Құжат мәтініне өту

Об определении размера и порядка возмещения затрат на обучение на дому детей с ограниченными возможностями из числа инвалидов по индивидуальному учебному плану в Сарысусском районе

Өзге акт · № 9-3 · қабылданған 24.10.2016
Заңдық күші: Қолданыста · 30.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-107432/on/2026-08-30/
Басып шығарылды 2026-08-30 · adilet.kz
Об определении размера и порядка возмещения затрат на обучение на дому детей с ограниченными возможностями из числа инвалидов по индивидуальному учебному плану в Сарысусском районе Қолданыста Өзге акт ·№ 9-3 ·24.10.2016
01.12.2022 редакциясы
30.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 01.12.2022. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об определении размера и порядка возмещения затрат на обучение на дому детей с ограниченными возможностями из числа инвалидов по индивидуальному учебному плану в Сарысусском районе

Қолданыста Өзге акт ·№ 9-3 · 30.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об определении размера и порядка возмещения затрат на обучение на дому детей с ограниченными возможностями из числа инвалидов по индивидуальному учебному плану в Сарысусском районе
Атауы (қаз.)
Сарысу ауданында мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу мөлшерін және тәртібін айқындау туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
9-3
Қабылданған күні
24.10.2016
Қолданысқа енгізілген күні
16.11.2016
Көрсетілген редакция
01.12.2022 107432_608109.kaz
Соңғы өзгеріс
01.12.2022
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V16GI003207
ЭКБ идентификаторы
107432
Редакция идентификаторы
107432_608109
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 07:26

0 Жамбыл облысы Сарысу ауданында мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу тәртібі мен мөлшерін айқындау туралы

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына және «Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 11 шілдедегі Заңының 16 бабының 4 тармақшасына сәйкес, Сарысу аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1 1. Жамбыл облысы Сарысу ауданында мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу тәртібі мен мөлшері осы шешімнің қосымшасына сәйкес айқындалсын.

2

3 3. Осы шешімнің орындалуын қадағалау – алтыншы шақырылған Сарысу аудандық мәслихатының тұрғындарды әлеуметтік-құқықтық қорғау және мәдениет мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.

4 4. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және оның алғашқы ресми жарияланған күннен бастап колданысқа енгізіледі.

5 Жамбыл облысы Сарысу ауданында мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу тәртібі және мөлшері

Сарысу аудандық мәслихатының
2016 жылғы 24 қазандағы №9-3
шешіміне қосымша
Жамбыл облысы Сарысу ауданында мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу тәртібі және мөлшері

1

1. Осы Жамбыл облысы Сарысу ауданында мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу тәртібі және мөлшері Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің «Әлеуметтік – еңбек саласында мемлекеттік қызметтерді көрсетудің кейбір мәселелері туралы» 2021 жылғы 25 наурыздағы № 84 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 22394 болып тіркелген) бекітілген «Мүгедек балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу» мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларына (бұдан әрі – шығындарды өтеу қағидалары) сәйкес әзірленді.

2

2. Мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алуды (бұдан әрі – оқытуға жұмсалған шығындарды өндіріп алу) мүгедектігі бар баланың қатарындағы кемтар балаларды үйде оқу фактісін растайтын оқу орынының анықтамасы негізінде «Сарысу ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесімен жүзеге асырылады.

3

3. Оқытуға жұмсаған шығындарды өндіріп алу (толық мемлекеттің қамсыздандыруындағы мүгедектігі бар балалардан және оларға қатысты ата-аналары ата-ана құқығынан айырылған мүгедектігі бар балалардан басқа) отбасының табысына қарамастан мүгедектігі бар балалардың ата-анасының біреуіне немесе өзге де заңды өкілдеріне беріледі.

4 4. Оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу психологиялық - медициналық - педагогикалық консультацияның қорытындысында белгіленген мерзім аяқталғанға дейін өтініш берген айдан бастап жүргізіледі.

5

5. Шығындарды өндіріп алуды тоқтатуға әкеп соққан жағдайлар бар болғанда (мүгедектігі бар баланың он сегіз жасқа толуы, мүгедектік мерзімінің аяқталуы, мүгедектігі бар баланың мемлекеттік мекемелерде оқып жатқан кезеңі, мүгедектігі бар баланың қайтыс болуы) төлемдер тиісті жағдайлар туындағаннан кейінгі айдан бастап тоқтатылады.

6 6. Оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу үшін қажетті құжаттар тізбесі шығындарды өтеу қағидаларының 3-қосымшасына сәйкес ұсынылады, бұл ретте қандастармен жеке басын сәйкестендіру үшін жеке басын куәландыратын құжаттың орнына қандас куәлігі ұсынылады.

7 7. Мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарын өндіріп алу мөлшері жеке оқыту жоспары бойынша әрбір мүгедектігі бар балаға ай сайын екі айлық есептік көрсеткішке тең.

8 8. Оқытуға жұмсаған шығындарды өндіріп алудан бас тарту негіздері шығындарды өтеу қағидаларының 3-қосымшасының тоғызыншы жолында көзделген.

Қолданыстағы