Вопросы Министерства финансов Республики Казахстан
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Вопросы Министерства финансов Республики Казахстан
- Атауы (қаз.)
- Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің мәселелері туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 658
- Қабылданған күні
- 03.11.2016
- Көрсетілген редакция
- 03.11.2016 107386_121804.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 03.11.2016
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- P1600000658
- ЭКБ идентификаторы
- 107386
- Редакция идентификаторы
- 107386_121804
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 07:21
0 Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің мәселелері туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің «Достық» кедені» республикалық мемлекеттік мекемесі «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi Мемлекеттік кірістер комитетi Алматы облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментiнiң «Достық» кедені» республикалық мемлекеттік мекемесі болып қайта аталсын.
2 2. «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң кейбiр мәселелерi туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2008 жылғы 24 сәуiрдегi № 387 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 22, 205-құжат) мынадай өзгеріс мен толықтыру енгiзiлсiн:
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi туралы ережеде:
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің республикалық мемлекеттік мекемелерінің тізбесінде:
«Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің аумақтық органдары – мемлекеттік мекемелерінің тізбесі» деген1-бөлімде:
мынадай мазмұндағы 56-1-тармақпен толықтырылсын:
«56-1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi Мемлекеттік кірістер комитетi Алматы облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментiнiң «Достық» кедені.»;
237-тармақ алып тасталсын.