О внесении изменений и дополнений в некоторые указы Президента Республики Казахстан
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений и дополнений в некоторые указы Президента Республики Казахстан
- Атауы (қаз.)
- Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
- Акт түрі
- Жарлық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 362
- Қабылданған күні
- 27.10.2016
- Көрсетілген редакция
- 31.07.2023 107397_647545.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 31.07.2023
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- U1600000362
- ЭКБ идентификаторы
- 107397
- Редакция идентификаторы
- 107397_647545
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 07:24
0 Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының
Президенті мен Үкіметі актілерінің
жинағында жариялануға тиіс
(үзінді)
ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1 1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.
2 2. Қазақстан Республикасының Үкіметі осы Жарлықты іске асыру бойынша қажетті шаралар қабылдасын.
3 3. Осы Жарлық 2016 жылғы 4 наурыздан бастап қолданысқа енгізіледі және 2017 жылғы 31 желтоқсанға дейін қолданылады.
4 Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына енгізілетін ӨЗГЕРІСТЕР МЕН ТОЛЫҚТЫРУЛАР
Қазақстан Республикасы
Президентінің
2016 жылғы 27 қазандағы
№ 362 Жарлығымен
БЕКІТІЛГЕН
Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына енгізілетін ӨЗГЕРІСТЕР МЕН ТОЛЫҚТЫРУЛАР
1 1. Күші жойылды - ҚР Президентінің 31.07.2023 № 290 (қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Жарлығымен.
2
2. "Қазақстан Республикасының мемлекеттік бюджеті және Ұлттық Банкінің сметасы (бюджеті) есебінен қамтылған Қазақстан Республикасы органдары қызметкерлеріне еңбекақы төлеудің бірыңғай жүйесі туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 17 қаңтардағы № 1284 Жарлығында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 19, 234-құжат) ("Қызмет бабында пайдалану үшін" белгісі бар).
3 3. "Қазақстан Республикасының Мемлекеттік протоколын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 12 қазандағы № 201 Жарлығында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 39, 428-құжат):
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Мемлекеттік протоколына 1-қосымшада:
мынадай мазмұндағы 48-1-тармақпен толықтырылсын:
"48-1. ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесінің Комиссары";
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Мемлекеттік протоколына 2-қосымшада:
мынадай мазмұндағы 37-1-тармақпен толықтырылсын:
"37-1. ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесінің Комиссары".
4
4. "Қазақстан Республикасының дипломатиялық және қызметтік паспорттарын ресімдеу, беру, ауыстыру, тапсыру, алып қою, есепке алу, сақтау және жою қағидаларын және Қазақстан Республикасының дипломатиялық және қызметтік паспорттары берілетін Қазақстан Республикасының лауазымды адамдарының тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 13 қаңтардағы № 722 Жарлығында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 1, 2-құжат):
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының дипломатиялық және қызметтік паспорттары берілетін Қазақстан Республикасы лауазымды адамдарының тізбесінде:
Қазақстан Республикасының дипломатиялық паспорты берілетін адамдардың тізбесі мынадай мазмұндағы 27-1-тармақпен толықтырылсын:
"27-1. ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесінің Комиссары".
5 5. "Мемлекеттік саяси және әкімшілік қызметшілер лауазымдарының тізілімін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 150 Жарлығында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2015 ж., № 70-71, 520-құжат):
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Мемлекеттік саяси және әкімшілік қызметшілер лауазымдарының тізілімінде:
"1. Мемлекеттік саяси лауазымдар" деген бөлімде:
"Қазақстан Республикасының министрлері, олардың бірінші орынбасарлары мен орынбасарлары" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасының министрлері, ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесінің Комиссары, Қазақстан Республикасы министрлерінің бірінші орынбасарлары мен орынбасарлары".