Құжат мәтініне өту

Об утверждении формы справки-обоснования к нормативному правовому акту

Бұйрық · № 912 · қабылданған 21.10.2016
Заңдық күші: Күшін жойған · 15.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-107375/on/2026-08-15/
Басып шығарылды 2026-08-15 · adilet.kz
Об утверждении формы справки-обоснования к нормативному правовому акту Күшін жойған Бұйрық ·№ 912 ·21.10.2016
09.01.2019 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
15.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 09.01.2019. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении формы справки-обоснования к нормативному правовому акту

Күшін жойған Бұйрық ·№ 912 · 15.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении формы справки-обоснования к нормативному правовому акту
Атауы (қаз.)
Нормативтік құқықтық актіге анықтама-негіздеме нысанын бекіту туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
912
Қабылданған күні
21.10.2016
Көрсетілген редакция
09.01.2019 107375_384637.kaz
Соңғы өзгеріс
09.01.2019
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1600014355
ЭКБ идентификаторы
107375
Редакция идентификаторы
107375_384637
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 07:28

0 Нормативтік құқықтық актіге анықтама-негіздеме нысанын

бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкiметiнің 2016 жылғы 6 қазандағы № 568 қаулысымен бекітілген Нормативтiк құқықтық актілерді ресімдеу, келісу, мемлекеттік тiркеу және олардың күшін жою қағидаларының 41-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1 1. Осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес нормативтік құқықтық актіге анықтама-негіздеме нысаны бекітілсін.

2 2. Осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес тізбе бойынша нормативтік құқықтық актілердің күші жойылды деп танылсын.

3 3. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Нормативтік құқықтық актілерді тіркеу департаменті:

1 1) осы бұйрықты орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың, аумақтық әділет органдарының назарына жеткізсін;

2

2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін оның көшірмесін баспа және электрондық түрде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберсін.

4 4. Осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

0 Қазақстан Республикасы

Әділет министрінің
2016 жылғы 21 қазандағы
№ 912 бұйрығына қосымша
нысан
_____________________________________________________________________
(нормативтік құқықтық актінің нысаны, қабылданған күні, тіркеу нөмірі
және тақырыбы) анықтама-негіздеме

Көрсетілуі тиіс мәліметтердің тізбесі
Мемлекеттік органның ақпараты
1.
Нормативтік құқықтық актіні ұсынған мемлекеттік орган
2.
Нормативтік құқықтық актіні қабылдау қажеттігінің негіздемесі (нақты мақсаттары, уәждері және нормативтік құқықтық акт қабылданған актіге сілтеме)
3.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 6 қазандағы № 568 қаулысымен бекітілген Нормативтiк құқықтық актілерді ресімдеу, келісу, мемлекеттік тiркеу және олардың күшін жою қағидаларының 51-тармағының талаптары ескеріле отырып, күші жойылғаны туралы актілердің деректемелері көрсетіле отырып, осы мәселе бойынша бұрын қабылданған, мемлекеттік тіркеуден бас тартылған нормативтік құқықтық актілер туралы мәліметтер
4.
Осы нормативтік құқықтық акт республикалық немесе жергілікті бюджеттер шығыстарының көбеюін немесе түсімдерінің қысқаруын көздейме
5.
Нормативтік құқықтық актіні мүдделі мемлекеттік органдармен келісу туралы мәліметтер
6.
Интернет-ресурстарды қоса алғанда, бұқаралық ақпарат құралдарында жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын нормативтік құқықтық актілер жобаларының жариялануы туралы мәліметтер
7.
«Құқықтық актілер туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 18-бабының 8-тармағына (бұдан әрі – Заң ) сәйкес уәкілетті мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарында тауарлардың, көрсетілетін қызметтердің саудасына немесе зияткерлік меншік құқықтарына қатысты нормативтік құқықтық актілер жобаларының орналастырылуы туралы мәліметтер
8.
Реттеушілік әсерді талдау жүргізу нәтижелері туралы мәліметтер (болған кезде)
9.*
Заңның 19-бабына сәйкес жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын нормативтік құқықтық актінің жобасы бойынша сараптамалық қорытындыларды ұсынбаған сараптама кеңестерінің мүшелері туралы мәліметтер
10.*
Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын нормативтік құқықтық актінің жобасы бойынша сараптамалық қорытындыны ұсынуы (ұсынбауы) туралы мәліметтер
11.**
Заңның 20-бабына сәйкес қоғамдық кеңестің нормативтік құқықтық актінің жобасы бойынша ұсынымдарды ұсынуы (ұсынбауы) туралы мәліметтер
12.***
Ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында орналастырылған нормативтік құқықтық актілердің жобаларын көпшілік талқылауы туралы мәліметтер
__________________ ____________ ___________________
Лауазымы қолы тегі және аты-жөні
Ескерту:
*сараптамалық қорытынды ұсынылмаған жағдайда, әзірлеуші органың хабарламасының күні мен нөмері, сондай-ақ сараптама кеңестерінің және Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының кіріс нөмірі мен күні көрсетіледі.
**осы тармақ «Қоғамдық кеңестер туралы» 2015 жылғы 2 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 1-бабының 1-тармағында көзделген мемлекеттік органдарға қолданылмайды.
***осы тармақта «Ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталына заң жобалары тұжырымдамаларының жобалары мен нормативтік құқықтық актілердің жобаларын орналастыру және оларды көпшілік талқылауы қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрінің 2016 жылғы 30 маусымдағы № 22 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13974 болып тіркелген) бекітілген нысан бойынша нормативтік құқықтық актінің жобасын көпшілік талқылаудың аяқталуы туралы есеп қоса беріліп, нормативтік құқықтық актінің жобасын орналастырылу күні көрсетіледі.

2 Қазақстан Республикасы

Әділет министрінің
2016 жылғы 21 қазандағы
№ 912 бұйрығына
2-қосымша
Күші жойылады деп танылатын нормативтік құқықтық актілердің тізбесі

1 1. «Нормативтік құқықтық актіге негіздеме-анықтама нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2006 жылғы

4 қыркүйектегі № 240 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4376 болып тіркелген);

2 2. «Нормативтік құқықтық актіге негіздеме-анықтама нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2006 жылғы

4 қыркүйектегі № 240 бұйрығына толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2010 жылғы 31 желтоқсандағы № 346 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6718 болып тіркелген);

3 3. «Нормативтік құқықтық актіге негіздеме-анықтама нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2006 жылғы

4 қыркүйектегі № 240 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2013 жылғы 8 тамыздағы № 268 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8610 болып тіркелген);

4 4. «Нормативтік құқықтық актіге негіздеме-анықтама нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2006 жылғы

4 қыркүйектегі № 240 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 17 наурыздағы № 151 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10511 болып тіркелген);

5 5. «Нормативтік құқықтық актіге негіздеме-анықтама нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет Министрінің 2006 жылғы

4 қыркүйектегі № 240 бұйрығына толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 28 қыркүйектегі № 518 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12117 болып тіркелген).

Қолданыстағы