Құжат мәтініне өту

О ставках налога на земельные участки, выделенные под автостоянки (паркинги),об установлении категорий автостоянок (паркингов)

Өзге акт · № 21/184-V · қабылданған 18.07.2014
Заңдық күші: Күшін жойған · 08.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-107446/on/2026-09-08/
Басып шығарылды 2026-09-08 · adilet.kz
О ставках налога на земельные участки, выделенные под автостоянки (паркинги),об установлении категорий автостоянок (паркингов) Күшін жойған Өзге акт ·№ 21/184-V ·18.07.2014
04.03.2024 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
08.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 04.03.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О ставках налога на земельные участки, выделенные под автостоянки (паркинги),об установлении категорий автостоянок (паркингов)

Күшін жойған Өзге акт ·№ 21/184-V · 08.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О ставках налога на земельные участки, выделенные под автостоянки (паркинги),об установлении категорий автостоянок (паркингов)
Атауы (қаз.)
Автотұрақтар (паркингтер) үшiн бөлiнген жер учаскелеріне салынатын салық ставкалары, автотұрақтар (паркингтер) санаттарын белгілеу туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
21/184-V
Қабылданған күні
18.07.2014
Көрсетілген редакция
04.03.2024 107446_701769.kaz
Соңғы өзгеріс
04.03.2024
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
G14VJ21184M
ЭКБ идентификаторы
107446
Редакция идентификаторы
107446_701769
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 19:05

0 Автотұрақтар (паркингтер) үшiн

бөлiнген жер учаскелеріне салынатын
салық ставкалары, автотұрақтар (паркингтер)
санаттарын белгілеу туралы
«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)» Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Кодексінің 381, 386 баптарына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабына сәйкес Жарма аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

1 1. Автотұрақтар (паркингтер) үшін бөлінген жерлерге салынатын салық ставкалары санаты аталған шешімге 1-қосымшаға сәйкес белгіленсін.

2

2. Тұрғын үй қоры, соның ішінде оның жанындағы құрылыстар мен ғимараттар алып жатқан жерлерді қоспағанда, елді мекендердің жерлеріне автотұрақтар санатына қарай салынатын базалық салық ставкалары бойынша Жарма ауданы аумағында автотұрақтар (паркингтер) үшін бөлінген елді мекендердің жерлеріне аталған шешімге 2-қосымшаға сәйкес ставка мөлшерлері белгіленсін.

3 3. Жарма ауданына қарасты автотұрақтар (паркингтер) үшін бөлінген басқа санаттағы жерлерге базалық салық ставкаларын қолдану үшін жақын жатқан елді мекен ретінде аталған елді мекенге аумақтық жағынан тиесілі округ белгілейді.

4

4. «Автотұрақтар (паркингтер) үшін бөлінген жерлерге салынатын салық ставкалары туралы» (нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу Тiзiлiмiнде № 5-10-120 болып тiркелген, «Қалба тынысы» газетінің 2011 жылғы 19 қазандағы № 83 санында жарияланған) Жарма аудандық мәслихатының 2011 жылғы 6 қазандағы № 33/252-IV шешімінің күші жойылды деп танылсын.

5 5. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

6 Жарма ауданы бойынша автотұрақтар (паркингтер) санатын белгілеу туралы

Жарма аудандық мәслихатының
2014 жылғы 18 шілдедегі
№ 21/184 -V шешiмiне
1-қосымша
Жарма ауданы бойынша автотұрақтар (паркингтер)
санатын белгілеу туралы
Рет

Автотұрақтардың түрлері
Санаты
1
Жер үстіндегі жабық түрлі автотұрақтар, ашық түрлі автотұрақтар
1 санат
2
Басқа маңыздағы ғимараттарға жалғастырылған автотұрақтар, басқа маңыздағы ғимараттың ішіне салынған автотұрақтар
2 санат
3
Ғимараттардың жер астындағы, үй астындағы, жер үстіндегі төменгі немесе цокольдық қабаттарында орналасқан автотұрақтар
3 санат

7 Автотұрақтар үшін бөлінген жерлерге салық ставкаларының санатына қарай мөлшері

Жарма аудандық мәслихатының
2014 жылғы 18 шілдедегі
№ 21/184 -V шешiмiне
2-қосымша
Автотұрақтар үшін бөлінген жерлерге салық ставкаларының
санатына қарай мөлшері
Рет

Автотұрақтардың
санаты
ҚР Салық кодексімен белгіленген базалық ставкалар
Шар қ.
кенттер
ауылдар
1
1 санаты
7,24
0,96
0,48
2
2 санаты
7,24
0,96
0,48
3
3 санаты
7,24
0,96
0,48

Қолданыстағы