О корректировке базовых ставок земельного налога в городе Костанае
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О корректировке базовых ставок земельного налога в городе Костанае
- Атауы (қаз.)
- Қостанай қаласында жер салығының базалық мөлшерлемелерін түзету туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 77
- Қабылданған күні
- 06.10.2016
- Қолданысқа енгізілген күні
- 01.01.2017
- Көрсетілген редакция
- 28.03.2018 107470_311890.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 28.03.2018
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V16NA006699
- ЭКБ идентификаторы
- 107470
- Редакция идентификаторы
- 107470_311890
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 07:35
0 Қостанай қаласында жер салығының базалық мөлшерлемелерін түзету туралы
«Қазақстан Республикасының Жер кодексі» 2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасы кодексінің 8-бабына, «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)» 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы кодексінің 387-бабына сәйкес Қостанай қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1 1. Қостанай қаласында жер салығының базалық мөлшерлемелерін түзету осы шешімнің қосымшасына сәйкес жүзеге асырылсын.
2
2. Мәслихаттың 2009 жылғы 21 сәуірдегі № 201 «Жер салығының базалық мөлшерлемелеріне түзету коэффициенттерін белгілеу туралы» шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9-1-129 тіркелген, 2009 жылғы 16 маусымда «Костанай» газетінде жарияланған), мәслихаттың 2015 жылғы 13 тамыздағы № 346 «Мәслихаттың 2009 жылғы 21 сәуірдегі № 201 «Жер салығының базалық ставкаларына түзету коэффициенттерін белгілеу туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5876 тіркелген, 2015 жылғы 22 қыркүйекте «Наш Костанай» газетінде жарияланған) күші жойылған деп танылсын.
3 3. Осы шешім 2017 жылдың 01 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
«Қазақстан Республикасы Қаржы
министрлігінің Мемлекеттік кірістер
комитеті Қостанай облысы бойынша
мемлекеттік кірістер департаментінің
Қостанай қаласы бойынша мемлекеттік
кірістер басқармасы» республикалық
мемлекеттік мекемесінің басшысы
__________________С. Доненбаев
«06» қазан 2016 жыл
«Қостанай қаласы әкімдігінің
жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік
мекемесінің басшысы
__________________С. Жусипбеков
«06» қазан 2016 жыл
4 Мәслихаттың
2016 жылғы 06 қазандағы
№ 77 шешіміне қосымша
Қостанай қаласында жер салығының базалық мөлшерлемелерін түзету
№ р/с
Аймақтың нөмірі
Жер салығының базалық мөлшерлемелерін жоғарылату коэффициенті
1
1
1,50
2
2
1,45
3
3
1,40
4
4
1,35
5
5
1,30
6
6
1,25
7
7
1,20
8
8
1,10
9
9
1,00