Құжат мәтініне өту

Об утверждении Правил выдачи служебного удостоверения государственного учреждения «Аппарат Бухар-Жырауского районного маслихата» и его описание

Ереже · № 15 · қабылданған 26.09.2016
Заңдық күші: Күшін жойған · 13.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-107377/on/2026-08-13/
Басып шығарылды 2026-08-13 · adilet.kz
Об утверждении Правил выдачи служебного удостоверения государственного учреждения «Аппарат Бухар-Жырауского районного маслихата» и его описание Күшін жойған Ереже ·№ 15 ·26.09.2016
10.09.2020 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
13.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 10.09.2020. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Правил выдачи служебного удостоверения государственного учреждения «Аппарат Бухар-Жырауского районного маслихата» и его описание

Күшін жойған Ереже ·№ 15 · 13.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Правил выдачи служебного удостоверения государственного учреждения «Аппарат Бухар-Жырауского районного маслихата» и его описание
Атауы (қаз.)
«Бұқар жырау аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің қызметтік куәлігін беру Қағидаларын және оның сипаттамасын бекіту туралы
Акт түрі
Ереже
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
15
Қабылданған күні
26.09.2016
Көрсетілген редакция
10.09.2020 107377_480245.kaz
Соңғы өзгеріс
10.09.2020
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V16KK004017
ЭКБ идентификаторы
107377
Редакция идентификаторы
107377_480245
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 07:41

0 «Бұқар жырау аудандық

мәслихатының аппараты»
мемлекеттік мекемесінің
қызметтік куәлігін беру
Қағидаларын және оның
сипаттамасын бекіту
туралы
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 30-бабы 4-тармағына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:

1 1. Қоса беріліп отырған «Бұқар жырау аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің қызметтік куәлігін беру Қағидалары және оның сипаттамасы бекітілсін.

2 2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

3 Бұқар жырау аудандық

мәслихатының 6
сессиясының 2016 жылғы
26 қыркүйектегі № 15
шешімімен бекітілген
«Бұқар жырау аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің қызметтік куәлігін беру Қағидалары және оның сипаттамасы

1

1. Осы «Бұқар жырау аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің қызметтік куәлігін беру Қағидалары және оның сипаттамасы (бұдан әрі - Қағидалар) «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 30-бабы 4-тармағына сәйкес әзірленген және «Бұқар жырау аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің қызметтік куәлігін беру тәртібін және оның сипаттамасын анықтайды.

2 2. Қызметтік куәлік (бұдан әрі - куәлік) мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің «Бұқар жырау аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінде атқаратын қызметін растайтын ресми құжат болып табылады.

3 3. Куәлік мұқабасы жасанды былғарыдан дайындалады және «Бұқар жырау аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің мемлекеттік қызметкерлеріне арналған.

4 4. Куәлік белгіленген тәртіппен мәслихат хатшысының қолы қойылып беріледі.

5 5. Куәлік лауазымға тағайындалған, ауыстырылған (қайта тағайындалған), бүлінген, алдындағы берілген куәлік жоғалған кезде беріледі.

6 6. Атқарып отырған лауазымынан босатылған, қызметтен босатылған, ауыстырылған (қайта тағайындалған) кезде, қызметкерлер тиісті өкімнің шыққан күнінен бастап үш жұмыс күн ішінде куәлікті алған жеріне тапсырады.

7 7. Куәліктердің берілуі мен қайтарылуын есепке алуды осы Қағидаларға 1-қосымшадағы нысан бойынша нөмірленетін және тігілетін, куәліктерді беру және қайтару журналында жүзеге асырылады.

8 8. Куәліктердің берілуі мен қайтарылуын есепке алуды ұйымдастыру-кадрлық жұмыс жөніндегі бас маман (бұдан әрі – бас маман) жүргізеді.

9 9. Куәліктерді есептен шығаруды және жоюды осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша куәліктерді есептен шығаруға және жоюға арналған тиісті актіні жасай отырып, бас маман жүргізеді.

10 10. Куәлікті жоғалтқан немесе бүлдірген жағдайда қызметкер үш жұмыс күні ішінде жазбаша түрде мәслихат аппаратының басшысына хабарлайды.

11 11. Куәлікті жоғалтқан адам жоғалған куәліктің жарамсыздығы туралы ақпаратты жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарына жариялауға жібереді.

12

12. Қызметтік куәлікті дұрыс сақтамау нәтижесінде болған жоғалту, бүліну, сондай-ақ қызметтік куәлікті басқа тұлғаларға беру, қызметтік куәлікті жеке басы үшін қызметтен тыс мақсаттарда пайдаланудың әрбір фактісін аппарат басшысы белгіленген тәртіппен қызметтік тексеру жүргізу қажеттігі тұрғысынан қарайды.

13 13. Қызметкер кінәсінен жоғалған немесе бүлінген куәлік өз қаражаты есебінен қалпына келтіріледі.

14

14. Көк түсті жасанды былғарыдан жасалған мұқабадағы куәлікте Қазақстан Республикасының мемлекеттік елтаңбасы бейнеленген және «КУӘЛІК», «УДОСТОВЕРЕНИЕ» деген жазбасы бар. Ашылған түрінде куәліктің мөлшері 65x200 миллиметр, ішбеті (форматы 60x90 миллиметр) бар. Сол жақ және оң жақ ішкі бөлігі белгіленген үлгідегі тангир торының аясында күннің астында қалықтаған бүркіт бейнеленген көгілдір түсте орындалған.Сол жақ бұрыштың сол жағында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Елтаңбасының суреті. Сол жақ бұрыштың оң жағында фотосуретке арналған орын бар (түрлi-түстi фотосурет, көлемi 30х40 миллиметр). Екі жағында да жоғарғы бөлігінде мемлекеттік және орыс тілдерінде «Қазақстан Республикасы, Қарағанды облысы «Бұқар жырау аудандық мәслихатының аппараты» деген жазу басылады, төменгі жағында куәліктің нөмірі, мемлекеттік және орыс тілдерінде тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), атқаратын лауазымы көрсетіледі. Сол жақ төменгі жағында куәліктің берілген күні болады.

15 15. Куәліктер мәслихат хатшысының қолымен расталады және елтаңбалы мөрмен бекітіледі.

19 «Бұқар жырау аудандық

мәслихатының аппараты»
мемлекеттік мекемесінің қызметтік
куәлігін беру Қағидаларына және
оның сипаттамасына
1 қосымша
нысан
«Бұқар жырау аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі
қызметтік куәліктерін беру және қайтару журналы

р/н
Қыз­мет­тік ку­ә­лік­тің нө­мі­рі
Тегі, аты, жөні (бар болса)
Ат­қа­ра­тын ла­у­а­зы­мы
Беріл
ген күні
Ал
ғаны жөнінде жеке қолы
Қыз­мет­тік ку­ә­лік­ті ауы­сты­руы және тап­сыр­ға­ны, (та­ғай­ын­да­луы, ла­у­а­зы­мы­ның өзге­руі, мер­зі­мі­нің өтуі, жұ­мыстан боса­ты­луы, жо­ға­луы ту­ра­лы бел­гі)
Қыз­мет­тік ку­ә­лік­ті жою (ак­ті­нің нө­мі­рі мен кү­ні)
Ескертпе
Ескертпе: журнал тігілген, нөмірленген болуы тиіс.

20 «Бұқар жырау аудандық

мәслихатының аппараты»
мемлекеттік мекемесінің қызметтік
куәлігін беру Қағидаларына және
оның сипаттамасына
2 қосымша
нысан
Ұйымның атауы
___________________ ___________
жасалу орны күні
Біз, төменде қол қойғандар (кемінде 3 қызметкер, тегін, атын, әкесінің атын (бар болса), атқаратын лауазымын көрсету керек), қызметтік куәлігін беру Қағидаларының 9-тармағының негізінде "Бұқар жырау аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі қызметкерлерінің жұмыстан босатылуға, басқа қызметке ауысуға байланысты қызметтік куәліктерін жою және есептен шығару бойынша осы актіні жасадық.
Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) лауазымның атауы қолы
Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) лауазымның атауы қолы
Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) лауазымның атауы қолы

Қолданыстағы