Об установлении квоты рабочих мест для трудоустройства граждан из числа молодежи, потерявших или оставшихся до наступления совершеннолетия без попечения родителей, являющихся выпускниками организаций образования, лиц, освобожденных из мест лишения свободы, лиц состоящих на учете службы пробации
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об установлении квоты рабочих мест для трудоустройства граждан из числа молодежи, потерявших или оставшихся до наступления совершеннолетия без попечения родителей, являющихся выпускниками организаций образования, лиц, освобожденных из мест лишения свободы, лиц состоящих на учете службы пробации
- Атауы (қаз.)
- Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 230-қ
- Қабылданған күні
- 19.10.2016
- Көрсетілген редакция
- 09.09.2020 107482_480083.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 09.09.2020
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V16MG003177
- ЭКБ идентификаторы
- 107482
- Редакция идентификаторы
- 107482_480083
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 07:29
0 Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға
дейін айырылған немесе ата-анасының
қамқорлығынсыз қалған, білім беру
ұйымдарының түлектері болып
табылатын жастар қатарындағы
азаматтарды, бас бостандығынан айыру
орындарынан босатылған адамдарды,
пробация қызметінің есебінде тұрған
адамдарды жұмысқа орналастыру үшін
жұмыс орындарына квота белгілеу
туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Халықты жұмыспен қамту туралы» заңдарына сәйкес, жұмыс іздеуде қиыншылық көретін ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдардың жұмыспен қамтылуына және жұмысқа қабылдануына жәрдемдесу мақсатында, Мұнайлы ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Мұнайлы ауданында жұмыс орындарының жалпы санына төменде көрсетілген пайыздық мөлшерде квота белгіленсін:
ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтар үшін бір пайыз;
бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар үшін бір пайыз;
пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар үшін бір пайыз.
2 2. «Мұнайлы аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі (Г.Ақниязова) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, оның «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесі мен бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Б. Біләловке жүктелсін.
4 4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
КЕЛІСІЛДІ:
«Мұнайлы аудандық жұмыспен
қамту және әлеуметтік бағдарламалар
бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы
________________ Г.Ақниязова
«19» 10 2016 ж.