Құжат мәтініне өту

О некоторых вопросах республиканской собственности

Қаулы · № 675 · қабылданған 07.11.2016
Заңдық күші: Қолданыста · 16.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-107430/on/2026-08-16/
Басып шығарылды 2026-08-16 · adilet.kz
О некоторых вопросах республиканской собственности Қолданыста Қаулы ·№ 675 ·07.11.2016
23.11.2023 редакциясы
16.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 23.11.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О некоторых вопросах республиканской собственности

Қолданыста Қаулы ·№ 675 · 16.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О некоторых вопросах республиканской собственности
Атауы (қаз.)
Республикалық меншіктің кейбiр мәселелерi туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
675
Қабылданған күні
07.11.2016
Көрсетілген редакция
23.11.2023 107430_667903.kaz
Соңғы өзгеріс
23.11.2023
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P1600000675
ЭКБ идентификаторы
107430
Редакция идентификаторы
107430_667903
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 07:20

0 Республикалық меншіктің кейбiр мәселелерi туралы

«Мемлекеттік мүлік туралы» 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңы 11-бабының 4) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. «Ұлттық мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама орталығы» акционерлік қоғамы (бұдан әрі – «ҰМҒТСО» АҚ) оған «Ұлттық ғылыми-техникалық ақпарат орталығы» акционерлік қоғамын қосу жолымен қайта ұйымдастырылсын.

2

2. «ҰМҒТСО» АҚ қызметінің негізгі мәні мемлекеттік бюджеттен қаржыландыруға ұсынылатын ғылыми, ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламаларға мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама жүргізу жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру, ұлттық ғылыми кеңестердің жұмысын ұйымдастыру, мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама нәтижелерін ұлттық ғылыми кеңестерге жіберу, орындалған ғылыми, ғылыми-техникалық және инновациялық жобалар мен бағдарламалардың нәтижелерін (есептерін) бағалау, жүргізілетін ғылыми зерттеулердің, ғылыми-техникалық және инновациялық жобалар мен бағдарламалардың нәтижелілігінің мониторингін жүзеге асыру, қазақстандық және шетелдік сарапшылар құрамын сапалы іріктеуді қамтамасыз ету, мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтерді қамтитын ғылыми және ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламаларға сараптама жүргізу үшін сарапшылар құрамын іріктеу Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпиялар туралы заңнамасының талаптары сақтала отырып, қазақстандық ғалымдар қатарынан жүзеге асырылады, мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптаманы әдістемелік және ұйымдастырушылық-техникалық қамтамасыз ету, ғылыми, ғылыми-техникалық және инновациялық жобалар мен бағдарламалардың деректер банктерін қалыптастыру, өз қызметін жетілдіру бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу болып айқындалсын.

3 3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетімен бірлесіп заңнамада белгіленген тәртіппен:

1 1) Қазақстан Республикасы Білiм және ғылым министрлігiнің Ғылым комитетіне «ҰМҒТСО» АҚ мемлекеттік акциялар пакетіне иелік ету және пайдалану құқығын беруді;

2 2) осы қаулыдан туындайтын өзге де шаралар қабылдауды қамтамасыз етсін.

4 4. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.

5 5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

0 Қазақстан Республикасы

Үкіметінің
2016 жылғы 7 қарашадағы
№ 675 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін
өзгерістер мен толықтырулар

1 1. «Акциялардың мемлекеттік пакеттеріне мемлекеттік меншіктің түрлері және ұйымдарға қатысудың мемлекеттік үлестері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 12 сәуірдегі № 405 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., № 13, 124-құжат):

көрсетілген қаулымен бекітілген акцияларының мемлекеттік пакеттері мен қатысу үлестері республикалық меншікте қалатын акционерлік қоғамдар мен шаруашылық серіктестіктердің тізбесінде:
«Астана қаласы» деген бөлімде:
реттік нөмірі 21-130-жол алып тасталсын;
«Алматы қаласы» деген бөлімде:
реттік нөмірі 123-141-жол алып тасталсын:
мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 123-147-жолмен толықтырылсын:
«123-147. «Ұлттық мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама орталығы» АҚ».

2 2. «Республикалық меншіктегі ұйымдар акцияларының мемлекеттік пакеттері мен мемлекеттік үлестеріне иелік ету және пайдалану жөніндегі құқықтарды беру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 мамырдағы № 659 қаулысында:

көрсетілген қаулымен бекітілген иелік ету және пайдалану құқығы салалық министрліктерге, өзге де мемлекеттік органдарға берілетін республикалық меншік ұйымдарындағы акциялардың мемлекеттік пакеттерінің және қатысудың мемлекеттік үлестерінің тізбесінде:
«Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Ғылым комитеті» деген бөлімде:
реттік нөмірі 222-39-5-жол алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 222-39-7-жолмен толықтырылсын:
«222-39-7. «Ұлттық мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама орталығы» АҚ;
«Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті» деген бөлімде:
реттік нөмірі 222-41-жол алып тасталсын.

3 3. «Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгiнiң кейбiр мәселелерi» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 21 шілдедегі № 700 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 27, 290-құжат):

көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Білiм және ғылым министрлігi Ғылым комитетiнiң қарамағындағы ұйымдардың тізбесінде:
«Акционерлік қоғамдар» деген 3-бөлімде:
реттік нөмірі 26-жол алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 28-жолмен толықтырылсын:
«28. Ұлттық мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама орталығы».

4

5

6 6. «2016 – 2018 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 8 желтоқсандағы № 972 қаулысында:

42-қосымшада:
көрсетiлген қаулымен бекітілген 2016 жылға арналған мемлекеттік тапсырмалардың тізбесінде:
реттiк нөмiрi 18-жолда:
«Мемлекеттік тапсырманың орындалуына жауапты заңды тұлғаның атауы» деген баған мынадай редакцияда жазылсын:
«Ұлттық мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама орталығы» АҚ».

Қолданыстағы