О реорганизации Республиканского государственного предприятия на праве хозяйственного ведения «Южно-Казахстанская государственная фармацевтическая академия» Министерства здравоохранения и социального развития Республики Казахстан
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О реорганизации Республиканского государственного предприятия на праве хозяйственного ведения «Южно-Казахстанская государственная фармацевтическая академия» Министерства здравоохранения и социального развития Республики Казахстан
- Атауы (қаз.)
- Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің «Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік фармацевтика академиясы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнын қайта ұйымдастыру туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 681
- Қабылданған күні
- 09.11.2016
- Көрсетілген редакция
- 17.02.2017 107437_283622.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 17.02.2017
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- P1600000681
- ЭКБ идентификаторы
- 107437
- Редакция идентификаторы
- 107437_283622
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 07:19
0 Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және
әлеуметтік даму министрлігінің «Оңтүстік Қазақстан
мемлекеттік фармацевтика академиясы» шаруашылық
жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік
кәсіпорнын қайта ұйымдастыру туралы
«Мемлекеттік мүлік туралы» 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 4) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің «Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік фармацевтика академиясы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны қайта құру жолымен мемлекеттің жүз пайыз қатысуымен «Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік фармацевтика академиясы» акционерлік қоғамы (бұдан әрі – қоғам) болып қайта ұйымдастырылсын.
2 2. Қоғам қызметінің негізгі түрі жоғарғы білім болып белгіленсін.
3 3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігімен бірлесіп, заңнамада белгіленген тәртіппен:
1 1) қоғамның жарғысын бекітуді;
2 2)Қазақстан Республикасының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін;
3 3) қоғам акцияларының мемлекеттік пакетін иелену және пайдалану құқығын Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігіне беруді;
4 4) осы қаулыдан туындайтын өзге де шаралар қабылдауды қамтамасыз етсін.
4 4. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.
5 5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
1 Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2016 жылғы 9 қарашадағы
№ 681 қаулысымен бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінеенгізілетін өзгерістер мен толықтырулар
1 1. «Акциялардың мемлекеттік пакеттеріне мемлекеттік меншіктің түрлері және ұйымдарға қатысудың мемлекеттік үлестері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 12 сәуірдегі № 405 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., № 13, 124-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Акцияларының мемлекеттік пакеттері мен қатысу үлестері республикалық меншікке жатқызылған акционерлік қоғамдар мен шаруашылық серіктестіктердің тізбесінде:
«Оңтүстік Қазақстан облысы» деген бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 302-жолмен толықтырылсын:
«302. «Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік фармацевтика академиясы» АҚ».
2 2. «Республикалық меншіктегі ұйымдар акцияларының мемлекеттік пакеттері мен мемлекеттік үлестеріне иелік ету және пайдалану жөніндегі құқықтарды беру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 мамырдағы № 659 қаулысында:
Иелік ету және пайдалану құқығы салалық министрліктерге, өзге де мемлекеттік органдарға берілетін республикалық меншік ұйымдарындағы акциялардың мемлекеттік пакеттерінің және қатысудың мемлекеттік үлестерінің тізбесінде:
«Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігіне» деген бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 227-17-жолмен толықтырылсын: «227-17 «Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік фармацевтика академиясы» АҚ».
3
4 4. «Жекешелендірудің 2016 - 2020 жылдарға арналған кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 30 желтоқсандағы № 1141 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2015 ж., № 77-78-79, 588-құжат;):
көрсетілген қаулыға 5-қосымшада:
жекешелендіруге жататын республикалық меншіктегі ұйымдардың тізбесінде:
«Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі» деген бөлімде реттік нөмірі 6-жол мынадай редакцияда жазылсын:
«
6.
2.
«Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік фармацевтика академиясы» акционерлік қоғамы
» .