Құжат мәтініне өту

Об определении перечня должностей специалистов в области социального обеспечения, образования, культуры, спорта и ветеринарии, являющихся гражданскими служащими и работающих в сельской местности

Қаулы · № 330 · қабылданған 14.10.2016
Заңдық күші: Күшін жойған · 19.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-107498/on/2026-08-19/
Басып шығарылды 2026-08-19 · adilet.kz
Об определении перечня должностей специалистов в области социального обеспечения, образования, культуры, спорта и ветеринарии, являющихся гражданскими служащими и работающих в сельской местности Күшін жойған Қаулы ·№ 330 ·14.10.2016
03.09.2018 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
19.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 03.09.2018. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об определении перечня должностей специалистов в области социального обеспечения, образования, культуры, спорта и ветеринарии, являющихся гражданскими служащими и работающих в сельской местности

Күшін жойған Қаулы ·№ 330 · 19.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об определении перечня должностей специалистов в области социального обеспечения, образования, культуры, спорта и ветеринарии, являющихся гражданскими служащими и работающих в сельской местности
Атауы (қаз.)
Азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық елді мекендерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
330
Қабылданған күні
14.10.2016
Көрсетілген редакция
03.09.2018 107498_362266.kaz
Соңғы өзгеріс
03.09.2018
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V16VI004736
ЭКБ идентификаторы
107498
Редакция идентификаторы
107498_362266
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 07:31

0 Азаматтық қызметші болып табылатын

және ауылдық елді мекендерде жұмыс істейтін
әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет,
спорт және ветеринария саласындағы
мамандар лауазымдарының
тізбесін айқындау туралы
Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек кодексінің 18 бабы 2) тармақшасына, 139 бабы 9 тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31 бабы 2 тармағына сәйкес, Глубокое ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық елді мекендерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі айқындалсын.

2 2. Осы қаулының орындалуын бақылау Глубокое ауданы әкімінің орынбасары А.П. Брагинецке жүктелсін.

3 3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

КЕЛІСІЛДІ:
Глубокое аудандық мәслихаттың хатшысы
А. Баймульдинов
«17» қазан 2016 жыл

4 Азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық елді мекендерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі

Глубокое ауданы әкімдігінің
2016жылғы 14 қазан
№ 330
қаулысына қосымша
Азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық елді мекендерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі

1 1. Әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы мамандарының лауазымдары:

үйдегі әлеуметтік көмек бөлімінің меңгерушісі, бағалау және арнайы әлеуметтік қызмет қажеттіліктерін анықтайтын әлеуметтік жұмыс бойынша әлеуметтік қызметкер, күтім жөніндегі әлеуметтік қызметкер, әлеуметтік жұмыстың маманы, әлеуметтік жұмыс жөніндегі кеңесші.

2 2. Білім беру саласындағы мамандарының лауазымдары:

мемлекеттік мекеменің және қазыналық кәсіпорынның басшысы және басшының орынбасары, мектепке дейінгі мемлекеттік мекеменің және қазыналық кәсіпорынның басшысы, қосымша білім беру мемлекеттік мекеменің және қазыналық кәсіпорынның басшысы, әдістемелік кабинет меңгерушісі, шеберхана меңгерушісі, лагерь меңгерушісі, кітапхана меңгерушісі, музыка жетекшісі, көркемдік жетекші, барлық мамандағы мұғалімдер, оқытушы, педагог, педагог-психолог, қосымша білім педагогы, ұйымдастырушы педагог, әлеуметтік педагог, зертханашы, тәлімгер, тәрбиеші, әдіскер, хареограф, кітапханашы, шебер, концертмейстер, сүйемелдеуші, логопед, алғашқы әскери дайындық оқытушысы ұйымдастырушы, дене шынықтыру жөніндегі нұсқаушысы.

3 3. Мәдениет саласындағы мамандарының лауазымдары:

мемлекеттік мекеменің басшысы, мәдениет үйінің директоры, әдіскер, үйірме жетекшісі, музыка жетекшісі, көркемдік жетекші, сүйемелдеуші, хареограф, мәдени ұйымдастырушы, суретші, мұражай қорларын сақтаушы, кітапханашы, библиограф.

4 4. Спорт саласындағы мамандарының лауазымдары:

коммуналдық мемлекеттік мекеменің басшысы,оқу ісі бойынша басшының орынбасары, әдіскер нұсқаушы, жаттықтырушы.

5 5. Ветеринария саласындағы мамандарының лауазымдары:

коммуналдық мемлекеттік кәсіпорынның басшысы және орынбасары, мал дәрігері, мал фельдшері, ветеринарлық фельдшер, ветеринарлық техник.

Қолданыстағы