» __________
№___ маршруттық жөнелтпе құжаты
(пошта жөнелтілімдерін тапсыру және қабылдау үшін)
Пошта жөнелтілімдерін тапсыру және қабылдау уақыты:___________

Жөнелту, тұрақтау және келу орнының атауы
Пошта жөнелтілімдерінің түрлері
Орын саны
Салмағы
Тасымалдаушының өкілі _________ Пошта операторының өкілі __________
_______________________________ ___________________________________
(қолы) (қолы)

2 Бұзушылықтар туралы

Пошта жөнелтiлімдерiн ішкі су
көлігімен тасымалдау қағидаларына
2 қосымша
нысан
______________________ басшысы _________________________ басшысы
(тасымалдаушы) (пошта операторы)
20__ ж. "___" _______________ 20__ ж. "___" ____________________
_____________________ мөр орны үшін _____________________ мөр орны үшін
(мөр болған жағдайда) (мөр болған жағдайда)
Бұзушылықтар туралы
№ ____ жалпы нысандағы акт
_____________________________ _________________________________
(күні) (порт атауы)
Осы актіні пошта операторы _________________________ және тасымалдаушы ________________________ жасады, оған себеп, __________ ж. _________________ тарапынан Пошта жөнелтiлімдерiн ішкі су көлігімен тасымалдау қағидаларының, Қазақстан Республикасының басқа да заңнамалық актілерінің және пошта жөнелтiлімдерiн су көлігімен тасымалдау шарттары талаптарының бұзылуына жол берілген, ол төмендегідей білдірілген: (бұзушылық сипаттамасы, су көлігінің №, рейс №, бұзушылық күні көрсетілсін, бұл ретте болжаулы бұзушылық факті және ол бойынша шешім келтіріледі).
__________________________________________________________________________________________
__________________________________________________________________________________________
__________________________________________________________________________________________
__________________________________________________________________________________________
__________________________________________________________________________________________
Акт тексеру және бұзуды жою бойынша шаралар қабылдау үшін жасалды.
Тасымалдаушының өкілі _________ Пошта операторының өкілі __________
_______________________________ ___________________________________
(қолы) (қолы)

Қолданыстағы