Об установлении карантина на территориях населенного пункта Мартыши Баксайского сельского округа, населенного пункта Аккайын Бейбарыского сельского округа, Алмалинского, Алгинского и Жалгансайского сельских округов Махамбетского района Атырауской области
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об установлении карантина на территориях населенного пункта Мартыши Баксайского сельского округа, населенного пункта Аккайын Бейбарыского сельского округа, Алмалинского, Алгинского и Жалгансайского сельских округов Махамбетского района Атырауской области
- Атауы (қаз.)
- Атырау облысы Махамбет ауданының Бақсай ауылдық округінің Мартыши елді мекенінің, Бейбарыс ауылдық округінің Аққайын елді мекенінің, Алмалы, Алға және Жалғансай ауылдық округтерінің аумақтарында карантин белгілеу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 312
- Қабылданған күні
- 12.10.2016
- Көрсетілген редакция
- 08.12.2016 107471_130321.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 08.12.2016
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V16TC003658
- ЭКБ идентификаторы
- 107471
- Редакция идентификаторы
- 107471_130321
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 07:32
0 Атырау облысы Махамбет ауданының Бақсай ауылдық округінің Мартыши елді мекенінің, Бейбарыс ауылдық округінің Аққайын елді мекенінің, Алмалы, Алға және Жалғансай ауылдық округтерінің аумақтарында карантин белгілеу туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31, 37 баптарына, «Ветеринария туралы» 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңының 10 бабының 2 тармағының 9) тармақшасына және Махамбет аудандық Бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2016 жылғы 22 қыркүйектегі №228 санды ұсынысына сәйкес, Махамбет аудандық әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. Мүйізді ірі қара мал арасында «нодулярлы дерматит» (экзотикалық ауру) ауруының анықталуына байланысты, Атырау облысы Махамбет ауданының Бақсай ауылдық округінің Мартыши елді мекенінің, Бейбарыс ауылдық округінің Аққайын елді мекенінің, Алмалы, Алға және Жалғансай ауылдық округтерінің аумақтарында карантин белгіленсін.
2
2. «Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің Атырау облысы тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің Махамбет аудандық тұтынушылардың құқықтарын қорғау басқармасы» республикалық мемлекеттік мекемесі (келісім бойынша), «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Атырау облысының Ішкі істер департаменті» мемлекеттік мекемесінің Махамбет аудандық ішкі істер бөлімінің жергілікті полиция қызметі (келісім бойынша) және Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының «Махамбет аудандық орталық ауруханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорыны (келісім бойынша) осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды алсын.
3 3. Осы қаулының орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4 4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
КЕЛІСІЛДІ:
«Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика
министрлігі Тұтынушылардың құқықтарын қорғау
комитетінің Атырау облысы тұтынушылардың
құқықтарын қорғау департаментінің
Махамбет аудандық тұтынушылардың
құқықтарын қорғау басқармасы» республикалық
мемлекеттік мекемесінің басшысы Л.Мамаева
11 қазан 2016 жыл.
«Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі
Атырау облысының Ішкі істер департаменті»
мемлекеттік мекемесінің Махамбет аудандық
ішкі істер бөлімінің жергілікті
полиция қызметінің бастығы Н.Досқайров
11 қазан 2016 жыл.
Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының
«Махамбет аудандық орталық ауруханасы»
шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық
мемлекеттік кәсіпорынының бас дәрігері Е.Сабиров
11 қазан 2016 жыл.