Құжат мәтініне өту

Об утверждении Методики по формированию первичных показателей, необходимых для построения экологического счета в Системе национальных счетов

Бұйрық · № 238 · қабылданған 12.10.2016
Заңдық күші: Қолданыста · 15.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-107485/on/2026-08-15/
Басып шығарылды 2026-08-15 · adilet.kz
Об утверждении Методики по формированию первичных показателей, необходимых для построения экологического счета в Системе национальных счетов Қолданыста Бұйрық ·№ 238 ·12.10.2016
13.12.2022 редакциясы
15.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 13.12.2022. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Методики по формированию первичных показателей, необходимых для построения экологического счета в Системе национальных счетов

Қолданыста Бұйрық ·№ 238 · 15.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Методики по формированию первичных показателей, необходимых для построения экологического счета в Системе национальных счетов
Атауы (қаз.)
Ұлттық шоттар жүйесінде экологиялық шоттарды құрастыру үшін қажетті алғашқы көрсеткіштерді қалыптастыру бойынша әдістемені бекіту туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
238
Қабылданған күні
12.10.2016
Көрсетілген редакция
13.12.2022 107485_609951.kaz
Соңғы өзгеріс
13.12.2022
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1600014417
ЭКБ идентификаторы
107485
Редакция идентификаторы
107485_609951
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 07:32

0 Ұлттық шоттар жүйесінде экологиялық шоттарды құрастыру үшін қажетті алғашқы көрсеткіштерді қалыптастыру бойынша әдістемені бекіту туралы

«Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы 5) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі төрағасының 2020 жылғы 23 қазандағы № 9-нқ бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы туралы ереженің 15-тармағы 20) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1 1. Қоса беріліп отырған Ұлттық шоттар жүйесінде экологиялық шоттарды құрастыру үшін қажетті алғашқы көрсеткіштерді қалыптастыру бойынша әдістеме бекітілсін.

2 2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің Өндіріс және қоршаған орта статистикасы басқармасы Заң басқармасымен бірлесіп заңнамада белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2 2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспасөз басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;

3

3) осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерін қағаз және электрондық түрде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;

4 4) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

3

3. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің Өндіріс және қоршаған орта статистикасы басқармасы осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің құрылымдық бөлімшелеріне және аумақтық органдарына жұмыс бабында басшылыққа алу және пайдалану үшін жеткізсін.

4 4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті төрағасының орынбасарына (Г.М. Керімханова) жүктелсін.

5 5. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

0 Ұлттық шоттар жүйесінде экологиялық шоттарды құрастыру үшін қажетті алғашқы көрсеткіштерді қалыптастыру бойынша әдістеме

Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі
Статистика комитеті төрағасының
2016 жылғы 12 қазандағы
№ 238 бұйрығымен бекітілді
Ұлттық шоттар жүйесінде экологиялық шоттарды құрастыру үшін қажетті алғашқы көрсеткіштерді қалыптастыру бойынша әдістеме

1 1-тарау. Жалпы ережелер

1

1. Ұлттық шоттар жүйесінде (бұдан әрі - ҰШЖ) Экологиялық шоттарды құрастыру үшін қажетті алғашқы көрсеткіштерді қалыптастыру бойынша әдістеме (бұдан әрі - Әдістеме) халықаралық стандарттарға сәйкес қалыптастырылатын және «Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 19 наурыздағы Заңына (бұдан әрі - Заң) сәйкес бекітілетін статистикалық әдіснамаға жатады.

2 2. Осы Әдістеменің мақсаты ҰШЖ-да экологиялық шотты құрастыру үшін қоршаған ортаны қорғау статистикасы бойынша алғашқы көрсеткіштер жүйесін қалыптастырудың негізгі қағидаттарын және тәртібін анықтайды.

3 3. Әдістемені Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы (бұдан әрі – Бюро) экологиялық көрсеткіштерді қалыптастыру кезінде қолданады.

4 4. Әдістеме Қазақстан Республикасы экономикасының ерекшеліктерін ескере отырып бейімделген, Біріккен Ұлттар Ұйымының халықаралық стандарттары ретінде басылған «Экологиялық-экономикалық есеп жүйесінің (ЭЭЕЖ 2012)» (бұдан әрі – ЭЭЕЖ) принциптерін және ұсынымдарын ескере отырып әзірленген.

5 5. Осы Әдістемеде Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексінде, Заңда айқындалған мәндердегі ұғымдар және келесі негізгі анықтамалар қолданылады:

1 1) атмосфераға шығарындылар – экологиялық жүйенің бөлігі болып табылатын атмосфераға экономика жүйесінің шаруашылық субъектілерінен (өндіріс немесе тұтыну үдерісінің нәтижесінде) газ тәрізді немесе дисперсті материалдардың физикалық ағыны;

2 2) құндық белгідегі ағындар – ақшалай бірлікте өлшенетін айналым;

3 3) құндық белгідегі қорлар – ақшалай бірлікте өлшенетін қазіргі уақыттағы активтер саны;

4

4) қоршаған ортаны қорғауға жұмсалған ағымдық шығындар – кәсіпорындар мен ұйымдардың іс-шараларды жүргізуге, технологиялық үдерістер мен өндірістердің ағымдағы жұмысын қамтамасыз етуге, сонымен бірге ластаушы заттарды (өнімдерді) азайту, тазалау (қайта өңдеу), алдын-ала және/немесе жою мақсатында әзірленген және жұмыс жасайтын машина және жабдықтарды ұстауға және пайдалануға кеткен шығындар;

5 5) мекеме – бір жерде орналасқан және өндірістік қызметтің бір түрімен айналысатын немесе қосылған құн бағасының негізгі бөлігі маңызды бөлігіне ие кәсіпорын немесе кәсіпорын бөлігі;

6 6) ұлттық шоттар жүйесі – шотты жүргізудің нақты ережелеріне және экономикалық теория принциптеріне негізделген макро деңгейдегі есепке сәйкес және экономикалық қызмет көрсеткіштерін санау бойынша халықаралық деңгейде келісілген стандартты жиынтық;

7 7) физикалық белгідегі ағындар – натуралдық бірлікте өлшенетін айналымдар;

8 8) физикалық белгідегі қорлар – натуралды бірлікте өлшенетін қазіргі уақыттағы активтер саны;

9 9) экологиялық-экономикалық есеп жүйесінің орталық негізі – экономика және қоршаған орта арасындағы өзара әрекеттестігін, сондай-ақ экологиялық активтер қорының бар болуын және өзгеруін сипаттайтын көп мақсатты концептуалды негіз.

2 2-тарау. Экологиялық-экономикалық есеп жүйесінің орталық негізі және құрылымы

6

6. ЭЭЕЖ ресурстардың қорларын және ағындарын қамтитын экологиялық және экономикалық ақпаратты ұйымдастырдың жүйелі тәсілін қарастырады. Ақпарат экологиялық және экономикалық көрсеткіштерді сараптау үшін пайдаланады. Деректер кесте түрінде заттай және құндық түрде, сондай-ақ аралас форматта келтіріледі.

7 7. ЭЭЕЖ деректер ағынының жүйесі (алғашқы деректерден шоттарға дейін) осы Әдістемеге 1-қосымшада келтірілген. Осы сызбаға сәйкес экологиялық шот қоршаған орта статистикасының кең ауқымын қамтитын 12 шоттардан тұрады. Барлық экологиялық шоттар өзара байланысты.

8 8. Экологиялық шот үш шоттар тобынан тұрады:

1 1) Физикалық және гибридтік ағындық шоттар (1-топ) бес түрлі шоттан тұрады:

атмосфераға шығарындылар шоты;
суға төгінділер шоты;
су ағыны шоты;
энергетикалық және материалдық ағындық шоты;
қалдықтар шоты.

2 2) Табиғи ресурстар\активтер шоты (2-топ) келесі төрт шоттан тұрады:

жер қабаты шоты;
орман ресурстарының шоты;
су қорының шоты;
минералды және энергетикалық ресурстар шоты.

3 3) Экологиялық қызмет шоты (3-топ) үш шот түрінен тұрады:

қоршаған ортаға жұмсалған шығындар шоты;
экологиялық салықтар және субсидиялар шоты;
экологиялық тауарлар және қызмет секторы шоты.
ЭЭЕЖ енгізудің модульдік және икемді тәсілі Ұлттық статистика қызметтеріне өздерінің мүдделеріне және алғашқы дерек көздерінің болуына байланысты экологиялық шоттарды кезеңмен енгізуге мүмкіндік береді. ЭЭЕЖ құрылымы оны бөлігімен де, толықтай да тиімді пайдалануға мүмкіндік береді.

3 3-тарау. Ұлттық деңгейде экологиялық шотты құрастыру үшін алғашқы көрсеткіштерді қалыптастыру

9

9. ЭЭЕЖ орталық негізінің экологиялық шоттарын қалыптастыру кезінде қолданылатын алғашқы көрсеткіштер қоршаған орта статистикасын жүргізу үдерісінде қалыптастырылады. Қазақстан Республикасының экологиялық көрсеткіштер жүйесі ресми статистикалық және әкімшілік дерек көздерінің негізінде қалыптастырылады.

10

10. Халықаралық деңгейде салыстырмалы деректер алуға мүмкіндік беретін қоршаған ортаны қорғау статистикасы саласындағы көрсеткіштер жүйесі, жіктелімдер және есепке алулар Біріккен Ұлттар Ұйымының Европалық Экономика Комиссиясының (БҰҰ ЕЭК), Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының (ЭЫДҰ), Европалық кеңестің статистикалық қызметі (ЕКСҚ) және Біріккен Ұлттар Ұйымы Статистикалық бөлімінің (БҰҰСБ) ұсынымдарына негізделген.

11 11. ЭЭЕЖ енгізу тәсілдеріне сәйкес ұлттық деңгейде кезеңмен келесі экологиялық шоттар енгізілуде:

атмосфераға шығарындылар;
қалдықтар;
қоршаған ортаны қорғауға жұмсалған жалпы шығындар.
Осы әдістемеде аталған шоттарды құрастыру үшін алғашқы деректерді қалыптастыру үдерісінің қадамдары сипатталған.

1 1-параграф. Атмосфераға шығарындылар шотының алғашқы көрсеткіштерін қалыптастыру

12 12. Атмосфераға шығарындылар шоты (бұдан әрі – АШШ) экономикалық жүйедегі шаруашылық субъектілерден атмосфераға газ тәрізді және дисперстік материалдар ағынын тіркейді.

13 13. Атмосфераға шығарындылар шотын құрастыру үшін қолданылатын негізгі алғашқы көрсеткіштер және оларды есептеу алгоритмі ұлттық ерекшеліктерді және деректердің болуын ескере отырып, осы Әдістемеге

2-қосымшада келтірілген атмосфераға шығарындылар шотының құрылымына сәйкес анықталады.

14 14. Атмосфераға шығарындылар өндіріс үдерістерінен, тұтыну және жиналу нәтижесінде мекемелер және үй шаруашылықтарының атмосфераға шығаратын газ тәріздес және қатты заттары болып табылады.

15 15. Атмосфераға шығарындылар шоты стационарлық және жылжымалы ластау көздерінен атмосфераға ластайтын заттар шығарындылардың көлемі жөніндегі ақпаратты құрайды.

16 16. Атмосфераға шығарындылар шотын есептеу антропогендік шығарындыларға, атмосфераға адам шығарған шығарындыларға баса назар аударылады және өлшеу (есептеу) әдісімен жүргізіледі. Табиғи көздерден атмосфераға шығарындылар (мысалы, вулкандар, орман өрті және басқалар) есепке алынбайды.

17

17. Атмосфераға шығарындылар шоты өндірістік бірліктер тобы болып табылатын экономиканың барлық салаларын, сондай-ақ үй шаруашылықтарын қамтиды. Үй шаруашылықтарының тұтынуы тікелей атмосфераға шығарындылармен байланысты болған жағдайда олар салалардан бөлек тұтынушы ретінде қарастырылады. Үй шаруашылықтары атмосфераға тікелей шығарындыларды жіберетін ірі көздер болып табылады және атмосфераға шығарынды тұрғысынан үш ішкі классқа бөлінеді:
көлік;
жылыту/суыту;
басқалары.

18

18. Өндіріс, тұтыну және жинау үдерісі нәтижесінде атмосфераға шығарындылар бойынша деректер АШШ-да есепті жылға есептеледі. Коммуналдық қалдықтарды орналастыруға арналған бақыланатын полигондардан атмосфераға шығарындылар өткен кезеңдерде өндіріс, тұтыну және жинау нәтижесіндегі шығарындыларды көрсетеді. Коммуналдық қалдықтарды орналастыруға арналған бақыланатын қоқыс полигондардан атмосфераға шығарындылар көлемі атмосфераға шығарындыларды есептеу алгоритміне сәйкес экономика салалары бойынша шығарындылар көлемінде есептелмейді.

19 19. Атмосфералық ауаға шығарындылардың жалпы көлемі келесі формула бойынша есептеледі:

V(барлығы) = V(с) + V(ү) + V(п), ), (1)
мұнда;
– атмосфералық ауаға шығарындылардың жалпы көлемі;
V(с) – экономика салалары бойынша шығарындылар көлемі;
V(ү) – үй шаруашылықтарынан шыққан шығарындылар көлемі;
V(п) – коммуналдық қалдықтарды орналастыру үшін арналған бақыланатын қоқыс полигондарынан шыққан шығарындылар көлемі.

20 20. Экономика салалары бойынша ластау заттарының шығарындыларының көлемі өндірістік бірліктегі экономикалық қызмет түрлері шығарындыларының жиынтығы ретінде анықталады:

V(б) = V(аш) + V(кө) + V(өө)+V(к) + V(өс) , (2)
мұнда;
V(б) – экономика салалары бойынша шығарындылардың көлемі;
V(аш) – ауыл шаруашылығынан шығарындылар көлемі;
V(кө) – кен өндіру өнеркәсібінен шығарындылар көлемі;
V(өө) – өңдеу өнеркәсібінен шығарындылар көлемі;
V(к) – көлік саласынан шығарындылар көлемі;
V(өс) – өзге де салалардан шығарындылар көлемі.

21 21. Үй шаруашылықтарының атмосфераға шығарындылар және энергетика статистикасының жалпымемлекеттік статистикалық байқауының деректері атмосфераға шығарындылар шотының көрсеткіштерін қалыптастыру үшін ақпараттың негізгі көздері болып табылады.

22

22. Стационарлық көздерден ластаушы заттардың шығарындылары көрсеткішін қалыптастыру үшін атмосфералық ауаны қорғау жөніндегі жыл сайынғы жалпымемлекеттік статистикалық байқау деректері қолданылады. Атмосфераға жалпы ластаушы шығарындыларына және тазарту құралдарының болуына қарамастан ауаны ластайтын тұрақты көздері бар шаруашылық субъектілері атмосфераға ластаушы затардың шығарындылары бойынша жалпымемлекеттік статистикалық байқау бірлігі болып табылады.

23 23. Стационарлық көздерден атмосфераға ластаушы заттар шығарындылары бойынша деректерді жинау Заңның 12-бабы 8-тармақшасына сәйкес «Ерекше ластаушы заттардың анықтамалығына» сай заттардың түрлері бойынша жүзеге асырылады.

24

24. «Ерекше ластайтын заттардың анықтамалығында» атмосфераға шығарындылар шотын қамтитын ауаны ластаушы заттардың және дисперстік құрамдардың келесі негізгі түрлері келтірілген (қатты бөлшектер диаметрі 10 мкм (ҚБ10), қатты бөлшектер диаметрі 2,5 мкм (ҚБ2,5), күкіртті ангидрид (SO₂), күкірт сутегі (H₂S), көмір тотығы (CO), (NО₂ есептегендегі) азот тотығы, аммиак, (ұшпалы органикалық және метан қоспаларынсыз (CH4)) көмірсутектер, ұшпалы органикалық қосылымдар (ҰОК)).

25 25. Атмосфераға ластаушы заттардың шығарындылары «Экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуішіне» (бұдан әрі – ЭҚҚЖ) сәйкес атмосфераға ластаушы шығарындыларының көздері болып табылатын экономикалық қызмет түрлері бойынша қалыптасады. Саланы нақтылау секция деңгейінде жүргізіледі.

26 26. Жылжымалы көздерден атмосфераға шығарындылар бойынша ақпарат парниктік газдар бойынша ғана қалыптасады.

27

27. Парниктік газдар бойынша әкімшілік көздерден әкімшілік деректері негізінде жыл сайын парниктік газдардың шығарындылары жөніндегі ақпарат қалыптастырылады. Есепті мұнайгаз, энергетика, тау металлургия, химия, парниктік газдар шығарындылары көміртек қостотығының жылына жиырма мың тонна эквивалентінен асатын құрылыс материалдарының өндірісі бөлігінде: цемент, әк, гипс және кірпіш өңдеу саласында қызметін жүзеге асыратын табиғатты пайдаланушылары тапсырады.

28 28. Атмосфераға шығарындылар есебінен ескерілетін парниктік газдардың алты түрі (CO₂, N₂O, CH4, ГФК, ПФК, SF6) бойынша әкімшілік деректер қалыптасады.

29 29. Үй шаруашылығының тұтыну қызметі нәтижесі бойынша үй шаруашылығынан ластаушы заттардың шығарындылары келесі формула бойынша анықталады:

V(ү) = V(кқ) + V(үж), (3)
мұнда;
V(ү) – үй шаруашылығынан шығарындылардың көлемі;
V(кқ) – үй шаруашылығындағы көлік құралдарынан шығарындылардың көлемі;
V(үж) – үй шаруашылығын жылытудан шығарындылардың көлемі.

30 30. Үй шаруашылығындағы көлік құралдарынан шығарындылардың көлемі есеп жолымен келесі формула бойынша есептеледі:

V(үк) = (Sкөлік\Pорт.баға) *K, (4)
мұнда;
V(үк) - үй шаруашылығындағы көлік құралдарынан шығарындылар көлемі;
Sкөлік – үй шаруашылығындағы жеке көлік құралдары үшін жанар-жағар май материалдарына кеткен шығындар көлемі;
Pорт.баға - белгілі бір отын түрлеріне орташа баға;
K- шығарындылар коэффиценті.

31 31. Үй шаруашылығындағы жеке көлік құралдар үшін жанар-жағар май материалдарына кеткен шығындардың көлемі күнделікті шығындарды есептеу бойынша тоқсандық жалпымемлекеттік статистикалық байқау нәтижелері бойынша қалыптастырылған, статистикалық ақпарат негізінде анықталады.

Белгілі бір отын түрінің бағасы тұтыну тауарларының бағасына және ақылы қызметтерге ай сайынғы жалпымемлекеттік статистикалық байқау негізінде анықталады. Белгілі бір отын түріне орташа жылдық бөлшек бағаны есептеу орташа арифметикалық формула бойынша жүргізіледі.

32 32. Атмосфераға шығарындыларды есептеу алгоритмі бірнеше кезеңнен тұратын шығарындыларды есептеудің жалпы моделіне негізделген:

1 1) бірінші кезеңде әр отын бойынша үй шаруашылығындағы қолданылған отын көлемі (литрмен, тоннамен немесе мерт кубпен) анықталады;

2

2) екінші кезеңде алынған отын көлемі қолданылатын шығарындылар коэффицентімен сәйкестігі үшін әр отын түріне бөлек жылу беру мүмкіндігін ескеріп терраджоульге ауыстырылады. Отын көлемін терраджоульге ауыстыру кезінде халықаралық стандарттар негізінде есептелген Қазақстан Республикасының Энергетика саласының ерекшелігін ескеріп бейімделген ұлттық өзгеру көэффиценттері бойынша Қызмет көрсету және энергетика статистикасы басқармасының деректері қолданылады.

3 3) үшінші кезеңде тераджольмен көрсетілген үй шаруашылығында отынның әр түрі жеке алынып, отынның көлемі қолданылған осы түрі бойынша шығарындылар коэффицентіне көбейтіледі.

33

33. Үй шаруашылығының көлік құралдарынан парниктік газдар шығарындыларының көлемін анықтау үшін Климаттың өзгеруі бойынша Үкіметаралық сарапшылар тобында (бұдан әрі – КӨҮСТ 2006) келтірілген коэффиценттер қолданылады. Жол көліктері үшін CO₂, N₂O и CH4 бойынша шығарындылар коэффиценті осы Әдістемеге 3-қосымшада келтірілген.

34 34. Үй шаруашылығын жылытудан ластаушы заттар шығарындыларының көлемі келесі формула бойынша есептеледі:

V(үж) = (Sжылыту \ Рорт. баға) *k, (5)
мұнда;
V(үж) – үй шаруашылығын жылытудан шығарындылар көлемі;
Sжылыту
– үй шаруашылығын жылытуға кеткен шығын көлемі;
Рорт.
баға – белгілі бір отын түріне орташа жылдық бөлшек баға;
k – шығарынды коэффиценті.

35

35. Үй шаруашылығын жылытуға кеткен шығын көлемі тоқсан сайынғы үй шаруашылықтарының шығыстары мен табыстары бойынша жалпымемлекеттік статистикалық байқау негізінде қалыптастырылатын агрегатталған деректер негізінде анықталады. Отынның белгілі бір түріне баға тұтыну тауарлары және ақылы көрсетілетін қызметтер бағаларына ай сайынғы жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың негізінде анықталады. Белгілі бір отын түріне орташа жылдық бөлшек баға есепті жылдың айлары бойынша нақты қалыптасқан бағадан қарапайым орташа арифметикалық ретінде есептеледі.

36

36. Үй шаруашылығын жылытудан ластаушы заттардың шығарындыларының көлемін анықтау үшін ағымдық есепте КӨҮСТ 2006 Парниктік газдарды түгендеудің ұлттық басқарушы принциптерінде келтірілген шығарындылар коэффиценті қолданылады. CO₂, N₂O и CH4 шығарындылар коэффиценттері стационарлық жағу үшін осы Әдістемеге 4-қосымшада келтірілген.

37

37. Коммуналдық қалдықтарды орналастыру үшін арнайы қоқыс полигондарынан парниктік газдар шығарындыларының көлемі бойынша ақпаратты климаттың өзгерісі туралы БҰҰ негіздемелік конвенциясына және Киоттық хаттамаға сәйкес Қазақстан Республикасының міндеттеріне сай Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі қалыптастырады. Осы көрсеткіш бойынша ақпарат «Монреаль хаттамасымен реттелмейтін, көздерден анторпогендік шығарындылар кадастры және парниктік газдарды жұтатын абсорбациялар туралы Ұлттық баяндамада» жарияланады.

38 38. Барлық құралатын әдістерді анықтаған соң қарапайым қосу әдісімен әр зат бойынша жылына тоннамен атмосфералық ауаға шығарындылардың көлемі анықталады.

2 2-параграф. Қалдықтар шотының алғашқы көрсеткіштерін қалыптастыру

39 39. Қалдықтар шоты (бұдан әрі – ҚШ) қалдықтардың пайда болған немесе олармен айналым сәтін бастап қалдықтардың өндірісін және тұтынуын тіркейді.

Бұл ретте өндіріс қалдықтарына кәсіпорынның шаруашылық қызмет үдерісінде пайда болған қалдықтар жатады. Тұтыну қалдықтарына адамның тiршiлiк әрекетi нәтижесiнде елдi мекендерде пайда болған коммуналдық қалдықтар және құрамы мен түзілу сипаты жағынан осыларға ұқсас басқа да қалдықтар жатады.

40 40. Ұлттық ерекшелікті және деректердің бар болуын ескере отырып, осы Әдістемеге 5-қосымшада келтірілген, қалдықтар шотының құрамына сәйкес қалдықтар шотын құрастыру үшін қажетті негізгі алғашқы көрсеткіштер анықталады.

41 41. Қалдықтар шотындағы қалдықтар ақаба сулардан басқа қатты немесе сұйық қалпындағы материалдар жатады.

42 42. Қалдықтар шотына қауіпті және қауіпсіз қалдықтардың түзілуі және айналымы жөніндегі ақпарат кіреді.

43 43. Қалдықтардың түзілуі бұл өңдеу, кәдеге жарату және көму алдында қалдық ағынына түскен шикізат, материалдар мен азық-түлік қалдықтарының жалпы салмағы немесе көлемін білдіреді.

44 44. Пайда болған қалдықтардың жалпы көлемін анықтау үшін келесі формула қолданылады:

V(барлығы) = V(қ) + V(к) + V(и), (6)
мұнда;
V(барлығы) – қалыптасқан қалдықтардың жалпы көлемі;
V(қ) – экономика салалары бойынша пайда болған өндірістік қалдықтардың көлемі;
V(к) - пайда болған тұтыну қалдықтардың көлемі;
V(и) - қалдықтар импортының көлемі.

45 45. Қалдықтар және сауда бойынша жалпымемлекеттік статистикасының байқаудың деректері қалдықтардың пайда болу шотының көрсеткіштерін қалыптастыру үшін ақпараттың негізгі көзі болып табылады.

46 46. Экономика салалары бойынша өндіріс қалдықтарының көлемі туралы ақпарат қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның әкімшілік деректері негізінде жыл сайын қалыптастырылады.

47 47. Қауіпті қалдықтарды тасымалдау, кәдеге жарату, сақтау және көму мақсатында транс шекаралас тасымалдау және оларды жоюды бақылау туралы Базель конвенциясында қауіпті қалдықтардың 3 деңгейі белгіленеді:

1 1) жасыл – G индексі;

2 2) ашық сары - A индексі;

3 3) қызыл - R индексі;

48

48. Өндіріс қалдықтары туралы ақпарат жоғарыда аталған қауіптіліктің 3 деңгейі бойынша қалыптастырылады және: химиялық және медициналық қалдықтар, радиоактивті қалдықтар, металл қалдықтары, қайталама өңдеуге жарайтын металл емес қалдықтар, кәдеге жаратылған жабдық және көлік құралдары, өсімдік және жануарлардан шыққан қалдықтар, аралас тұрмыстық және коммерциялық қалдықтар, минералды-топырақ қалдықтары, жану қалдықтары, өзге де қалдықтар деп топталады. Өндіріс қалдықтары бойынша деректерді қалыптастыру кезінде ЭҚЖЖ номенклатурасы экономикалық қызмет түрін сәйкестендіру үшін қолданылады.

49

49. Тұтыну қалдықтарының көлемі туралы деректерді қалыптастыру үшін коммуналдық қалдықтарды жинау және шығару жөніндегі жылдық жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың деректері ақпараттық база болып табылады. Негізгі және (немесе) қосалқы қызмет түрлері ЭҚЖЖ - 38 болып табылатын шаруашылық субъектілері байқау объектісі болып табылады.

50 50. Жиналған және шығарылған тұтыну қалдықтары қалыптасу көздері бойынша: үй шаруашылығының қалдықтары, саябақ қалдықтары, құрылыс қалдықтары, өндіріс қалдықтары (тұрмыстық қалдықтарға тең), көше қоқыстары, базар қалдықтары, басқа да қалдықтар болып бөлінеді.

51 51. Тұтыну қалдықтары бойынша ақпарат материалдардың санаттары бойынша: металл, металл емес қалдықтар, кәдеге жаратылған жабдықтар және көлік құралдары, аралас тұрмыстық және коммерциялық қалдықтар, өзге де қалдықтар болып топталады.

52

52. Еуразия экономикалық одағының құрамына кіретін мүше-елдер арасында қалдықтардың импорт және экспорт көлемі бойынша деректер Еуразия Экономикалық одағының мүше-мемлекеттерінің озара тауар саудасы бойынша ай сайынғы статистикалық байқауы негізінде анықталады. Еуразия экономикалық одағының мүше-мемлекеттерімен экспорт және (немесе) импортты жүзеге асыратын шаруашылық субъектілері статистикалық байқау бірлігі болып табылады.

53 53. Еуразия экономикалық одағының мүшесі болып табылмайтын елдер арасындағы қалдықтардың импорты және экспортының көлемі сауда статистикасы бойынша жалпымемлекеттік статистикалық байқау негізінде анықталады.

54 54. Қалдықтардың экспорты мен импортының көлемі бойынша ақпаратты топтау «ЕАЭО Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасына» (бұдан әрі – СЭҚТН ЕАЭО) сәйкес жүзеге асырылады.

55 55. Барлық құрамы анықталғаннан соң, қарапайым қосу әдісімен қалыптасқан қалдықтардың көлемі анықталады. Қалыптасқан қалдықтардың жиынтық көлемі тоннамен өлшенеді.

56 56. Қалдықтармен айналысу қалдықтардың пайда болуын ескерту және қалдықтардың пайда болуын төмендетуді қосқанда, есеп және бақылау, қалдықтарды жинау, сондай-ақ жинау, қайта өңдеу, кәдеге жарату, залалсыздандыру, тасымалдау, сақтау және жою бойынша қызметтер түрін білдіреді.

57 57. Қауіпті қалдықтар бойынша әкімшілік көздердің әкімшілік деректері өндірістік қалдықтар айналымы жөніндегі ақпарат көзі болып табылады. Байқалатын бірліктердің кезеңділігі және аясы жөніндегі ақпарат осы Әдістемеге 46-тармақта келтірілген.

58 58. Тұтыну қалдықтармен айналысу туралы ақпарат қалдықтарды сұрыптау, кәдеге жарату және сақтауға беру бойынша жалпымемлекеттік статистикалық байқау негізінде қалыптастырылады. Аталған байқау бойынша байқалатын бірліктердің кезеңі және айналымы осы Әдістемеге 49-тармақта келтірілген.

59 59. Қайта өңделген, кәдеге жаратылған және полигонда орналасқан қалдықтар тоннамен өлшенеді.

3 3-параграф. Қоршаған ортаны қорғауға жұмсалған жалпы шығындар шотының алғашқы көрсеткіштерін қалыптастыру

60

60. Қоршаған ортаны қорғауға жұмсалған шығындар шотын құрастыру үшін қолданылатын негізгі алғашқы көрсеткіштер ұлттық жағдайлар мен деректердің бар болуын ескеріп, осы Әдістемеге 6-қосымшада келтірілген қоршаған ортаны қорғауға жұмсалған жалпы шығындар шотының (шартты мысал мың теңгемен) құрылымына сәйкес анықталады.

61 61. Қоршаған ортаны қорғауға жұмсалған шығындардың көлеміне қоршаған ортаны қорғауға бағытталған негізгі капиталға инвестициялар және қоршаған ортаға жұмсалған ағымдық шығындар кіреді.

62

62. Қазақстан Республикасының техникалық реттеу заңнамасына сәйкес және «Қоршаған ортаны қорғау бойынша қызмет түрлерін және шығындарын жіктеу» (The Classification of Environmental Protection Activities and Expenditure» (СЕРА 2000)), «Ресурстарды басқару бойынша қызметтерді жіктеу» (Classification of Resource Management Activities (CReMA 2008)) және «Табиғатты қорғау қызмет түрлерінің жіктеуіші» (Classification of environmental activities (CEA 2011))» халықаралық жіктеуіштер негізінде әзірленген және бекітілген қоршаған ортаны қорғау және ресурстарды басқару қызметінің түрлері және шығындарының ведомстволық жіктеуішіне (бұдан әрі – ҚОҚҚШ ж РБЖ) сәйкес қоршаған ортаны қорғау шығындарына жіктеледі. Осы жіктеуіш қоршаған ортаны қорғауды сипаттайтын қызмет түрлерін жіктеуге арналған.

63

63. ҚОҚҚШ ж РБЖ сәйкес қоршаған ортаны қорғауға өндірістік үдеріс немесе тауар мен қызметтерді пайдалану нәтижесінде қоршаған ортаға келтірілген кез-келген шығынның алдын алу, төмендету және ластауды тоқтату бойынша мақсатты қызметтің барлық түрі кіреді және табиғатты қорғау қызметінің келесі тоғыз түрлерін:

1 1) атмосфералық ауаны қорғау және климаттың өзгеру мәселелерін;

2 2) ақаба суларды тазалауды;

3 3) қалдықтармен жұмыс істеуді;

4 4) топырақ, жер асты және жер үсті суларын қорғау және оңалтуды;

5 5) шу және вибрациялық ықпалды төмендетуді;

6 6) биоалуандық пен мекендеу ортасын сақтауды;

7 7) радиация әсерінен қорғауды (сыртқы мемлекеттік қауіпсіздік мәселелерін алып тастағанда);

8 8) ғылыми-зерттеу жұмыстарын;

9 9) табиғат қорғау қызметінің басқа да бағыттарын біріктіреді.

64 64. Қоршаған ортаны қорғауға бағытталған негізгі капиталға инвестициялар және ағымдық шығындар Экономикалық қызмет түрлері бойынша ЭҚЖЖ номенклатурасына және ҚОҚҚШ ж РБЖ сәйкес табиғатты қорғау қызметі түрлерінің тоғыз бағыты бойынша топталады.

65 65. Қоршаған ортаны қорғауға жұмсалған жалпы шығындардың көлемі анықтау үшін келесі формула қолданылады:

V(барлығы) = V(инв) + V(ағым. шығ.), (7)
мұнда;
V(барлығы) – қоршаған ортаны қорғауға жұмсалған жалпы шығындар;
V(инв) – қоршаған ортаны қорғауға бағытталған негізгі қорларға инвестициялар;
V(ағым.шығ.) – қоршаған ортаны қорғауға бағытталған ағымдық шығындар.

66 66. Кәсіпорындардың статистикалық байқауында қоршаған ортаны қорғауға бағытталған негізгі қорларға инвестициялар және ағымдық шығындар қоршаған ортаны қорғауға кеткен нақты шығындардың алғашқы есебінің деректері негізінде көрсетіледі.

67

67. Қоршаған ортаны қорғауға бағытталған инвестициялар көлемі жөніндегі ақпарат инвестициялық қызмет туралы жыл сайынғы жалпымемлекеттік статистикалық байқау негізінде қалаптастырылады. Экономикалық қызмет түрлеріне қарамастан қоршаған ортаны қорғау бойынша инвестициялық қызметті жүзеге асыратын шаруашылық субъектілері статистикалық байқау бірлігі болып табылады. Табиғатты қорғау қызмет түрлері бойынша шығындарды нақтылау ҚОҚҚШ ж РБЖ сәйкес жүзеге асырылады.

68

68. Қоршаған ортаны қорғауға бағытталған негізгі капиталға инвестицияларға барлық қаржыландыру көздері есебінен жүзеге асырылатын барлық капиталдық салымдар жатады. Оларға жаңа құрылысқа, кеңейтуге, қайта жабдықтауға, техникалық қайта жарақтану және объектілерді модернизациялау, көлік алу, жабдықтар, көлік құралдары және басқаларына шығындар кіреді.

69

69. Қоршаған ортаны қорғау шығындары бойынша қоршаған ортаны қорғауға жұмсалған ағымдық шығындар жыл сайынғы жалпымемлекеттік статистикалық байқау негізінде қалыптастырылады. Экономикалық қызмет түріне қарамастан, табиғи ресурстарды пайдаланатын, ластаушы заттар мен өндірістік қалдықтардың шығарындылары мен төгінділері бар шаруашылық субъектілері статистикалық байқау бірлігі болып табылады. ҚОҚҚШ ж РБЖ сәйкес табиғатты қорғау қызметінің түрлері бойынша ағымдық шығындар нақтыланады.

70 70. Қоршаған ортаны қорғау бойынша ағымдық шығындарға қоршаған ортаның қорғау қызметімен байланысты шаруашылық субъектілерінің ағымдық (эксплуатациялық) шығындары жатады.

Қоршаған ортаны қорғау бойынша қызметпен байланысты шаруашылық субъектілердің қоршаған ортаға жұмсалған ағымдық шығындарға ағымдық (эксплуатациялық) шығындар жатады.
Қоршаған ортаны қорғауға жұмсалған ағымдағы шығындардың құрамына:
қоршаған ортаны қорғау бойынша негізгі қорларды ұстау және пайдалану (олардың модернизациясына және қайта жаңғыртылуына кеткен шығындарды қоспағанда) табиғатты қорғау қорларын пайдалану кезінде қолданылатын шикізат, материалдар мен басқа да өнімдер, отын және электр энергиясы, осы қорларды ағымдағы жөндеуге, аталған қорларға қызмет көрсететін персоналды ұстауға жұмсалған шығындар, табиғатты қорғау имараттары және жабдықтарына қатысты сақтандыру бойынша төлемдер;
өз күшімен өндіріс және тұтыну қалдықтарын жинау, сақтау/көму және қайта өңдеу немесе залалсыздандыру, жою және орналастыруға жұмсалатын шығындар;
қоршаған ортаға зиянды әсерлерді өз күшімен бақылау және мониторингілеу іс-шараларын ұйымдастыру, ғылыми-техникалық зерттеулер, ұйымда қоршаған ортаны қорғау қызметін басқару;
бұрын жүргізілген шаруашылық қызметтер нәтижесінде бұзылған қоршаған ортаның сапасын сақтау және қалпына келтіру бойынша ағымдық іс-шаралар;
қоршаған ортаға зиянды әсер етуді төмендету үшін өзге де ағымдық іс-шаралар бойынша шығындар кіреді.

71 71. Қоршаған ортаны қорғауға жұмсалған жалпы шығындар ЭҚЖЖ жіктеуішіне сәйкес экономикалық қызмет түрлері бойынша және ҚОҚҚШ ж РБЖ сәйкес табиғатты қорғау қызмет түрлерінің тоғыз бағыты бойынша топталады.

72 72. Негізгі қорларға инвестицияларды және қоршаған ортаға жұмсалған ағымдық шығындарды анықтағаннан кейін қарапайым қосу әдісімен жылына мың теңгемен қоршаған ортаға жұмсалған жалпы шығындар көлемі анықталады.

4 4-тарау. Деректерді редакциялау

73

73. ҰШЖ-да экологиялық шотты құру үшін алғашқы деректердің көрсеткіштерін сапалы қалыптастыру мақсатында деректерді көп деңгейлі бақылау (редакциялау, түзету, импутация) жүйесі қолданылады. Көп деңгейлі бақылау өткізу экологиялық шотты құру үшін қажетті ақпарат ҰШЖ-да жалпымемлекеттік және ведомстволық статистика, әкімшілік деректері сияқты әр түрлі көздерден қалыптасуына байланысты қате және дәйекті емес деректерді табуға бағытталған маңызды іс шара болып табылады. Деректерді редакциялау және импутациялау микро және макро редакциялау деңгейінде жүзеге асырылады.

74

74. Бақылау жолдары және әдістері Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті төрағасының міндетін атқарушының 2016 жылғы 29 наурыздағы № 51 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13626 болып тіркелген) «Өндіріс және қоршаған ортаны қорғау статистикасында деректерді редакциялау бойынша әдістемеге» (бұдан әрі – Редакциялау әдістемесі) негізделген.

75

75. Атмосфераға шығарындылар және қалдықтар шоттары бойынша респондентттерді толығымен қамту статистикалық ақпарат ретінде ұсынылатын жалпы стандартты талаптар негізінде Редакциялау әдістемесіне сәйкес микроредакциялау деңгейінде жүзеге асырылады. Қоршаған ортаға кеткен ағымдық шығындар бойынша алғашқы көрсеткіштердің сапасы және дәйектілігін қамтамасыз ету деректерді қалыптастыру ерекшеліктерін ескере отырып, деректерді редакциялау жолымен жүзеге асырылады.

76

76. Белгілі бір себептермен аумақтық органдар мамандарының зерттелетін қоршаған ортаны қорғау шығындары бойынша жалпымемлекеттік статистикалық байқау бойынша зерттелетін жиынтықтар (респонденттер) бойынша байқауды толық қамтуды қамтамасыз етпеуі қоршаған ортаға жұмсалған ағымдық шығындарды қалыптастыру кезінде жіберілетін мүмкін болатын қате көздері болып табылады, себебі статистикалық байқау бойынша жеке каталогқа шаруашылық субъектілерінің барлық экономикалық қызмет түрлері кіреді.
Жетіспейтін респонденттерді табу үшін сүрек дайындау және орман өсіру мен орман шаруашылығы жұмыстарын жүргізу, аңшылық пен аулау шығындары бойынша жалпымемлекеттік статистикалық байқаулар арасында бақылау жүзеге асырылады. Статистикалық нысандар арасындағы бақылау жеке каталогты салғастыру арқылы жүзеге асырылады. Импутация ережесі негізінде байқалатын бірліктер толық қамтамасыз етілмеген жағдайда статистикалық байқаудың жетіспеген бірліктері жеке каталогқа толтыру жолымен қателерді жөндеу жүзеге асырылады. Байқаудың жетіспеген бірліктерінің деректері жоғарыда аталған статистикалық нысандарының алғашқы деректерін ауыстыру жолымен қоршаған ортаға жұмсалған ағымдық шығындарға қосылады.

5 5. Деректерді тарату және жариялау

77

77. Экологиялық шоттар бойынша және деректерді жариялау мен ақпараттарды ұсыну физикалық және құндық мәндерде кесте түрінде бөлек, сондай-ақ кешенді физикалық және құндық деректері бар, ақпарат келісілген форматта ұсынылған, деректерді аралас форматта (гибридтік кесте түрінде) ұсыну қарастырылған. Деректерді ұсыну белгілі бір тақырып бойынша (мысалы, атмосфераға шығарындылар, қалдықтар және қоршаған ортаға жұмсалған шығындар) ақпараттың кең спекторын қамтиды, түрлі тақырыптар бойынша ақпаратты салыстырады, сондай-ақ физикалық болсын, құндық болсын деректерді қолданатын көрсеткіштерді шығарады.

78

78. ҰШЖ экологиялық шотты құрастыру кезінде қолданылатын жалпымемлекеттік статистикалық байқау негізінде қалыптастырылатын ақпарат алдын ала бекітілген ақпаратты шығару мерзіміне сәйкес жарияланады. Ақпарат барлық пайдаланушылар үшін бір уақытта Комитеттің интернет-ресурсында статистикалық бюллетендер, жедел-ақпараттар, баспасөз хабарламалары және жинақтар түрінде орналастырылады.
Әкімшілік деректер негізінде қалыптастырылатын статистикалық ақпарат мемлекеттік органдардың интернет ресурстарында жарияланады.
Жарияланымда пайдаланушылар үшін қысқаша әдіснамалық түсініктемелер қоса шығарылады.

1 ЭЭЕЖ деректер ағынының жүйесі

Ұлттық шоттар жүйесінде экологиялық
шоттарды құрастыру үшін қажетті
алғашқы көрсеткіштерді қалыптастыру
бойынша әдістемеге
1-қосымша
ЭЭЕЖ деректер ағынының жүйесі
(алғашқы деректерден шоттарға)

2 Ұлттық шоттар жүйесінде экологиялық

шоттарды құрастыру үшін қажетті
алғашқы көрсеткіштерді қалыптастыру
бойынша әдістемеге
2-қосымша

3 Жол көліктері үшін үнсіз келісім бойынша CO₂, N₂O и CH4 шығарындылар коэффициенттері

Ұлттық шоттар жүйесінде экологиялық
шоттарды құрастыру үшін қажетті
алғашқы көрсеткіштерді қалыптастыру
бойынша әдістемеге
3-қосымша
Жол көліктері үшін үнсіз келісім бойынша CO₂, N₂O и CH4 шығарындылар коэффициенттері
Жол көліктері үшін үнсіз келісім бойынша CO₂, N₂O и CH4 шығарындылар коэффициенттері
және белгісіздік диапазондары
Отынның түрі
Үнсіз келісім бойынша (кг/ТДж)
Төменгі
Жоғарғы
Автомобиль бензині
69 300
67 500
73 000
Бензин/ дизель отыны
74 100
72 600
74 800
Сұйылтылған мұнай газы
63 100
61 600
65 600
Керосин
71 900
70 800
73 700
Майлау материалдары
73 300
71 900
75 200
Сығылған табиғи газ
56 100
54 300
58 300
Сұйылтылған табиғи газ
56 100
54 300
58 300
Жол көліктері үшін үнсіз келісім бойынша N₂O и CH4 шығарындылар коэффициенттері
Отынның түрі /
Көлік құралдарының репрезентативті санаты
CH4
(кг/ТДж)
N₂O
(кг/ТДж)
Үнсіз келісім бойынша
Төменгі
Жоғарғы
Үнсіз келісім бойынша
Төменгі
Жоғарғы
Автомобиль бензині –  бақыланбайтын
33
9,6
110
3,2
0,96
11
Автомобиль бензині – тотығу катализаторы
25
7,5
86
8,0
2,6
24
Автомобиль бензині – жүріп өткен жолы аз жеңіл жүк көлігі, 1995 жылғы немесе кейін өндірілген
3,8
1,1
13
5,7
1,9
17
Бензин/ дизель отыны
3,9
1,6
9,5
3,9
1,3
12
Табиғи газ
92
50
1540
3
1
77
Сұйылтылған мұнай газы
62
нд
нд
0,2
нд
нд
Этанол, жүк көлігі, АҚШ
260
77
880
41
13
123
Этанол, автомобильдер, Бразилия
18
13
84
нд
нд
нд

4 Тұрақты өртеу үшін үнсіз келісім бойынша CO₂, N₂O и CH4 шығарындылар коэффициенттері

Ұлттық шоттар жүйесінде экологиялық
шоттарды құрастыру үшін қажетті
алғашқы көрсеткіштерді қалыптастыру
бойынша әдістемеге
4-қосымша
Тұрақты өртеу үшін үнсіз келісім бойынша CO₂, N₂O и CH4 шығарындылар коэффициенттері
Ком­му­нал­дық/ауыл/ор­ман/ба­лық ша­ру­а­шы­лы­ғы және ба­лық өсі­ру­ші­лік са­нат­та­рын­да­ғы
Тұ­рақ­ты өр­теу үшін үн­сіз ке­лі­сім бой­ын­ша шы­ға­рын­ды­лар ко­эф­фи­ци­ент­те­рі
(тө­мен­гі жа­ну жы­луы негі­зін­де ТДж-ға пар­ник­тік га­з­дың кг)
Отын
CO₂
CH4
N₂O
Шы­ғар.
Ко­эфф. ҮКБ
Тө­мен­гі шек
Жо­ғар­ғы шек
Шы­ғар.
Ко­эфф. ҮКБ
Тө­мен­гі шек
Жо­ғар­ғы шек
Шы­ғар.
Ко­эфф. ҮКБ
Тө­мен­гі шек
Жо­ғар­ғы шек
Ши­кі мұ­най
73 300
71 100
75 500
10
3
30
0,6
0,2
2
Ори­муль­сия
r 77 000
69 300
85 400
10
3
30
0,6
0,2
2
Сұй­ы­л­ты­л­ған  та­би­ғи газ
r 64 200
58 300
70 400
10
3
30
0,6
0,2
2
Бен­зин
Ав­то­бен­зин
r 69 300
67 500
73 000
10
3
30
0,6
0,2
2
Авиа­бен­зин
r 70 000
67 500
73 000
10
3
30
0,6
0,2
2
Ре­ак­тив­ті қоз­ғалт-қы­штар­ға ар­нал­ған бен­зин
r 70 000
67 500
73 000
10
3
30
0,6
0,2
2
Ре­ак­тив­ті қоз­ғалт-қы­штар­ға ар­нал­ған ке­ро­син
r 71 500
69 700
74 400
10
3
30
0,6
0,2
2
Ке­ро­син­ның б.т.
71 900
70 800
73 700
10
3
30
0,6
0,2
2
Тақ­тас майы
73 300
67 800
79 200
10
3
30
0,6
0,2
2
Га­зойль/Диз.
отын
74 100
72 600
74 800
10
3
30
0,6
0,2
2
Өр­тен­гіш ма­зут
77 400
75 500
78 800
10
3
30
0,6
0,2
2
Сұй­ы­л­ты­л­ған мұ­най га­зы
63 100
61 600
65 600
5
1,5
15
0,1
0,03
0,3
Этан
61 600
56 500
68 600
5
1,5
15
0,1
0,03
0,3
Наф­та
73 300
69 300
76 300
10
3
30
0,6
0,2
2
Би­тум
80 700
73 000
89 900
10
3
30
0,6
0,2
2
Май­лау ма­те­ри­ал­да­ры
73 300
71 900
75 200
10
3
30
0,6
0,2
2
Мұ­най кок­сы
r 97 500
82 900
115 000
10
3
30
0,6
0,2
2
Қай­та өң­дел­ген мұ­най ши­кі­за­ты
73 300
68 900
76 600
10
3
30
0,6
0,2
2
Бас­қа да мұ­най өнім­де­рі
Мұ­най за­уыт­тық газ
n 57 600
48 200
69 000
5
1,5
15
0,1
0,03
0,3
Қат­ты
па­ра­фин­дер
73 300
72 200
74 400
10
3
30
0,6
0,2
2
Уайтс­пи­рит және СОТК
73 300
72 200
74 400
10
3
30
0,6
0,2
2
Бас­қа мұ­най өнім­де­рі
73 300
72 200
74 400
10
3
30
0,6
0,2
2
Ан­тра­цит
98 300
94 600
101 000
300
100
900
1,5
0,5
5
Кокс. кө­мір
94 600
87 300
101 000
300
100
900
1,5
0,5
5
Би­тум­ды кө­мір­дің бас­қа түр­ле­рі
94 600
89 500
99 700
300
100
900
1,5
0,5
5
Жар­ты­лай би­тум­ды кө­мір
96 100
92 800
100 000
300
100
900
1,5
0,5
5
Лиг­нит
101 000
90 900
115 000
300
100
900
1,5
0,5
5
Жан­ғыш тақ­та­тас және би­тум құ­мы
107 000
90 200
125 000
300
100
900
1,5
0,5
5
Бри­кет­тел­ген
қо­ңыр кө­мір
n 97 500
87 300
109 000
n 300
100
900
1,5
0,5
5
Па­тент­тел­ген  отын
97 500
87 300
109 000
300
100
900
1,5
0,5
5
Кокс
Пеш және
лиг­нит кок­сы
r 107 000
95 700
119 000
300
100
900
n 1,5
0,5
5
Га­з­ды
кокс
r 107 000
95 700
119 000
r 5
1,5
15
0,1
0,03
0,3
Кө­мір қа­ра­майы
n 80 700
68 200
95 300
n 300
100
900
r 1,5
0,5
5
Туын­ды га­з­дар
За­уыт­тық
газ
n 44 400
37 300
54 100
5
1,5
15
0,1
0,03
0,3
Кок­стық газ
n 44 400
37 300
54 100
5
1,5
15
0,1
0,03
0,3
Дом­на га­зы
n 260 000
219 000
308 000
5
1,5
15
0,1
0,03
0,3
Бал­қы­ту пеш­те­рі­нің от­тек га­зы
n 82 000
145 000
202 000
5
1,5
15
0,1
0,03
0,3
Та­би­ғи газ
56 100
54 300
58 300
5
1,5
15
0,1
0,03
0,3
Тұр­мыстық қал­дық­тар
(био­ло­ги­я­лық емес
фрак­ци­я­лар)
n 91 700
73 300
121 000
300
100
900
4
1,5
15
Өн­ді­ріс қал­дық­та­ры
n 143 000
110 000
183 000
300
100
900
4
1,5
15
Мұ­най қал­дық­та­ры
n 73 300
72 200
74 400
300
100
900
4
1,5
15
Шым­те­зек
106 000
100 000
108 000
n 300
100
900
n 1,4
0,5
5
Қат­ты отын
Сү­рек/сү­рек
қал­дық­та­ры
n 112 000
95 000
132 000
300
100
900
4
1,5
15
Са­қар
(Қа­ра
са­қар)
n 95 300
80 700
110 000
n 3
1
18
n 2
1
21
Ал­ғаш­қы қат­ты био­мас­са­ның бас­қа түр­ле­рі
n 100 000
84 700
117 000
300
100
900
4
1,5
15
Ағаш кө­мі­рі
n 112 000
95 000
132 000
200
70
600
1
0,3
3
Сұй­ық отын
Био­бен­зин
n 70 800
59 800
84 300
10
3
30
0,6
0,2
2
Био-ди­зо­ты­ны
n 70 800
59 800
84 300
10
3
30
0,6
0,2
2
Сұй­ық био отын­ның бас­қа түр­ле­рі
n 79 600
67 100
95 300
10
3
30
0,6
0,2
2
Био­газ
Газ ор­га­ни­ка­лық қал­дық­тар­дан
n 54 600
46 200
66 000
5
1,5
15
0,1
0,03
0,3
Кә­різ жүй­е­сі­нің га­зы
n 54 600
46 200
66 000
5
1,5
15
0,1
0,03
0,3
Бас­қа био­га­з­дар
n 54 600
46 200
66 000
5
1,5
15
0,1
0,03
0,3
Өзге де
Тұр­мыстық қал­дық­тар
(био­мас­са фрак­ци­я­сы)
n 100 000
84 700
117 000
300
100
900
4
1,5
15

5 Ұлттық шоттар жүйесінде экологиялық

шоттарды құрастыру үшін қажетті
алғашқы көрсеткіштерді қалыптастыру
бойынша әдістемеге
5-қосымша

6 Ұлттық шоттар жүйесінде экологиялық

шоттарды құрастыру үшін қажетті
алғашқы көрсеткіштерді
қалыптастыру бойынша
әдістемеге 6-қосымша

Қолданыстағы